№3 СӨЖ

№3 жұмыс

Тақырыбы:                         «Буль алгебрасы» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Буль алгебрасы тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Буль алгебрасы» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 8-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 5-ші, 6-шы  және 7-ші сабақ болып  І оқу тоқсанында өтіледі. 

Сағат саны - 3 сағат.

Оқушының меңгеруі тиіс білімі:

-            компьютердің логикалық негіздерін;

-            пікір, тұжырымдау, пайымдау, ой қорыту, логикалық пікір ұғымдарыныңмәнісін;

-            негізгі логикалық операциялардың ақиқаттық кестелерін.

Оқушылардың игеруге тиіс білігі:

-            пікірлер алгебрасы есептерін шығаруды;

-            ақиқаттық кесте және орындау кестелерін құруды.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша:

Сабақ

Сабақтың атауы

Сағат саны

5

Логика. Логика  пән ретінде. Формальды  математикалық логика. Пікірлер алгебрасы.  

1 сағат

6,7

Логикалық  орепациялар. Ақиқаттық кестелер. Орындау кестелері, компьютердің логикалық негіздері.  

2 сағат

5 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Логика. Логика  пән ретінде. Формальды  математикалық логика. Пікірлер алгебрасы.  Логикалық операциялар. Логикалық көбейту (конъюнкция). 

Бағдарламалық-

Дидактикалық

оқытылуы

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты

Логикалық пайымдаулардың, логикалық операциялардың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Логикалық көбейту операциясын қарастыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

компьютер жұмысының логикалық негіздерін;

пікір, тұжырым, паймдау, ой қорыту, логикалық өрнек ұғымдарының мәнісін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

пікірлер алгебрасы есептерін шешуді;

ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ байланыстарын ЕМЕС терістеуін пайдаланатын пікірлерге мысал келтіруді;

логикалық көбейту операциясы үшін ақиқаттық  кестесін толтыруды.

Логика алгебрасы – математикалық логиканың логикалық мәндері (ақиқат немесе жалған) және қолданылатын логикалық операциялар тұрғысынан қарастырылатын пікірлерді зерттейтін бөлігі. Логика алгебрасы ХІХ ғасырдың ортасында Дж. Бульдің еңбектерінде құрылған. Логикалық алгебрасын қамтамасыз ету әйгілі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге тырысудың нәтижесінде пайда болды. Логика алгебрасының негізгі мәселесі пікірлермен және оларға қолданылатын логикалық операцияларды зерттеу болып табылады. Пікірлер - өздеріне қатысты олар ақиқат немесе жалған екенін түжырымдаудың мағынасы бар болатын сөйлемдер. Өз кезегінде пікір болып табылатындай өзіндік бөлігін ажыратып алуға болмайтындай пікір жай пікір деп аталады.

«Және», «немесе», «егер...», «онда», «эквивалентті» логикалық байланыстарын, «емес» терістеуін және т.с.с. қолдану жай пікірлерден жаңа, «күрделірек» пікір құруға мүмкіндік береді. Логикалық байланыстардың өзіндік атаулары мен белгіленулері болады:

-            «Және» - конъюнкция, & арқылы белгіленеді;

-            «немесе» - дизъюнкция, V арқылы белгіленеді;

-            «егер...», «онда» - импликация, → арқылы белгіленеді;

-            «эквивалентті» - эквиваленттік, ~ (парапарлық) арқылы белгіленеді;

-            «емес» - терістеу, - үстіндегі сызықшасымен белгіленеді.

Осылай алынған пікірлердің ақиқаттығы немесе жалғандығы бастапқы пікірлердің ақиқаттығына немесе жалғандығына және пікірлерге қолданылатын операциялар ретіндегі сәйкес байланыс тұжырымдамасына тәуелді. Ақиқаттықты белгілеу үшін «А» символы, ал жалғандықты белгілеу үшін «Ж» символы енгізіледі. Содан кейін бұл символдардың орнына 1 мен 0 цифрлары пайдаланылады.

Күрделі пікірлердің (пікірлер алгебрасы) формулаларынан оларды құрайтын жай пікірлерді әртүрлі мәндеріне сәйкес мәндерінің ақиқаттық кестелерін пайдаланып анықтауға болады.

    

6 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Логикалық операциялар. Логикалық қосу (дизъюнкция). Логикалық терістеу. Ақиқаттық кестелері. Орындау кестелері. Компьютердің логикалық негіздері. 

Бағдарламалық-

Дидактикалық

оқытылуы

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды логикалық қосу және терістеу  операцияларымен таныстыру. Сәйкес ақиқаттық кестелерді қарастыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

негізгі логикалық операциялардың ақиқаттық кестелерін;

компьютердің логикалық схемаларында пайдаланылатын ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС негізгі логикалық элементтерді.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

логикалық қосудың ақиқаттық кестесін құруды;

логикалық терістеудің ақиқаттық кестесін құруды;

орындау кестесін құруды.

Логикалық көбейту (конъюнкция) – екі пікір де ақиқат болғанда, конъюнкция ақиқат. Пайымдаулардың біреуі немесе екеуі де жалған болғанда, конъюнкция жалған.

Логикалық қосу (дизъюнкция) – пікірлердің кемінде біреуі ақиқат болғанда, дизъюнкция ақиқат, пікірлердің екеуі де жалған болғанда, дизъюнкция жалған болады.

7 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Логикалық есептерді шешу.

Бағдарламалық-

Дидактикалық

оқытылуы

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды логикалық есептерді кесте құрып шешуге үйрету.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

-                        негізгі логикалық операциялардың ақиқаттық кестелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

-                        ақиқаттық кестестелерін және орындау кестелерін  құруды;

-                        кестелер құрып логикалық есеп шешуді.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.             «Буль алгебрасы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.             Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.             Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Буль алгебрасы тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Буль алгебрасы» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.        Сабақ қандай типте өтеді?

6.        Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.


Ұқсас жұмыстар

Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Бақылау жұмысы
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Пән атауы Қазақ тілі стилистикасы
Пәннің саясаты
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Тақырып таңдау, СӨЖ ОСӨЖ жоспарын құру және әдебиеттермен жұмыс