Дәріс

Дәріс №9-10. Мәліметтер қоры қолданбаларының архитектурасы. Мәліметтердің жиынтығы.

Қарастырылатын сұрақтар:

-        Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс

-        Мәліметтер модулі.

-        Мәліметтер жинағын қосу.

-        TData Source  енетін баптау.

-        Мәліметтерді бейнелеу.

-        Мәліметтердің абстрактілі жиынтығы.

-        Стандартты компоненттер.

-        Кесте компоненті.

-        Сұраныс компоненті.

-        Сақтаулы процедура компоненті.

Мәліметтер көзі. МҚБЖ-нің экрандық элементтері Windows-тің қарапайым басқару элементтеріне ұқсайды. Олар кестенің өрістеріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған. Оны TADOTable компонентіне бірден қосуға болады. Бірақ Delphi7 жүйесінде орталық деңгейде қолданылатын TDataSource(Мәліметтер көзі) компоненті құрылған.

Мәліметтер жиыны

            Паскаль-да мәліметтер қорындағы ақпарат TDataSet     класымен анықталады. Оның негізінде TADOTable компоненті құрастырылған. Осы компонент көмегімен жаңа жазуларды енгізу өте ыңғайлы.

            Мәліметтер жиыны TDataSet-пен жұмыс істеу кезінде мәліметтер жиынының көрсеткіші деген ұғым қолданылады. Ол қазіргі моментте қай жазудың қолданыста екенін көрсетеді. TDBGrid кестелерімен жұмыс істегенде кез келген уақытта тек қана бір жазуды өңдеуге болады. Кестеде жұлдызшамен белгіленеді және қолданыстағы болып есептеледі.

            Мәліметтер кестесі (TDBGrid) компоненті.     Кестедеге мәліметті енгізу, өңдеу, өшіру үшін программалық код жазудың қажеті жоқ. Бар жоғы DataControls(Мәліметтерді басқару элементтері) панелінің TDBGrid компонентін қалып үстіне орнатса болғаны. Оның DataSourse қасиетінде қажетті мәліметтер көзін таңдау керек.

            Навигатор компоненті (TDBNavigator). Бұл компонент DataSourse қасиеті арқылы TDBGrid байланысады. Бұл қасиеті бәрінде бірдей болатынын қадағалау керек. Навигатор көмегімен сіз кестеде алдыға, артқа, басына және аяғына, кестедегі жазылған мәліметтер мен жұмыс істеуге толықтыра айтқанда жолды өшіруге, қосуға және мәліметтерді сақтауға арналған.

Бұл компонентті олардың батырмасына тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет басқанда іске қосылады. Ол батырмалар онда 10:

First – бірінші жазуға (жолдағы) бару

Prior – алдындағы жазуға ауысу

Next – келесі жазуға ауысу

Last – ақырғы жазуға апару

Insert – қолданыста тұрған жолға жаңа мәліметтерді енгізу

Delete – қолданыста тұрған жолды өшіру

Edit – қолданыста тұрған жолды редактрлеу

Post – өзгертілген мәліметтерді немесе жазылған мәліметтерді  мәліметтер қорына сақтау

Cancel – өзгертілген мәліметтерді бастапқы қалпына қайтару

Refresh – кестені сақтау (Обновление)

Мәліметтер қорына жазу компоненті (TDBText)

Бұл компоненттің көмегімен мәліметтер қорындағы кестенің белгілі бір бағанындағы және көрсеткіш тұрған жолдағы мәліметке қатынас жасауға арналған. Бұл компоненттеде мәліметтерді алу орны DataSourse қасиетінен таңдайсыз, ал бағананы DataField қасиетінен таңдайсыз.

            Редактрлеу өрісі (TDBEdit). Бұл компонент ағымдағы жеке өрісті редактрлеуге арналған. Ал қасиеттерінде TDBText компонентіндегідеу қасиеттер бір ғана ReadOnly қасиеті арқылы редактрлеуге рұқсат бермеуге болады.

            Сурет қою компоненті (TDBImage). Компонент көмегімен мәліметтер қорында сақталған суреттерді шығаруға болады. Сурет автоматты түрде экранға шығады егер AuttoDisplay қасиеті True мәнін қабылдап тұрса. Ал керісінше жағдайда LoadMeme әдісімен шақыру керек. Мәліметтер қорындағы суреттер кеңейтілуі *.BMP болғаны дұрыс.

            Тізімі бар мәліметтер өрісі(TDBComboBox).    Бұл компонент мәліметті көрсетуге және өрістің жаңа мәнін ашылатын тізім ішінен таңдауға мүмкіндік береді. Енгізу облысында жазуды енгізу арқылы тізімдегі элементке тез баруға және онда жоқ элементті енгізуге болады. TDBComboBox-тан айырмашылығы Style қасиетінде. Ол тізімдегі элементтердің көрінуін басқарады. Қалған қасиеттері қарапайым TComboBox компонентінікіндей.

            Мәліметтер жалаушасы компоненті(TDBCheckBox). Бұл компонент мәліметтер қорының логикалық типтегі өрісінің мәнін қабылдайды және өзгертеді. Сондай-ақ, бұл компонентті кез келген 2 мән қабылдайтын өріспен де жұмыс жасауға болады.

            Мәліметтердегі ауыстырып-қосқыш тобы компоненті(TDBRadioGroup).         Өрістің шектелген мәндерін көрнекі түрде шығаруға арналған. Әрбір мәнге группадағы бір ауыстырып-қосқышты меншіктеуге болады. Ауыстырып-қосқыштардың тізімі Items(TStrings) қасиетіне жазылады. Оларға қатысты мәндер тізімі мына қасиетте сақталады Values(TStrings).

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтер көзі деген не?
  2. Мәліметтер кестесі (TDBGrid) компонентіне сипаттама бер.
  3. Навигатор компоненті (TDBNavigator) сипаттама бер.
  4. Редактрлеу өрісі (TDBEdit), сурет қою компоненті (TDBImage), тізімі бар мәліметтер өрісі(TDBComboBox) компоненттері не үшін керек?
  5. Мәліметтердегі ауыстырып-қосқыш тобы компоненті(TDBRadioGroup) не үшін керек?
  6. Мәліметтер жалаушасы компоненті(TDBCheckBox) жұмысын сипатта.


Ұқсас жұмыстар

Практикалық сабақ
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Дәріс - оқытудың басты формасы
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың қолданатын оқу методикасының тиімділігі