13-зертханалық жұмыс

13-зертханалық жұмыс

Тақырып:           Информатика пәнінен оқу жылының 3-ші тоқсанға арналған    оқу- тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспарын кесте   бойынша құру:

Сабақ

тақырыбы

Сағат саны

Қайталауға арналған материал

Көрнекі оқу құралдары

Үй тапсырмасы

Сабақта бақылау түрі

Сыныптан тыс жұмыс

1.      Тақырыпты меңгертудегі сабақтың ролі.

Сабақты жобалауда тақырыпты меңгертуде қандай роль алатынын алдын ала анықтау  керек. Бұл сабақтың басты дидактикалық  қойылымы болып табылады. Келесі қойылымдарды анықтайық:

·                    Оқушыларды курстың, тарауды немесе бөлімнің проблемасымен таныстыру; проблеманың маңыздылығын түсіндіру.

·                    Жаңа тақырыпты үйреншікті қабылдауын қамтамасыз ету.

·                    Алған білімдерін  дұрыс пайдалана білуге үйрету.

·                    Тақырыптағы негізгіні қайталау.

·                    Оқушылардың білімін бақылау.

Қойылымдарға байланысты келесі сабақ түрлері туады:

·                    Кіріспе сабақ

·                    Жаңа материалды меңгеру және оқу сабағы

·                    Білімді қолдану сабағы

·                    Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы

·                    Білімді тексеру және қайталау сабағы

Осы кезеңнің нәтижесі сабақ типін анықтау болып табылады.

2.                  Мақсатты анықтау.

Мақсат – тосатын нәтиженің бейнесі (образ) және бұл мақсатқа қол жетілген. Сабақ мақсаты екі түрлі түрде қалыптасады: пән көлемінде (оқыту мақсаттары) және пәнге қатыссыз деңгейде (педагогикалық мақсаттар). Мақсат құрғанда келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

·                    Мақсат анық болуы керек

·                    Мақсат қандай да бір әрекеттер тізбегі ретінде берілуі мүмкін

·                    Мақсатты анықтайтын қандай да бір критерилер болуы керек. Яғни, сабақ  соңында мақсатқа жеткен жетпегендікті анықтау үшін керек.

·                    Оқытушы мақсат – ой қалыптастыру, көрсету, ашу.

·                    Дамытушылық – біліктілікті дамыту

·                    Тәрбиелік – тәрбиелеу; ой тудыру т.б.

3.            Оқыту нәтижесін жоспарлау.

Оқыту нәтижесіне қойылатын талаптар тұлғалық- әрекет түрінде болуы керек:

1.                  Сабақ тақырыбын оқыған соң оқушылар нені білуі керек?

·                   Түсінік;

·                   Кейіпкерлер;

·                   Фактілер;

·                   Құбылыстар;

·                   Үрдістер;

·                   Даталар

2.                  Нені үйренуі керек:

·                    Атау;

·                    Түсіндіру;

·                    Анықтау;

·                    Құру;

·                    Өткізу;

·                    Ережелерді қадағалау;

·                    Картадан көрсету

4. Оқыту әдісін таңдау.

Оқу әдістерінің типологиясы:

·              Түсініктемелі, иллюстрациялы

·              Эвристикалық

·              Проблемалық әдіс

·              Зерттеушілік, модельдік

·              Бағдарланған

5. Сабақтың қолайлы ұйымдастырылған формасын таңдау.

            Сабақ формасын таңдау сабақ материалдарына, тақырыптағы сабақтың роліне, басқа пәндермен, сабақтармен байланыстылығына байланысты.  Сабақ формасы анықталады:

·     Дәстүрлі- элементтері: дискуссиялар, зертханалық жұмыстар; пробле-малық есептерді шешу.

·     Дәріс тақырыптың негізгісін тереңірек ашып береді.

·     Зертханалық сабақ – баспа құралдарымен (оқулық, құжат) өз бетімен жұмыс жасау.

·     Практикалық сабақ - әлеуметтік тәжірибеде кездесетін проблемаларды  дәрістен алған білімге сүйене отырып шешу, талдау.

·     Қорытынды сөйлесу – оқушылар сұрақтарға жауап береді

·     Сабақ – диспут – маңызды тақырып бойынша пікірталас.

6. Танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы

Танымдық әрекеттің келесі түрлері бар:

·     Фронтальді

·     Топтық

·     Жеке

·     Жұппен

7. Оқыту құралдарын таңдау

Бұл дегеніміз тақырыпты меңгеру үшін керек сабақтың техникалық жабдықталуы

8. Сабақ құрылымын құру

     Жаңа тақырыпты меңгерту жаспары жасалады. Сабақтың әр кезеңінің уақыты есептелінеді. Оқушылар әрекеті:

·     Әңгімеге араласу

·     Жоспар және кестелер құру

·     Оқулық мәтінін оқу

·     Проблемаларды шешу

·     Картамен жұмыс

·     Құрылымды-логикалық схема құру

·     Тезис және конспекті құру.

·     Талдау және жалпылау

·     2 түрлі ақпарататр қатынасы

·     Оқиғалар тізбегін орнату

·     Жалпылаушы мінездеме

·     Белгілері бойынша фактілерді топтау

·     Белгілерін анықтау

·     Фактілер мен құбылыстардың қатынасы

·     Терминдер мен анықтамалардың қатынасы

9. Сабақты мазмұнды толтыру.

Жаңа тақырыпты берудің бірнеше тәсілдері бар:

·     Таныстыру (әңгіме, хабарлама) – 6 сыныпқа дейін

·     Сипаттау (мінездеме, суретпен беру, аналитикалық сипаттау)

·     Түсіндіру

·     Әңгімелесу (аналитикалық, эвристикалық)

10. Өлшемдерді құру

            Бұл жұмыстың ең қиын, көп жағдайда қол жеткізе алмай қалатын бөлімі. Бұл талаптың өзі бірінші қойылған талаптан анықтылықты талап етеді. Егер абстрактілі мақсат қойылса, онда өлшеу мүмкін емес.

Жеке тапсырмалар.

Оқулық бойынша оқу-тәрбие жұмысының планын құру.

1.      Информатика 7.

2.      Информатика 8.

3.      Информатика 9.

4.      Информатика 10.

5.      Информатика 11.


Ұқсас жұмыстар

Фронтальды зертханалық жұмыстардың жіктелуі
Электрондық және өлшеу техникасының негіздері
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Массив элементіне қатынас жасау тәсілі
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
ТАМАҚ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
Алгебралық теңдеулер жүйесін шешу
Физикалық зертханалық жұмыстардың міндеттері
Пән Жаратылыстанудағы математикалық моделдеу
Өсімдіктер физиологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы