2-тақырып. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі

Дәрістің мақсаты: Адамзат дамуының негізі- материалдық және рухани игіліктерді өндіру. Қоғамның қажеттілігі шексіз, ал ресурстар шектеулі, сондықтан да бұл тақырыпта негігі өндіріс факторлары, ресурстардың шектеуліілгі таңдау мүмкіндігін береді.Сол себепті негізгі мақсатымыз өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануды оқыту.

1.Қоғам өміріндегі өндірістің ролі. Өндіріс ресурстары мен факторлары.

2.Экономикадағы таңдау мәселесі. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы.

3.Меншіктің маңызы мен формалары.

1.Қоғам өміріндегі өндірістің ролі. Өндіріс ресурстары мен факторлары.

                                                                                Қоғамдық өндіріс

image

                                                Материалды                                        Материалдық емес

Схема 1. Қазіргі қоғамдық өндірістің құрылымы.

Қазіргі қоғамдық өнідрііс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес өндіріс салаларына бөлінеді. Оларда ерекше материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар) жасалады, сондай-ақ  материалдық емес қызмет көрсету  -денсаулық сақтау, білім, ғылым, әмдениет, спорт және  басқаларыда бар және  бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған.

Бүгінгі   кезде  қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр: 1) өндірістің тиімділігін арттыру, ә) өндірістің экологиясын сауықтыру, б)  гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға  бір қалыпты жағдай жасау. Бұл мәселелер ХХІ ғасырдың негізгі проблесмалары болып табылады.

Өнідіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өндіріс процесі  тек қана үш факторлардың – адамның  жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара  іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы  мүмкін.

Жұмыс күші – бұл адамның  дене және  рухани  қабілеттілігінің жиынтығы және  оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде  қолданады.

Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады.

Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәселер.

Еңбек заты мен құрал-саймандар бірге  құрал жабдықтарын құрайды.

Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер – бұл  өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек  құралдары, сонымен қатар материалдық  игіліктерді өндіретін адамдар.

Маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер табиғи фактор  ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды  жерлер және т.б. жатады.

Капитал – бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.

Еңбек  адамның  ақыл – ой және дене қызметтердің көрсетеді.

Кәсіпкерлік  қабілеттілік – арнайы  өнідріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталықты және тәуекелдікті көрсетеді.

Батыстық қазіргі  эконмоикалық теория мектептері, жоғарыда аталған  өндіріс  факторларынан басқа, ақпараттық эконмоикалық  және экологиялық факторлардыда қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсы ретінде жүзеге асады.

Өндіріс процесінде   адамдар бір-бірімен қатынасқа болады. Бірақ, бұл қатынастар әртүрлі  болады. Бір  жағынан,  бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық - өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндіріс, яғни  экономикалық қатынастар.  Олар  мешік  сипатымен,  меншік қатынастарымен анықталады.

       Қоғамдық  өндіріс  дәстүрлі  түрде  тек  қана  материалдық  ұдайы  өндіріс  саласын   қамтиды:

1.     өндіріс  құрал – жабдығының  өндірісі;

2.     тұтыну  заттарының  өндірісі.

Адам – қоғамның  басты  өндіргіш  күші.

Ұдайы өндірісті екі типке бөліп қарастырады: жай және ұлғаймалы.

Жай  ұдайы  өндірісте  өндіріс  процесі  бұрынғы  өзгермеген  ауқымда  қайталанады  және  жаңғырады. Бұл  жағдайда  барлық  қосымша  өнім  өзіндік  тұтынуға  жұмсалады. Ұлғаймалы  ұдайы  өндірісте  өндіріс  процесі  кобейген  мөлшерде  қайталанады  және  жаңғырады. Бұл  жағдайда  қосымша  өнімнің  бір- бөлігі  өндірісті  ұлғайтуға  жұмсалса, келесі бөлігі – тұтынуға  жұмсалады.

