Тақырып-5. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер.


Жоспар:

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.

Оқытудың сөздік әдістер.

Оқытуда машықтық әдістер.

Оқытудағы көрнекілік әдістері.

Мақсаты:. Интерактивті әдістерді пайдалана отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту арқылы білім сапасын арттыру.

Интерактивті технологияны пайдаланып оқушылардың білім сапасын арттыру.

Қоғамның бүгінгі басты мақсаттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу

Білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын ажырата білу керек. Соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әртүрлі ойындар, т.б.. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әртүрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт бойынша компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылататын, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі. «Мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде интерактивті үрдістері компьютерлік білімді тереңдетуге, оқу мерзімін қысқартуға ықпал етіп ,жағдай жасайды. Мұның нәтижесінде білімді, білікті, дағдыларды шығармашылықпен іске асыру, яғни тиісті ойлау ұстанымдарына тоқталсақ, оқытудың технологияларын, әдістерін және формаларын таңдау және қолдану жалпы дидактикалық ұстанымдарымен қатар басқа бірнеше ұстанымдарға негізделед.Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамда шешім қабылдаудың маңызы арта түсті.Осы бағытта оқушылардың белсендігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер-интерактивті деп аталады.

Мақсаты:.Интерактивті технологияны пайдалана отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту арқылы білім сапасын арттыру.

Міндеттері:

-интерактивті технологияның білім сапасына әсері;

-оқыту барысында қоршаған орта ,пәнге деген қызығушылық тудыру;

- компьютердітиімді және үнемі пайдалану;

- оқушылар өзіне қажетті материалдарды интернет жүйесінен таба білу.;

- электронды оқулықтарды тиімді пайдалану;

-компьютерлік желі электронды және телеконференцияларға қатысу;

Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:

- өз ойын тиянақтап химиялық тілде сөйлей білу;

- химияның қоғамдағы маңызын,адамзат алдында тұрған сан-салалы мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлін арттыру;

- оқытудың өз бетімен білім алу, шығармашылық белсендігін дамыту;

- ғылым негіздерін,алған ақпараттарын сабақта тиімді пайдалана алу;

-ғылымда болып жатқан құбылыстарды оқып-үйрене отырып,өзінің ғылымға деген көзқарасын қалыптастыру.

Диагностикалыққұралдар:бақылау,тест,жоболаржасау,топтық жұсау, талдау,реферат,болжам жасау .

Күтілетін нәтиже:

-пәнге деген қызығушылығын арттырып,мамандыққа баулу;

-кәсіптік қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

-қосымша ақпараттармен танысуға мүмкіндік алады;

-таным белсендігі мен ізденіс дербестігін әрі қарай дамыту

Болжамы: Оқытудың  интерактивті  әдісін тиімді ұйымдастырса,оқушылардың таным белсенділігі артып-білім,ғылымға деген көзқарасы жоғары деңгейде қалыптасады

.Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді. Оқытудың  интерактивті  әдістерінің негіздеріИнтерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті  оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекетдағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады. Оқытудың  интерактивті  әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады. Сабақ мұғалім мен сынып тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мұалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады..

Сабақтың басыдиагностикасәтінен басталады. Бұл сәтте оқушылар өздерінің жаңа тақырыпқа байланысты (мысалы,фосфор, көміртегі туралы ) ойларын, пікірлерін, әдеби кітаптардан оқығандарын, теледидардан көргендерін, естігендерін, басқа пәндерден білетіндерін ортаға салады. Мұғалім азғантай уақыт ішінде алдында отырған оқушылардың осы тақырып төңірегінде не білетіндігін немесе білмейтіндігін аңғара алады. Одан кейін –ізденіс тенденциясысәті. Мұнда балалар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып, тақырыпты тереңірек түсіну үшін өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді. 10-15 минуттан кейін тұсау кесерсәтінде әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де жеткіліксіз жағдайлардан интерактивті тақта арқылы сызба,слаид,бейне роликтер,лабораториялық жұмыстарды көрсетіп ақпарат береді. Ал, жаңа тақырып толық түсіндіріліп біткеннен кейін пікір-сайыс, сияқты интерактивті  әдістер арқылы сабақты бекітіп, пысықтауға болады. Нәтижесінде - 45 минуттың 5-7 минутын ғана алып, қалған уақытты оқушылардың ізденуіне, танымдарын арттыруына арнайды.Өзара интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлуОқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:өзіне деген сенiмге тәрбиелейдi; шешендiк өнерiн жетiлдiредi танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын); сыни ойлау дағдыларын дамытады;өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады; пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады.Яғни,үйренебiлу–қажеттiдағды,өйткенiолинтеллектуалдытәуелсiздiктiңнегiзiболыптабыладыжәнебарлықдамығанжәнедамушыелдердегiазаматтарүшiнқажет.Екіншіжағынан,құстыңқосқанатысияқтыоқушыныңдаекісүйенішібар:бірі–оқиалуыболса,екіншісі–оқығысыкелуі.Біріншітірекбаланыңдербестігінқұраса,екіншісібелсенділікті,қызығушылықтытудырады..Өзараәрекеттесугебағытталғанүрдiсбарысындабалаiстепжатқанiсiніңмәнiнеенедi.Оқушыларғадайынжауаптарыбартапсырмаларбергенде,олардыңтанымдықбелсендiлiкдеңгейiжоғарыболмайды.Ал,өзойынтиянақтап,онықорғаукезiндетанымдықбелсендiлiкдеңгейiкүртартады.әрекеттесуүрдісініңнегізгімәніөзаратәжірибеалмасуболмақ.өйткені,сыныптағыоқушылардыңбелгілібірсаладаортақбілімдерібарболғанымен,олардыңтекөздеріғанабілетінбілімдерідебарекеніайқын.Білім сапасының артуында азда болса өзгерістің болуын төмендегі мониторингтен көруге болады.

Білім сапасын көтерудің екінші бір үлкен мәселесі – бағалау. Бағалаудың көпшілікке белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың рөлі білім сапасын көтеруде өте мәні зор. Бұл әдіспен оқушылар өз білімін өздері бағалауына да болады. оны алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланады. Бағалаудың өзін-өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді.

Бұл бақылауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға болады. Өзіндік немесе жұптық бағалау: 1) менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары; 2) бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары; 3) бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары және т.б. Ал, топтың өзара бағалауында: 1) топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу стилі: төмен, орта, жоғары; 2) жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы (қосымша материалдар, БАҚ жаңалықтар): төмен, орта, жоғары; 3) сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б.: төмен, орта, жоғары.

Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. Бұл бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбек сүйгіштік, өз күшіне сенуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б..

Аталған қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге деген қызығушылық,белсенділік, сүйіспеншілік артады. Нәтижесі сабақтың сапасының артуы. Сөзімнің айғағы ретінде келтірер мысалым:пәнге қызығушылық білдіріп оқушылардың ҰБТ-да таңдау пәнін химияны таңдауы,әртүрлі

 Интерактивті тақтаның көмегімен әрбір жаңа тақырыпты пән аралық байланыспен өткізу жеңіл әрі тиімді болып табылады.

 Интерактивті тақтаның ерекшелігі сабақта уақытты үнемдеуде және тесттік тапсырмаларды әр оқушы өздігінен орындап, білімінің қаншалықты екендігіне көз жеткізе алады.

 Интерактивті тақтамен жұмыс оқушының пәнге қызығуын, түрлі сызбалар арқылы еркін сөйлеуін, тақтамен жұмыс істей алуын қалыптастырады.

Әрбір сабақ қызықты өту үшін тесттер, жұмбақ, сөзжұмбақ, сызбалар слайдта көрсетіледі. Кейбір зертханалық тәжірибелерді электронды оқулықтардан ашып, жүруін көруге болады.

«ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры» болып отыр. Интерактивті технологияны,тақтаны пайдалану бүгінгі күннің -тиімді әдісті бірі. .

Оқытуда сөздік әдістер

Баяндау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп- бекіту. Бірінші ¬жаңа материалды игеруге оқушыны дайындау, екінші – берілген мазмұнды баяндау, үшінші – оқытуды аяқтау бөлімі. Берілген әдістің тиімділігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады.
Демек, оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.
Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудын тиімділігі басқа да оқыту әдісі— иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғары сыныптарда) сонымен қатар мұғалімнің адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты таңдап алган деректер жайында болуы керек.
Әңгіменің дамытушылығы. Сонда яғни, елестету, ес, ойлау, қиялдау, эмоциональды қобалжу сияқты психалық процесстерді белсенділік күйге әкеледі. Окушылардың тұрақты зейіні, білімділер, қызығушылығың қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады.
Лекция. Лекцияның ауызша әдістен айырмашылығы оқу материалының логикалық мазмұндалуы, акпарат ағымының көптігі, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.
Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, объектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті денгейде қалыптасқан, лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі.. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.
Лекцияны оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу материалдарын тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Лекцяны дамытушылық тиімділігі окушылардың логикалық ойлау, диолектикалы ойлау тәсілдерін,мұғалім ойының нақтыда абстрактілі ойлау ағымынына білу болып табылады.
Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу – өзіндік білім алуды негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.
Окулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық – бақылау т.б.
Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақгарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тесттерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.
Әдістің сапасы еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну, қарастырылатын мәселелеріге әдебиеттер таңдай білуінде.
Берілген біліктердің бәрі оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсатын біртіндеп қалыптастырады.
Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жұмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қарастырып, дұрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады.
Жаңа оқу кітаптары қорытынды кестелерді, диаграммада, графиктерде, көрнекті модельдерде, классификацияларда, коммуникативті түрде жинақталган материалдарда берілген. Демек мұғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, оқушылардың білім білігін қалыптастыру керек.
Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Оқушы кітаптағы мәтінді қанша рет оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсіндіріп бере білу біліктілігін меңгергенін бақылауы керек. Бұл үшін уақыттың көбін берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.
Әңгіме. Әңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістермен қатар қолданылу керек. Әңгіменің оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескерген жөн. Мақсатына қарай әңгімені бірнеше түрге бөлуге болады: кіріспе әңгіме немесе ұйымдастыру; жаңа білім беру (сократтық, эвристикалық т.б.); синтездеуші немесе бекіту; коррекциялық-бақылау. Кіріспе әңгіме оқыту жұмысының басында өтіледі, мақсаты оқушыларға берілетін жұмыстың мәні мен оның өтілуін дұрыс түсіндіргенін анықтау.
Кіріспе әңгіме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында өтіледі. Жаңа материалды оқушыға игертуде кіріспе әңгіменің мәні ерекпіе.
Жаңа білім игертуде катехизикалық (сұрақ-жауап, қарсы шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай, қысқа тұжырымды пікір білдіру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп, мұғалімнің берген сұрағына нақты жауап алу) әңгімелер қолданылады. Бүгінде мектептерде эвристикалық әңгіме көбірек орын алуда. Жаңалық ашуда оқушылардың, ойлау қабілетін жандандыратын дүние -мұғалімнің білікті сұрақ қоя білуінде. Сократтық әңгіменің шебері философ Сократ болған. Ол еш уақытта дайын жауап бермеген. Сократтың мақсаты білімнің өзі емес, адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған. Сократтың әңгімесі -әңгімелесушіге сұрақтар қою арқылы білгендері мен білмегендерінің шекарасын ажырата білу, сол арқылы ақылды, керемет, ойлы әлем ашуға жетелейтін ауызша диалог әдісі. Сондықтан да эвристикалық әңгімеде оқушылар өздігінше ойлап, өз танымы бойынша білімді игеретіндігі байқалады.

Оқытуда машықтық әдістер. Жаттығу – ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.
Кәдімгі жағдайда жаттығулар түсіндірілген, арнайы, еркін болып бөлінеді.

Арнайы жаттығулар – бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға өндірсе, онда олар еркін жаттығулар деп аталады.
Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады. Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Түсіндірілген жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекеті негізінде материалдар жақсы қабылданады.
Ауызша жаттығулар тіл мэдениетін дамытуда жэне логикалық ойлауда, оқушылардың танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде, ауызша санауда, әңгімелеуде, білімді логикалық түрде мазмұндауда, тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады. Жазба жаттығулар
графикалык жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсіптік білім беруде қатар жүреді.
Лабораториялық – практикалық жаттығулар еңбек құралдарын игеру дағдыларына, лабораториялық (приборлар, өлшеу аппаратурасы), конструкторлық-техникалық білігін дамытуға багытталған. Өндірістік-еңбек жаттығулары, ол оқыту немесе өндірісті: ерекшеліктегі жүйеде арнайы дайындалған еңбек іс-әрекеті. Олар жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй жаттығулар олар жеке еңбек тәсілдерін орындау, ал күрделі жаттығуда өндірістік істерін немесе олардың бөліктері (станокты қосу, деталдарды) жасауда қолданылады.
Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игертуде, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру үшін өте қолайлы.
Лабораториялық әдіс көрнекілік және басқа да машықтық (практикалық) әдіс қосындыларымен жүзеге асырылады. Сондықтан да жаттығу мен дмонстрацияға қандай талаптар койылса, оған да дәл сондай талаптар қойылады.
Проблемалы лабораториялык (зерттеу) әдіс. Зерттеушілік болжамды іздестіру, оны дәлелдеу жолдарын көрсету, керекті материалдар мен құралдарды оқушылардың өздерінің таңдай білуіне жол көрсетуімен ерекшеленеді. Лабораториялық әдіс күрделі, ол сондай-ақ арнайы,
қымбат құрал-жабдықтарды және мұғалім мен оқушының тыңғылықты дайындығын талап етеді.
Оқу-лабораториялық эксперимент оқу лабораториясында бұрын ғылымда белгілі болған нақты процестер мен шешімдерді мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті арқылы еске түсіруі болып табылады. Осы арқылы алынған білімді есте жақсы бекіту, табиғатта және өндірісте болып жатқан білім-білік дағдылары, осы білім-білік дағдыларына байланысты олардың нәтижесі мен қалыптасуы жүзеге асырылады. Лабораториялық жұмыстың оқыту-дамытушылық тиімділігі – оқушылардың өздерінің шығармашылық күштерін белсенді түрде жұмылдыра көрсетуінен байқалады. Әдістің тәрбиелік маңызы оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін табуында жатыр.
Машықтық әдіс.
Машықтық жұмыстар бес кезеңге бөлінеді. Бұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі.
а) мұғалімнің түсіндіруі, жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;
э) көрсету (инструктаж);
б) жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі);
в) жұмысты әркімнің өзі орындауы;
г) бақылау, оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы (Е.Я. Голант) бақыланады.
Машыктық әдіс басқаларға қарағанда оқушыларды тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйретеді, олардың бойында үнемді, шаруаға бейім сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың-еңбекке деген ықыласын, жан-жақты дағдыларын қалыптастырады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау кіреді.
Өзіндік оқу жұмыстары. Өзіндік оқу жұмысы – бұл оқушының
бүкіл құрылымдық компоненттерінде, яғни мәселе қоюдан бастап, бақылау жасауға дейін өзін-өзі басқару және түзету орнатуға дейінгі белгілі
бір дәрежедегі дербестік болып табылады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға нұсқау:
- оқушының берілген есептің айқындылығы мен маңыздылығын
түсіну арқылы тапсырмаға даган қызығушылығы болуы керек;
- мұғалімнің алдын-ала өзіндік жұмысқа керек материалды дайындап алуы;
- тапсырманың қиындығы, оны бүкіл оқушылардың шешу мүмкіндігіне байланысты болуы;
- жеке топтардың дайындығы мен табыстылығана байланысты дифференциалданған материал берген дұрыс;
- жұмыс тексерілген, қателері түзетілген, нәтижесі бағаланған болуы шарт.
Өзіндік жұмыстың оқыту нәтижесі баланың материалды жинауынан, оның жеке ойлай білу тәжірибесінен, бағалауынан байқалады. Дамытушылық тиімділігі шектен тыс белсенділік пен психикалық күшті қайтаруымен қамтамасыз етіледі. Адамгершілік, шыдамдылық, жауапкершілік сияқты ізгілік тәрбиесі қалыптасады.
Танымдық ойындар. Танымдық (дидактикалық) ойындар -оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арнайы ситуациялар құратын ойындар. Негізгі мәні – танымдық қызметті стимуляциялау. Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталатын болсақ: математикалық, лингвистикалық ойындар, саяхат-ойыны,
электронды викторина түрінде, тақырыптық жинақтармен ойындар, «Конструктор», «Шеберлер», «Жас маман» т.б.
Кейінгі кезде стимуляцияланатын ойындарға түрлі әдістерді, идеяны күрделендірулер енгізілді. Осындай күрделенген ойындар арқылы оқушылар мәселені жан-жақты талқылауға барынша атсалысады . Бұл ойындар
іскерлік ойындар деп аталып жүр. Мұндай ойындарға рөлдік ойындар жатады. Нарықтық кезеңге байланысты сабақта «Банк», «Парламент», «Пресс-конференция» деп аталатын ойындар белсенді рөл атқаруда. Бұл ойындарды материалдарды бекіту кезінде пайдалануға болады.
Ситуациялық әдіс – нақты жағдайдағы алынған мақсатты шешу жолында белгілі басқа әдістердің ешқайсысы тез және тиімді шешу мүмкіндігін бере алмаган кезде қолданылатын аралас әдістердің жиынтығы. Сондықтан да бұл әдіс шығармашылық, қалыптан тыс деп аталады. Сондай-ақ бұл әдісті барлық педагогтар бірдей мойындай бермейді. Берілген әдісті таңдау және қолдану кезінде басты рөлді ситуация (жағдай) атқарады. Бұл әдіс белгіленген мақсатқа жету үшін жағдайдан тыс шешімдерді қабылдауға, дәстүрден тыс жолдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Педагог бұл шешімдерден туындайтын ойластырылған себеп-салдарды алдын-ала көре білуі қажет. Берілген әдіс педагогтың өзіндік шығармасы, шығармашылық қолтаңбасы, педагогикалық үрдіске сүйенген өзіндік көзқарасы мен түсінігі болып табылады.
Инсценизация әдісін түрлі формада, мысалы, алдынала дайындалған диалог, нақты тақырыпқа арналған дискуссия, театрланған көрініс формасына пайдалануға болады.
Генерациялау әдісінде («идея әдісі») ми қызметі арқылы (мозговая атака) қатысушылар қиын мәселеге көңіл аударып, өздерінің идеяларын айтып, оның шешілу жолын қарастырады. Мұны америкалық психолог А.Осборн ұсынған Бұл әдісте (мозговая атака) 5-6 адамнан құрылған топ әрекет жасайды. Бұл топтағылар емін-еркін, ештеңеден, ешкімнен қысылып-қымтырылмайтын, сын және өзара сынды қабылдай білетін, ең бір күтпеген ойдың өзі бақылауға алынатын, топтық эксперт жүргізетін адамдар болуы керек. Әрбір қатысушының өзіне тән көшбасшылық, жаңашылдық, кертартпалық, суретшілдік сияқты айқын, анықтағыш міндеті болады. Бұл әдіс тек қана идеяны бірлесіп талқылау мәдениетіне үйретпейді, ол сондай-ақ адамның шығармашылық потенциалын ашуға жәрдемін тигізіп, ойлау үлгісі мен стереотипін жеңуге үйретеді.
Топтық генерация идеясы әдісінің қолданылуына 1950 жылдардың соңы мен 1960 ж. басында америкалық психолог У.Гордонның талқылауымен ұсынылған қатысушының ауыспалы (метафоралы) сезімді-бейнелі ойлауына тұтастай бағытталған ұжымдық-шығармашылық іс-әрекет пен оқу зерттеушілік әдісі синектика негіз болды. Синектика жұмысын ұйымдастыруға келесі кезеңдер кіреді: 1) Мәселенің алғашқы қойылымы.
2) Мәелеге анализ жасау және қажетті хабарларды хабарлау. 3) Мәселені шешу мүмкіндігін түсіндіру. 4) Әрбір оқушының өз түсінігінде мәселені қалыптастыру. 5) Қалыптасқан мәселелердің ішіндегі біреуін бірлесе отырып талдау. 6) Бейнелі ұқсастықтың қозғалысы – синектика үшін шешуші кезең. 7) «Қиыстыру» мәселеге талап қоюда белгілі топтың дайын шешімі. Бірлескен жұмыс кезіндегі эксперттің рөлін мұғалім не дайындалған оқушы орындайды және олардан психо-педагогтік қайтарым талап етіледі.
Дискуссиялық оқыту. Бұл әдіс батыс еддерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтижесін көрсеткен.
Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің
пікірін бекітіп, көз қарасын дэлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы- бақылау.
Оқушылардың алдын ала немесе нақты мазмұнда және формаларды дайындығынан бұрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмұнды дайындықты қажет етеді. Білімді баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.
Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама- қайшылықты және шашыраңқы. Сондықтан алдымен оппоненттерді сендіру керек. Мұғалім оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етеді.
Дискуссия тек қана гуманитарлық пәндерді тарихты, қоғамтануды
этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқа да пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мазмұнын толықтырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мұғалім білімнің жүйесі терең ақпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуына бағыт береді.
Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс толық мағынада жоғары мектептерде пайдаланып келеді.
Оқушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.

Оқытуда көрнекілік әдістер. Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба – нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.

Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.
Берілген әдіс оқушылардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.
Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.
Бейне әдістері. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б.
Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі-түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді. Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблицалар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.
Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі – иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, таблицалар мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.
Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.
Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.
Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету,босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады.
Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:
-жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау,
-күрделі машина мен механизмдердің ықпалын динамикалық принципте түсіндіру;
-түрлі іс- әрекет түрлерін алгоритимде орындалуын оқыту;
-шет тіл сабақтарында арнайы орта құру;
-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында өмір мен білім байланысын бекіту, сабақтарда бейне құжатты қолдану; -тест өткізуді ұйымдастыру;
-алдын – ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажетті өлшемді жасау;
-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;
-сыныптағы эр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын ұйымдастыруды компютерлік есепке алу;
-оқыту процесін рационализациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін қамтамасыз етеді.
Берілген әдістің сапасы видео мен техникалық құралдарды қолданумен тікелей байланысты. Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді. Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы біліктілігін, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.

Оқытудың сөздік әдістер.

Оқытуда машықтық әдістер.

Оқытудағы көрнекілік әдістері.

Тапсырма: 1. Интерактивті оқыту әдістерін пайдалана отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту арқылы білім сапасын арттыруда сабақ үлгісін жасау.

1.      Пәнге байланысты анықтамалық глосарий жасау;


Ұқсас жұмыстар

Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Өзін өзі тануда» интерактивті әдіс - тәсілдерді оқыту
Белсенді оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері
Интерактивті оқыту әдістемесі
Математиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі» тарауын конструкциялық технология арқылы оқыту
Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
Арнайы курстарда қазақ тілін оқытудың болашағы
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы