№2 СӨЖ

№2  жұмыс

Тақырыбы:            «Санау жүйелері» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Санау жүйелері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Санау жүйелері» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 8-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 3-ші  және 4-ші сабақ болып І оқу тоқсанында өтіледі. 

Сағат саны - 2 сағат.

Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру. Екілік сандарға амалдар қолдану.

Оқушының меңгеруі тиіс білімі:

Ø                  санау жүйелері ұғымын;

Ø                  сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру ережелерін;

Ø                  екілік арифметика ережелерін.

Оқушының игеруге тиіс білігі:

Ø        санды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне түрлендіруді;

Ø        екілік сандармен арифметикалық  амалдар орындауды.

3-сабақ

Сабақ тақырыбы

Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен екінші бір жүйесіне аудару. Ондық бүтін сандарды және ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне аудару. Ондық  сандарды он алтылық санау жүйесіне аудару.

Праграммалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды санау жүйелерімен, сандарды санаудың бір жүйесінен екінші бір жүйесіне аудару тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

санау жүйелері ұғымын;

сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру ережесін;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Ø        ондық бүтін сандарды екілік санау жүйесіне түрлендіруді;

Ø        ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне түрлендіруді;

Ø        ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне түрлендіруді;

Ø        ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне түрлендіруді.

4-сабақ

Сабақ тақырыбы

Сандарды екілік санау жүйесінен  сегіздік санау жүйесіне аудару. Сандарды екілік санау жүйесінен  он алтылық санау жүйесіне аудару. Сандарды сегіздік және  он алтылық санау жүйелерінен екілік санау жүйесіне аудару. Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану.

Праграммалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға сандарды бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне аударуды үйрету. Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды үйрету.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

  Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Ø      сандарды бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне ауыстыруды;

Ø      екілік арифметика ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Ø        сандарды екілік санау жүйесінен  сегіздік санау жүйесіне аударуды;

Ø        сандарды екілік санау жүйесінен  он алтылық санау жүйесіне аударуды;

Ø        сандарды сегіздік және  он алтылық санау жүйелерінен екілік санау жүйесіне аударуды;

Ø        екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.                  «Санау жүйелері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.                  Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.                  Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.                  Санау жүйелері тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.                  Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.                  «Санау жүйелері» тақырыбының мақсаты?

4.                  Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.                  Сабақ қандай типте өтеді?

6.                  Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.


Ұқсас жұмыстар

Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Бақылау жұмысы
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Пән атауы Қазақ тілі стилистикасы
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Пәннің саясаты
Тақырып таңдау, СӨЖ ОСӨЖ жоспарын құру және әдебиеттермен жұмыс