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс екі типте болады: экстенсивті және интенсивті. Экстенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс бұрынғы техникалық негіздегі өндіріске қосымша еңбек пен материалдық – заттай ресурстарды қосу арқылы жүзеге асады, бірақ жұмыскерлердің біліктілік деңгейі бұрынғыша қалады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті түрі принципті тұрғыдан мүлде өзгеше болмақ. Экстенсивтіге қарағанда, интенсивті түрінде өндіріс өте тиімдірек, техникалық жағынан жетілген өндіріс құрал-жабдығымен және кәдімгідей білікті кадрларды қолдану арқасында жүзеге асады.

2.Экономикадағы таңдау мәселесі. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы.

Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері. Экономикалық  ресурстар – бұлда өндіріс факторы, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді.

Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады. Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы- ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді. Ол әртүрлі тауарлардың арасындағы таңдау қажеттілігін көрсетіп, экономикалық мәселенің мәнін бейнелейді.

Мүмкіндіктер

Май өндіру (мың кг)

Зеңбірек өндіру

(мың дана)

А

В

С

D

E

F

15

14

12

9

6

0

0

1

2

3

4

5

 «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады.

Франсуа Кенэ «Экономикалық кесте»деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі ролінің басымдығын көрсеткен. Уильям Петтидің «еңбек-байлықтың атасы,жер-оның анасы»деген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге әлі жойған жоқ.К.Маркстың тұжырымдамасы бойынша,меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді.Меншік-бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру,бөлу,айырбастау,тұтыну процесі.

     Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектептің өкілдері, Рональд Коуз және Армен Алчиан қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель,Г.Демесц, Д.Нарт, Р.Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің  жалғасын тапты.

     Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен тұрады:

1.иелену                                                                                 

2.пайдалану

3.басқару

4.табысқа деген құқық

5.егеменділік

6.қауіпсіздік

7.игілікті мұрагерге беру

8.игілікті иеленудегі мерзімсіздік

9.сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістарді қолдануға қарсылық жасау

10.жауапкершілікке жазалау түрін қолдану

11.қалдықты сипат.

Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:

а)иелену

ә)пайдалану

б)бөлу

Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі.

Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген  (еңбекке негізделген және еңбекке негізделмеген) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық, акционерлік, кооперативтік түрде-меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.Көптеген елдерде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған.

Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады.Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.

«Жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

  Жекешелендіру мақсаты:

-         өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру.

-         мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық

құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.

Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты, екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дан астам болды.

Ұлттық бағдарламаға сай Қазакстан Республикасында мемлекет иелігінен меншікті алу мен жекешелендіру үш  кезеңде жүргізілді:

-         бірінші кезең 1991-1992 жылдар;

-         екінші кезең 1993-1995 жылдар;

-         үшінші кезең 1996-шы жылдан басталып, 1998-ші жылдың бірінші жартысына дейін созылады.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

-         шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

-         бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

-         шағын және орта бизнесті дамыту;

-         шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық-шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

-         бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

Жекешелендірудің төмендегідей тәсілдерін айтуға болады:

а) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады.

ә) бәсекелестік – таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;

б) кәсіпорын акциясын тұрғындарға беру;

в) купондық тәсіл.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Өндіріс  дегеніміз не және  оның қандай ресурстары мен   факторлары бар?

2.Материалдық және материалдық емес өндірістің өзара әсері қалай жүзеге асады?

3. Қоғамдық өндіріс тиімділігінің экономикалық  көрсеткіштерінің қандайы сізге белгілі?

4.Жекешелендіру мен мемлекеттен алу процесінің мәнісі неде?

5.Дамыған елдердегі жекешелендірудің өтпелі экономикадағы ерекшелігі қандай?

6.Сізге жекешелендірудің қандай моделі мен тәсілі белгілі

7.Өтпелі экономикадағы жекешелендірудің экономикалық және әлеуметтік нәтижесі қандай? 


Ұқсас жұмыстар

«Микроэкономика» пәні бойынша лекциялық курс
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
Экономикалык теория бойынша дәрістер
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Статистика пәнінен оқу-әдістемелік жиынтық
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Меншік саяси - экономикалық категория ретінде
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайында