Компьютерлік техникада жұмыс істеудің санитарлық - гигиеналық жұмыс істеу нормалары

11-ДӘРІС

Тақырыбы:             Компьютерлік техникада жұмыс істеудің  санитарлық - гигиеналық жұмыс істеу нормалары

Мақсаты:                   Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптармен таныстыру.

ЕТК-н ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар

ЕТК-де ДЭЕМ  мен жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып, ауаның  құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.

ЕТК-гі шаңды азайту үшін:

3) сырт аяқ киімін ЕТК-де алмастыру қажет;

4) ЕТК-ның кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;

5) Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімнің столындағы ДЭЕМ-ға жалғастырылған демонстрациялық телевизорды пайдалануға болады.

ЕТК-нің жарықтылығын түстермен және жарықпен реттеуге болады.

Видеомонитор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны дұрыс.

Сынып тақтасының  түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінген шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек. Қара түсті шторды терезеге құруға болмайды. ЕТК-гі ДЭЕМ-ға жеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге рұқсат етілмейді.

Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400-500 люкс болуы керек. Ауаның температурасы - 19-210С, салыстырмалы ылғалдылығы –

62-55%, ауаның қозғалыc жьлдамдығы - 0.1 м/с болуы тиic. Кабинеттегi микроклиматы - сақтау үшiн күн радиациясы тiкe түспейтiн жаққа (солтүстiк солтүстiк шығыс) орналастыру қажет. Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшiн қыздырғыш құралдардың тұсына үлкен көлемдi аквариумдарды орналастыруға болады.

ЕТК-і жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін кабинеттің ауасын есік-терезе арқылы желдетіп тұру қажет. Желдету уақыты 10 минуттан кем болмауы тиіс. Ауаны тазартудың басқа жолы терезеге орналастырылған кондиционер арқылы ауа алмастыруға болады. ЕТК-гі ауа алмасу кабинеттің ауданы мен квадратурасына байланысты.

ЕТК-ның жұмысын ИЕТН оқытушыларының бірі басқарады, ол кабинеттің жабдықталуын, оқушылар мен мұғалімдердің ИЕТН пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.

Оқушылардың ДЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі отыруына  қойылатын талаптар.

ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде оқушы санитарлық гигиеналық талаптарға сай отыруы тиіс. Стол мен орындық оқушының бойының ұзындығына сай талдауы қажет. Орындық столдан 3-5 см ішке еніп тұруы, оқушының басы 5-7º бұрышқа иіліп тұруы тиіс.

Оқушы тік отырған жағдайдағы оқушының көзі экранның центрінің тұсында болуы қажет. Монитор экранындағы символдарды көру бұрышы 20 бұрыштық минуттан кем болмауы керек. ДЭЕМ – экранындағы символдарды көру қашықтығы – 0,6-0,7 м аралығында болуы тиіс.

Оқушылардың жұмыс орны дербес ЭЕМ-мен жабдықталған 1 үстелден және биіктігі өзгертілетін, айналмалы орындықтан тұрады. Дербес компьютер, оқулық орналасатын және оқулықпен жұмыс істеуге арналған үстел бетінің өлшемі 1300х700мм болуы керек. Оқушы үстелінде ДК барлық құрылғыларымен орнатылады. Пернетақтаның алдында 30см ендікте дәптер қоятын және жауырынның бұлшық еттеріне күш түспес үшін шынтақты тіреп отыратын орын болуы тиіс. Монитор қойылатын үстел беті жазық, ал пернетақта орналасатын үстел беті көлбеу (120-150 бұрышқа) болу керек. Үстел жиегінің және орындықтың биіктігі бейнемонитормен жұмыс істеп отырған оқушы бойына сәйкес қойылуы керек. Үстелдерге ток көзі мен жергілікті желі кабельдері жүргізіледі. Информатика кабинеті үшін ток көзінің жалпы электрлік кескіні есептеуіш техникасының құжаттарына сай қондырылады. Еден беті тегіс, ой-шұңқырсыз, сырғанамайтын және оңай тазаланатын антистатикалық қасиеттері болуы қажет.  

  Мұғалімнің жұмыс орны үстелмен және басу құрылғысы мен мультипроектор қоятын 2 тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700мм. Тумбаның магниттік тасымалдаушысы, күнделікті сабаққа қажетті транспаранттар салынатын 350х500х100мм өлшемдегі 1-2 жәшігі болуы керек. Компьютерлік үстелдің дәптер, сыныптық журнал және т.б. салынатын қалташасы болады. Сабақ барысында оқушылардың жұмыс орындарына электр желілерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізуі қажет.

  Информатика кабинетіндегі компьютерлердің орналасуы сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың емін-еркін жүріп-тұруына ыңғайлы болуы қажет. Дербес компьютерлердің жұмыс орындарының орналасуы 3 вариантта болуы мүмкін:

1.      Жағалай (периметрлік);

2.      Қатарлық (1-3 қатар);

3.      Орталық.

  Оқушылардың және мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электрмен жұмыс жасау қауіпсіздігі және тұрақты жарықтандыру деңгейі тұрғысынан алғанда ДК-де жұмыс істеу орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.

Жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы бойынша келесідей қашықтықтар белгіленген:

·         Информатика кабинетінің ені бойынша: терезе жақтаулары бар қабырғалардан үстелдер кем дегенде 0,8м қашықтықта орналасуы керек. Терезе жақтауларына қарсы қабырғалар мен оған жағалай орналасқан ДК үстелдері 10см қашықтықта орналасуы керек, ал кейбір жағдайларда бейнемониторларға байланысты үстелдер мен қабырғалардың қашықтықтары өзгеруі мүмкін.

·         Информатика кабинетінің ұзындығы бойынша:  ДК-дің екі орындық үстелдері қатар қойылады. Бір орынды үстелдердің арасы ашылып қойылады, соған сәйкес үстелдердің арақашықтығы кабинет ауданы мен ондағы оқушылардың жұмыс орындарының санына байланысты болады.

  ДК-мен жұмыс істеу үстелдері жағалай орналасқанда, сабақтарға, оқушылардың білімін тексеруге, жазба бақылау жұмыстарын орындауға, дәптерде программа құру және есептер шығаруға арналған қажетті орындар оқушылардың санына байланысты оқушы үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталуы тиіс. Екі орынды оқушы үстелдері біріктіріліп қойылмайды (олардың ара қашықтығы кем дегенде 0,5м).

  Кабинетте оқыту құралдары мен жабдықтары бағдарлама бөлімдері бойынша орналастырылады. Демонстрациялық көрнекіліктер және өздік жұмыстарға арналған құралдар бөлек сақталады. Информатика кабинетіндегі оқыту көрнекілік құралдары мен жабдықтары шкафтарда сақталады, ол лаборант бөлмесінде сақталуы да мүмкін.

         Информатика кабинетінде құрал-жабдықтар мен мұғалімнің жұмысын жеңілдететін әдістемелік картотека және сабақ өткізуге дайындық құралдарының тізімі болады.

       Информатика кабинетіндегі жұмыстарды ұйымдастыру

  Информатика кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстарын кабинеттегі құрал-жабдықтарға жауап беретін, информатика курсында компьтерлік технологияны оқу үрдісінде және жалпы білім беру пәндерінде оқушылардың қолдануын, ондағы мұғалімдер жұмысын ұйымдастыратын информатика мұғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.

  Кабинет меңгерушісі:

¨            Кабинеттегі жабдықтардың сақталуына;

¨            Инвентаризациялық тіркеу журналын жүргізуге;

¨            Құрылғылардың әрдайым дайын болуына, есептеуіш техниканың техникалық қызмет көрсетілуінің өз уақытында тыңғылықты орындалуына, машиналардың істен шығуын тіркеп отыру, оларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын реттеуге;

¨            Апатты жағдайларда өрттен сақтану және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету құралдарының дайын болуына;

¨            Оқушыларға техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе және деңгейлі нұсқаулардың өтілуін қадағалауға;

¨            Оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына;

¨            Сабақ басталғанда және аяқталғанда журналдың дұрыс тіркелуін қадағалау, электр көзіне қосуға және ажыратуға жауапты.

  Оқушылар информатика кабинетіне алғаш кірген күні мұғалім оларды бойына, есту және көру жағдайына байланысты жұмыс орынын бекітіп беру керек, сонымен қатар техника қауіпсіздігі мен онда жұмыс істеу ережесімен таныстыру керек. Оқушылар жұмыс орнының реттілігіне және ондағы орналасқан құрылғыларға жауап береді.

  Оқушылар техника қауіпсіздігі және жұмыс жасау ережесі бойынша сынақтан өтіп, «Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша нұсқаудан өткізу мен оны тіркеу журналы» атаулы журналға белгілену керек. Онда нұсқаудан өткен күні және сынақтан өткені туралы белгі, нұсқауды өткізген мұғалімнің аты-жөні, сынақтан өткен оқушының аты-жөні, сынақтан өткен оқушының аты-жөні және нұсқаудың мазмұны берілген. Бұл мәліметтерді мұғалім бекітіп қол қояды.

             

Бақылау сұрақтары

1.      ЕТК-де жүргiзiлетiн сабақтар;

2.      ЕТК - дегi дербес компъютердiң (ДК) орналасуына және жабдықталуьна қандай талаптар қойылады?

3.      ЕТК-н ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар қандай?

Негізгі әдебиеттер:              [3, 4, 5, 6, 14, 17]

Қосымша әдебиеттер:       [22, 28, 29]


Ұқсас жұмыстар

Мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын зерттеу
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Информатика сабақтарын әзірлеу
Компьютерлік технологиялардың құрал ретінде пайдаланылуы
Иондаушы сәулелердің негізгі гигиеналық нормалары
Қазынаны іздеу алгоритмі
Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Денсаулықтың гигиеналық негіздері