Бақылау жұмысын орындауға әдістемелік нұсқау
Студент бақылау жұмысын ұсынылған әдебиеттермен танысқаннан кейін орындауы тиіс.
Бақылау жұмысын орындауда оның дұрыс толтырылуына қойылатын талаптар сақталуы қажет. Бұл жұмыс түсінікті жазылып, онда келтірілген цитаталар ұсынылған әдебиеттерге нұсқаулармен жабдықталуы керек. Бақылау жұмысы 12 беттік дәптердің беттерін қамтып, сыртқы беті дұрыс толтырылады ( электронды нұсқа да қабылданыды).
Дәптердің 1-ші бетінде жұмыстың жоспары жазылып, әр бөлімнің беттері көрсетіледі. Беттер сандармен номерленеді. Жұмыстың аяғында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетіліп, ең соңғы бет рецензия жазуға бос қалдырылады.
Бақылау жұмысын бағалау барысында алдымен студент жаңа материалдарды пайдалана отырып өз бетімен жұмыс істеп, тақырыпты дұрыс аша білуі ескеріледі.
Бекітілген уақытқа дейін студент өз жұмысын рецензиялатуға институтқа тапсырады. Бақылау жұмысын рецензиялаушының нұсқаумен қайтадан толықтырып, түзетіп тапсыру барысында, студент бірінші жазған бақылау жұмысы мен оған берілген рецензияны да тапсыруы керек. Студентке бақылау жұмысын орындау қиындық туғызса, педагогика кафедрасынан кеңес алуға болады.
Студент тегінің бірінші әріпі мен жеке шифрының соңғы санын алып көрсетілген кесте бойынша өзінің сұрағының санын белгілейді.
Студент тегінің 1-ші әріпі |
Жеке шифрының соңғы саны |
|||||||||
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
А,Ж,Н,У,Д,Е,Ч. |
1 |
17 |
33 |
25 |
5 |
29 |
37 |
4 |
39 |
40 |
Б,З,О,Ф,Ы,Л,Ш |
31 |
23 |
8 |
6 |
22 |
19 |
12 |
18 |
20 |
7 |
В,И,П,Х,Я,М,С |
24 |
11 |
26 |
2 |
35 |
13 |
9 |
16 |
27 |
30 |
Г,К.Р,Ц,Т,Щ. |
36 |
32 |
14 |
34 |
10 |
3 |
21 |
38 |
28 |
15 |
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
· Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
· Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
· Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
· Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
· Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
· Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
· Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
· Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
Беттердің рет саны
Өндірістік оқыту әдістері
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау
«iс жүргiзу корреспонденциясы» пәні бойынша бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Мектеп директорының қызметтік міндеттері
Өндірістік сабақтарың ұйымдыстыру
Психологиялық қызметтің дамуы
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау