Дәріс

Дәріс №13-14. Өрістер мен мәліметтер типтері.

Қарастырылатын сұрақтар:

-        Өріс обьектілері.

-        Статикалық және динамикалық өрістер.

-        TField класы.

-        Өріс түрлері.

-        Есептелінетін өрістер.

-        Ішкі есептелінетін өрістер.

-        Агрегатты өрістер.

-        Обьектілік өрістер.

-        Мәліметтер итиптері.

-        Шектеулер.

SQL сұраныстары үлкен көлемді мәліметтермен жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді. SQL тілі – бұл мәліметтер қорына сұраныстар тілі. SQL-дің аудармасы Құрылымданған Сұраныстар Тілі. SQL-сұраныстардың көмегімен реляциялық мәліметтер қорын құруға және олармен жұмыс істеуге болады. Бұл тіл стандарт ретінде қабылданған, сондықтан, егер сіз мәліметтер қорымен жұмыс істегіңіз келсе, осы тілді жақсы білуіңіз керек.

SQL Америкалық ұлттық стандарттар институтымен және стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен (ISO) анықталған.

Реляциялық мәліметтер қорының (РМҚ) не екенін еске түсірейік. РМҚ дегеніміз – бағандар ретінде мәліметтер өрістері алынған, ал әрбір жолы мәліметтер сақтайтын кесте. Әрбір кестеде жолды бірмәнді индентификациялайтын бір бірегей өріс болуы керек. Бұл кілттік өріс деп аталады. Бұл өрістер көбінесе кестелерді байланыстару үшін және әрбір жазбаның бірегейлігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер кесте байланыспаған болса да, кілттік өріс міндетті түрде болуы керек.

SQL екі типті бола алады: интерактивті және кіріктірілген (вложенные). Біріншісі – бұл жеке тіл, ол сұраныстарды өзі орындайды және бірден жұмыс нәтижесін көрсетеді. Екіншісі – бұл SQL-тіл басқа, мысалы, C++ немесе Delphi-дің ішіне кіріктірілген жағдай.

Интерактивті SQL стандарттыға анағұрлым жақын, ал кіріктірілген тілде ауытқулар мен қосымшалар көптеп кездеседі. Мысалы, стандартты SQL-де мәліметтердің екі типі ғана айрықшаланады: жолдар және сандар, бірақ кейбір өндірушілер өздерінің типтерін қосады (Data, Time, Binary және т.б.). SQL-де сандар екі типке бөлінеді: бүтін – integer (int) және бөлшек – decimal (dec). Жолдар 254 символ өлшеммен шектелген.

TADOTable компонентінің қасиеті

TADOTable компонентінің көптеген пайдалы қасиеттері бар. Олардың көпшілігі қарапайым қолданылады. Осы қасиеттерінің негізгілерін қарастырайық.

§  MasterSource – бұл қасиетте ағымдағыға қатысты негізгі кесте көрсетіледі. Бұл қасиетті байланысқан кестелермен жұмыс істегенде толық қарастырамыз.

§  Readonly – бұл қасиеттің мәні true болса, онда кестені өңдеуге болмайды. Бұл жағдайда мәліметтер тек бейнеленеді. Өзгертілмейтін , яғни пайдаланушы өзгеріс енгізбеуге тиіс кестелерге осы қасиеттеі міндетті түрде орнату керек.

§  TableDirect – бұл қасиет кестеге қалай қатынас жасалатынын бейнелейді. Егер бұл параметр true болса, онда кестеге атауы бойынша тура қатынас жасалынады. Егер false болса, онда сізге білінбей мәліметтер қорына арнайы SQL-сұраныс жүргізіледі. Барлық мәліметтер қорлары тура қатынас арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік бере бермейді, сондықтан бұл қасиеттің мәні үнсіз келісім бойынша false болады.

§  TableName – мәліметтерін өңдейтін кестенің атауы.

§  Cachesize – кэш-жадының көлемі. Егер бұл жерге 50 санын орнатсақ, онда кестеге алғаш қосылғанда бірінші 50 жолды таңдап, оларды локальды жадыға орналастырады, бұл оларға қатынасты жеделдетеді. Қалған жолдар серверден қажетінше жүктеледі.

§  CanModify – бұл қасиет  Readonly қасиетіне ұқсас және кесте мәліметтерін өңдеу мүмкіндігін көрсетеді.

§  CommandTimeout – команданың орындалуын тосу уақыты. Егер компонент мәліметтер қорына команда бағыттаса, ол күту таймерін іске қосады, егер команда орындалмаған жағдайда, күту таймері аяқталған соң қателік туралы хабарлама шығарылады.

§  Connection – бұл жерде қосылу жүзеге асатын TADOConnection компонентті көрсетіледі.

§  Connectionstring – мәліметтер қорына қосылу жолы.

§  CursorLocation – кестедегі мәліметтерді оқып, ағымдағы позицияны көрсететін курсордың орналасуы. Курсор серверде немесе клиенттің машинасында тұруы мүмкін.

§  CursorType – курсордың типі. Бұл жерде келесі нұсқалардың біреуі мүмкін болады:

o    ctUnspecified – курсордың орны көрсетілмеген.

o    ctOpenForwardOnly – курсор тек алға жылжи алады.

o    ctKeyset – бұл кестеге қосылған бір қолданушының өзгерісі басқаларына көрінбейді.

o    ctDynamic – динамикалық курсор, мұнда бір қолданушының өзгерісін қалғандары көре алады.

o    сtstatic – статикалық курсор, мұнда бір қолданушының өзгерісін қалғандары көре алмайды.

§ Filter – фильтр жолы.

§  Filtered – кесте фильтрленетін кесте болып табылама. Егер false  орнатсақ, онда фильтр жолы есепке алынбайды.

§  IndexFieldNames – индекстелген баған атауы. Индекстер мәліметтерді сұрыптау үшін және кестелер арасында байланыс үшін қолданылады.

§  RecNo – ағымдағы ерекшеленген жолдың номері.

§  RecordCount – кестедегі жолдар саны.

§  Sort – сұрыптау типі көрсетілетін жол. Мысалы, Телефон өрісі бойынша сұрыптау үшін келесі жолды жазу керек: ADOQuery1.Sort:=’Телефон ASC’. ASC операторы өсу ретімен сұрыптау керектігін көрсетеді. DESC операторы кему ретімен сұрыптауды көрсетеді.

§  Active – егер бұл қасиет True болса, онда кесте ашық тұр.

§  AggFields – мұнда барлық агрегаттық өрістер сақталынып тұр.

§  AutoCalcFields – егер мұнда болса, онда өрістерді автоматты түрде санау керек.

§  Bof – бұл қасиетке әсер етуге болмайды, егер ол True болса, онда онда біз файлдың басында тұрмыз.

§  FieldCount – мұнда кестедегі өрістердің саны сақталады.

§  Fields – бұл өріс арқылы басқа өрістердің мәндеріне қатынас жасауға болады. Айталық сізге 4-ші өрісте қандай мән тұрғаны қажет, ол үшін келесідей жазу керек: Table.Fields.Fields[4].AsString. AsString әдісі мәнді жол түрінде алу қажеттігін көрсетеді.

§  FieldValues – бұл қасиеттің көмегімен көрсетілген өрістің кез-келген мәніне оңай қатынас жасауға болады. Өріс атауын тік жақшада көрсету керек. Мысалы, Table1.FieldValues[‘Телефон’]:=’3346598’;.

§  FilterOption – фильтр баптауы. Мұнда келесі параметрлерді көрсетуге болады:

o   FoCaseInsensitive – фильтр регистрге сезімтал емес.

o   foNoPartialCompare – егер осы параметр тұрса, онда салыстыру филтрде көрсетілген мәннің тура көшірмесімен жүргізіледі.

§ Modified – егер бұл қасиет True болса, онда кестеге өзгерістер енгізілген.

TADOTable компонентінің әдістері

Енді осы компоненттің әдістерін қарастырайық.

§  BookmarkValid – бұл әдіс қалташалардың дұрыстығын тексереді. Жалғыз параметр ретінде TBookmark типті қалташаны көрсету керек, егер ол «шынайы» болса, онда нәтиже True болады.

§  CancelUpdates – кэш жадыда сақталған жаңалауды қайтару.

§  CompareBookmarks - екі қалташаны салыстыру. Бұл әдісте Tbookmark типті екі параметр бар. Бұл екі қалташа салыстырылады. Егер қалташалар тең болса, онда нәтиже 0-ге тең, егер біріншісі екіншісінен кіші болса, нәтиже -1 болады, егер біріншісі екіншісінен үлкен болса, нәтиже 1 болады.

§  DeleteRecords – жазбаларды жою. Әдісте қай жазбаларды жою қажеттігін анықтайтын бір параметр бар. Сіз келесі мәндерін көрсетуіңізге болады:

o   ArCurrent – ағымдағы жазбаны ғана жою;

o   arFiltered – орнатылған фильтрді қанағаттандыратын жазбаларды жою;

o   arAll – барлық жазбаны жою;

o   arAllChapters – барлық ADO тарауларындағы жазбаларды жою.

§  Append – кесте соңына жаңа жазба қосу.

§  Cancel – егер енгізілген өзгерістер әлі Post әдісінің көмегімен сақталмаған болса, ағымдағы жолдағы өзгертуді қайтару.

§  Close – кестені жабу.

§  Delete – ағымдағы жолды жою.

§  Edit - өңдеу режіміне өту. Осыдан кейін өріс мәндерін өзгертуге болады.

§  FieldByName - өрісті атауы бойынша табу. Жалғыз параметр ретінде жол түрінде өріс атауын көрсету керек, және де нәтижесінде ТField объектісі түріндегі өріске сілтеме аламыз.

§  First – кестедегі бірінші жолға өту.

§  Insert – кестеге жаңа жол қою.

§  IsEmpty – егер әдіс True  мәнін берсе, онда кестеде жазбалар жоқ.

§  Last – кестедегі соңғы жазбаға өту.

§  Next – келесі жазбаға өту.

§  Post – барлық өзгерістерді қабылдау.

§  Prior – Кестедегі алдыңғы жазбаға жылжу.

§  ReFresh – мәліметтер туралы ақпаратты жаңалау.

UpdateRecord – Ағымдағы жазбаны жаңалау.

Бақылау сұрақтары:

1.      TADOTable компоненті не үшін қажет?

2.      TADOTable компонентінің қасиеттерін атап шық?

3.      TADOTable компонентінің әдістерін ата?


Ұқсас жұмыстар

Практикалық сабақ
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Дәріс - оқытудың басты формасы
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың қолданатын оқу методикасының тиімділігі