Зертханалық жұмыс

Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access-те конструктор көмегімен кесте құру

Мақсаты: Microsoft Access-те мәліметтер қорының обьектілерін жасау, енгізу, оны өңдеу, конструктор режимінде кестені жасауға және оның құрылымын өзгертуді үйрену.

Әдістемелік нұсқау:

            Жасалатын мәліметтер қорының логикалық құрылымын анықтайық. Фамилиясы, аты, тобы, туған жылы, күні және адресінен тұратын кесте құрамыз.

            1. Программаны іске қос:   Пуск      Программы        Microsoft Access командасын орында;

            2. Microsoft Access-тің алғашқы жұмыс терезесінен Жаңа мәліметтер қоры (новая база данных) таңдап, ОК батырмасын шерт.

            3. Жаңа мәліметтер қорына сұхбат терезесіндегі файл аты өрісіне Student атауын енгіземіз де Создать батырмасын шертеміз;

            4. Мәліметтер қоры терезесі ашылады, қордың негізгі терезесі болып саналады және мәліметтер қорының кез келген обьектісін ашуға, жасауға, жоюға мүмкіндік береді;

           

Кесте құрылымын құрамыз

1.      Пайда болған Student терезесінде: Кесте (Таблицы) обьектісін таңдап, Создать батырмасын шертеміз;

2.      Новая таблица сұхбат терезесінде жұмыс режиміне Конструкторды таңдап, ОК батырмасын шерт;

3.      Имя поля бағанының бірінші жолына: Фамилия сөзін енгізіп,  оңға пернесін бас;

4.      Тип данных ұяшығының тізімінен Текстовый типін таңда;

5.      Экранның төменгі бөлігіндегі Свойствах поля-дағы Общие астарлы бетіндегі Размер поля жолына 20 санын енгіз;

6.      Обязательное поле қатарындағы менюда Да жауабын көрсет:

7.      Описание бағанының бірінші жолына курсорды қоямыз да, Студент фамилясы түсініктемесін енгіз;

8.      Имя поля бағанының екінші жолына: Аты сөзін егізіп, Текстовый типін таңда;

9.      Описание бағанына: Студент аты түсініктемесін енгіз, Размер поля – 10 деп енгіз;

10.  Имя поля бағанының үшінші жолына: Топ сөзін енгізіп, Числовой типін таңда;

11.  Размер поля тізімінен Целое типін таңда;

12.  Описание бағанына: Топ нөмірі түсініктемесін енгіз;

13.  Имя поля бағанының төртінші жолына; Туған күні мен жылы сөзін енгіз;

14.  Тип данных ұяшығының тізімінен Дата/Время типін таңда;

15.  Формат поля тізімінен Краткий формат даты типін таңда;

16.  Экранның төменгі бөлігіндегі Маска ввода өрісіне курсорды орналастырып, үш нүктелі батырманы шерт. Кілттік өріс пен кестені Таблица 1 атымен сақтауға рұқсат ету сұранысын бекітіңіз;

17.  Создание масок ввода сұхбат терезесінде Краткий формат даты таңдап, Далее батырмасын шерт;

18.  Готова батырмасын шерт;

19.  Көңіл бөліп қарасаңыз Microsoft Access бірінші жолға автоматты түрде Ключевые поле Код жолын қосқан, жазбалардың идентификаторы рөлін атқарады, оның типі Счетчик;

20.  Имя поля бағанының алтыншы жолына: Адрес сөзін енгіз;

21.  Тип данных ұяшығының тізімінен Поле МЕМО типін таңда; Описание бағанына: Үйдің адресі түсініктемесін енгіз;

22.  Таблица 1 терезесін енгізілген өзгерістерді сақтай отырып жабу;

Кестені толтыру

23.  Student терезесінде: Кесте (Таблицы) обьектісін таңдап, Открыть батырмасын шерт;

24.  Фамилия өрісіне өзіңіздің фамилияңызды, Аты өрісіне өзіңіздің атыңызды, Топ өрісіне өзіңіздің тобыңыздың нөмірін енгізіңіз:

25.  Курсорды туған күні мен жылы өрісіне орналастырып, өзіңіздің туған күніңізді ДД.ММ.ГГ форматымен, мысалы, 12.05.79. Ескерту: сандарды ғана енгізу керек, қалғанын Microsoft Access өзі автоматты түрде маска бойынша қояды;

26.  Адрес өрісіне курсорды қойып, өзіңіздің үйіңіздің адресін теріңіз;

27.  Осылайша жеті 7 жазба енгізіп шығыңыз;

28.  Код өрісінде цифрлар автоматты түрде бірге өсіп өзгереді;

29.  Таблица 1 терезесін жабу;

30.  Student терезесінде: База данных-та курсорды Таблица 1 сөзіне қойып, тышқанның оң жақ батырмасымен контекстік менюді шақыр;

31.  Предварительнй просмотр командасын таңда. Терезені жабу;

32.  Student терезесінде: База данных-та курсорды тағы да Таблица 1 сөзіне қойып, тышқанның оң жақ батырмасымен контекстік менюді шақыр;

33.  Переименовать командасын таңда. Кестенің жаңа атауын енгіз:

Т Студенты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтер қоры деген не?
  2. Қандай обьектілерден тұрады?
  3. Кестеде қандай мәліметтер сақталады?
  4. Кестедегі мәліметтер типіне байланысты мысалдар келтір
  5. Кестені конструктор көмегімен құрудың ретін атап шық


Ұқсас жұмыстар

Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
Физикалық зертханалық жұмыстардың міндеттері
Биологиядан зертханалық жұмыстар
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту