Пәннің мазмұны мен модулге бөлінуі

Пәннің мазмұны мен модулге бөлінуі

1 Модуль. Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары

1

Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық  ғылым ретінде. Педагогикалық білім  жүйесіндегі информатика курсын  оқыту  әдістемесі. Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясының жалпы мәселелері. Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орны.

2

Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы. Мектепте  информатиканы оқытудың  мақсаттары мен  міндеттері. Жалпы білім беретiн орта  мектепте  информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі  бөліктерінің жалпы  сипаттамасы

3

Информатика негіздерін  оқытуға қажетті құжаттар. Орта жалпы білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Информатика бойынша  жалпы  білім беру  стандартының функциялары мен орны. Стандарттың негізгі құрылымы және негізгі бөліктері.

4

Жалпы орта білім беретін мектептерде информатиканы оқыту тұжырымдамалары. Информатиканы үздіксіз оқытудың үшкезендік құрылымы.

5

Бастауыш  мектептегі  информатиканың кіріктіріліп  оқытылуы. Бастауыш мектепте информатиканың кіріктіріліп  оқытылудың қажеттілігі. Оның мақсаттары мен міндеттері.

6

Мектептің информатика курсы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау. Негізгі  бағдарламаларға және мектеп  информатика курсы бойынша  оқулықтарға  талдау жасау. Орта мектептегі  информатика  курсын бағдарламалық қамтамасыз  ету. Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі. Оқыту  мақсатындағы  компьютерлік  оқу құралдарын  жасау кезеңдері

7

Информатика кабинетінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Мектептегі информатика  кабинетіне қойылатын негізгі талаптар. Кабинетті жабдықтау және оған қызмет ету.  Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника кауіпсіздігіне қойылатын  талаптар. Компьютерлік техникада  жұмыс істеудің санитарлық- гигиеналық жұмыс істеу  нормалары.

8

Информатика курсы  бойынша  оқу  үрдісін  жоспарлау. Оқу үрдісінін тақырыптық жоспары және сабақ жоспары. Сабақтың конспектісі және оның құрамы. Сабақтың  дидактикалық мақсаты және оның қорытынды нәтижесі. Информатика сабағының құрылымы, оған қойылатын талаптар.

9

Орта мектептегi информатика курсының мазмұны. Мектептегі оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орны

10

Информатиканы оқыту әдістеріне шолу. Орта мектепте  информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері. Оқытуды нақтылы ұйымдастырудың формалары. Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер. Информатика пәнін оқытудағы тиімді педагогикалық  технологиялар

11

Информатика негіздері және оның қолдануларын мектепте қосымша оқытудың түрлері. Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары. Информатика және оның қолданылулары бойынша жүргізілетін факультативтік курстар. Жеке пәндердi тepeңдeтiп оқытатын мектептер мен кластардағы информатика. Олимпиада және оны жүргiзу әдiстемесi. Информатика сабағында оқушылардың өздік жұмыстарын  ұйымдастыру

12

Информатика сабағына қатысу мақсаты және оны  жалпылама  түрде талдау. Информатика сабағын талдау үлгілері. Оқыту нәтижесін бағалау мен тексеруді ұйымдастыру.  Жаңа педагогикалық технология арқылы оқушы білімін  бағалау. Информатиканы оқытудың нәтижелерін бақылау және оның негізгі міндеттері. Білім  мазмұны мен оқыту әдici. Бақылау ЭЕМ-дегi жұмыс және ойлау әpeкeттepi.

2 Модуль. Орта мектепте информатиканы дербес оқыту әдістемесі

13

Ақпараттық үрдістерді оқыту әдістемесі мен технологиясы. Алгоритмдеу негіздерін оқыту әдістемесі

14

Компьютердің құрылымын оқыту әдістемесі мен технологиясы

15

Ақпараттық технологияларды және компьютерлік модельдеу тақырыбын оқыту технологиясы


Ұқсас жұмыстар

Педагогикалық инновация педагогикалық жүйедегі жанашылдық
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері жайында
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері
Пәнді оқытудың міндеттері
Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері
Модульдік оқыту технологиясы туралы