№5 СӨЖ

№5 жұмыс

Тақырыбы:                         «Компьютер құрылымы» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Компьютер құрылымы тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Компьютер құрылымы» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 7-8 сыныптарында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 7-ші, 8-ші, 9-шы, 10-шы және 11-ші  сабақ болып  І-II оқу тоқсанында ЖӘНЕ 8-сынып бойынша 8-9 сабақ болып өтіледі. 

7 сынып бойынша  5 сағат, ал 8 сынып бойынша 2 сағат көлемі берілген.

7 – сыныпқа арналған «Информатика» курсы бағдарламасының

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУЫ

Тақырыбы

Сағаты

1.

Компьютер - әмбебап ақпараттық машина. Информатика дегеніміз не? Компьютер – ақпарат өңдеу құралы. Есептеуіш техниканың даму тарихы. ЭЕМ – ді қолдану аумағы. ЭЕМ – нің қоғам өміріндегі рөлі: мектепте, үйде, бизнесте, медицинада, мәдени ортада, ғылымда. Компьютерде өңделетін ақпарат түрлері.

2

2.

Ақпараттық құралдар. Құралдардың қызметі. Пернетақтамен танысу.

3

КОМПЬЮТЕРДІҢ АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

2.1. ТАҚЫРЫП. ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

№7 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Есептеуіш техникасыынң даму тарихы. ЭЕМ – ның қоғам өміріндегі рөлі: үйде, медицинада, өнерде, бизнесте, ғылымда, ЭЕМ – ді қолдану аумақтары.

Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ЕТ – нің даму тарихымен оны құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру. ЭЕМ – нің өміріндегі рөлін түсіндіру. ЭЕМ – ді қолдану аумақтары туралы ой - өрісін кеңейту.

Сабақтың типі:

Пікірлесіп – түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

ЕТ дамуының негізгі кезеңдерін;

Ақпарат түрлерін;

Цифрлық есептеуіш машинасының құрылу принциптерін;

ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасын;

ЭЕМ – ді қолдану аумақтарын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

әр түрлі бундарға ЭЕМ мысалдарын келтіру;

ЭЕМ элементтік базасы бойынша қандай да бір машина қай буынға жататынын аңықтауды;

ЭЕМ – ді қоғам өмірінде қолдану мысалдарын келтіруді.

2.2. ТАҚЫРЫП. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР

№8 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Дербес компьютерлер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылғылары.

Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру

КУВТ, музыкалық компакт – диск, компьютерлік ойындар, мәтіндік және графикалық редакторлар, калькулятор. Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылармен және олардың міндетімен таныстыру. Компьютердің негізгі құрылғылары – процесссормен, ЖЖҚ – мен, ТЖҚ – мен таныстыру.

Сабақтың типі:

Көрсете түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

Компьютер деген не екенін;

Аппараттық құралдардың негізгіжиынына не кіретінін;

Компьютердің құрылғыларының міндетін (арналуын);

Бағдарламалық жабдықтаманың не үшін керек екенін;

ДК көмегімен не жасауға болатынын;

Жүйелік блоктың алдыңғы панельдегі батырмалар мен құрылғылардың арналуын;

Жүйелік блоктың ішіндегілердің арналуын;

Жүйелік блоктың арғы жағында не орналасқанын;

Процессордың негізгі сипаттамалары мен арналуын;

Компьютердің ішкі жадының түрлері және арналуын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

Компьютерді қосуды және өшіруді.

№9 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердің сыртықы құрылғылары. Енгізу – шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.

Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру

ОЕТС (КУВТ), пернетақталық тренажер. WordPad мәтіндік редакторы (алфавитті – цифрлық пернелердің қызметін көрсету үшін).

Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру. Енгізу – шығару құрылғыларын жалпы шолу. ДК – нің негізгі шығару құрылғысы – монитормен таныстыру. Пернетақтаның арналуы және таратылуымен таныстыру. Әр түрлі алфавитті – цифрлық ақпартты енгізуді көрсету, пернетақтамен жұмы  істеу әдістерімен таныстыру.

Сабақтың типі:

Баяндау, көрсету, практикум.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

Компьютердің ішкі құрылғыларына қандай құрылғылар жататындығын;

Енгізу – шығару құрылғыларын;

Монитордың сипаттамаларын, арналуын, құрамдас бөліктерін;

Пернетақтаның міндетін;

Пернелердің негізгі топтарын;

Алфавитті – цифрлық символдарды енгізу тәсілдерін;

Арнайы пернелердің негізгі функцияларын;

Пернетақтамен жұмыс істеу техникасының ережелерін;

Меңзердің аңықталуы мен міндетін;

Пернетақтаның схемасын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

Пернелердің негізгі топтарын пайдалануды;

Арнайы пернелерді пайдалануды;

Пернетақтамен дұрыс жұмыс істеуді;

Меңзердің орнын аңықтауды және оны басқаруды;

Пернетақтады қолды дұрыс орналастыруды;

Он саусақпен теруді;

Пернелерге дұрыс механикалық басуды;

Теру жылдамдығын асыруды.

№10 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ақпарат енгізу манипуляторлары. Басу құрылғысы.

Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Ақпаратты енгізу манипуляторларымен таныстыру (маус, трекбол, терте (джойстик), сканер). Принтердің түрлерімен, оның жұмысының ерекшеліктері мен принциптерімен таныстыру.

Сабақтың типі:

көрсете отырып, түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

Манипуляторлардың түрлері мен міндетін;

Принтерлердің түрлері мен міндетін;

Прнтерге шығаратын ақпараттың типін;

Принтер жұмысының принциптерін.

№11 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Компьютердің сыртқы жадысы. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт – дискілер. Дискіжетек. CD - ROM.

Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру

ОЕТС – 98 (КУВТ - 98). Иілгіш және компакт – дискілер.

Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт – дискілер сияқты ақпарат тасуыш туралы түсінік беру. Дискіжетек пен CD – ROM жұмыстарымен таныстыру.

Сабақтың типі:

Көрсете - түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

Иілгіш және компакт – дискілер не екенін;

Дискіжетек пен CD – ROM қалай құрылғанын;

Ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін;

Қандай жағдайларда қандай ақпарат тасуыш қолдану керек екенін;

Ақпарат тасуыштардың негізгі параметрлерін;

Иілгіш және компакт – дискілермен жұмыс істеу ережелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

Иілгіш және компакт – дискілерді қолдану;

Ақпаратты бір тасуыштан басқасына алмастыруды;

Иілгіш дискілерді пішімдеуді;

Иілгіш және компакт – дискілердегі ақпаратты қарауды.

8 – сыныпқа арналған «Информатиканың базалық курсының»

КҮНТІЗБЕЛІК ҮЛГІ ЖОСПАРЫ

Аптасына 1 сағ. Барлығы 34 сағ.

Сабақ

Тақырып

Сағат

4 – 5. Дербес пайдаланылатын компьютерлер. Компьютердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері.

8 - 9

ЭЕМ – де деректерде кескіндеу түрлері. ЭЕМ – нің техникалық сипаттамалары мен ондағы орындалатын міндеттердің өзара байланысы. ЭЕМ – нің буындары және элементтік базасы. Басқарудың программалық принципі.

2 сағ.

Оқушының меңгеруі тиіс білімі:

қазіргі дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымын;

компьютердің негізгі тораптарын, олардың өзара байланысын;

компьютерді айрықшалайтын негізгі техникалық параметрлерді;

ЭЕМ – нің буындары мен элементтік базасы;

Компьютердің автоматты жұмыс істеу принципін.

Оқушының игеруі тиіс білігі:

компьютердің әр буынына мысал келтіру және сипаттамалық ерекшеліктерін көрсету;

компьютерге кез – келген енгізу құрылғысын жалғауды және оны құрылымдауды жүзеге асыруды;

дискілерді пішімденуді;

файлдарды архивтеу және архивтен шығаруды;

антивирустық программаны қолдануды.

       

4. ДЕРБЕС ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН КОМПЬЮТЕРЛЕР

№8 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Деректерді ЭЕМ – де кескіндеу түрлері. ЭЕМ – нің техникалық сипаттамалары мен оларда шешілетін мәселелердің өзара байланысы. ЭЕМ – нің буындары мен элементтік базалары.

Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды дербес пайдаланылатын компьютердің архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен таныстыру.

Сабақтың типі:

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

компьютерлердің айрықшаланатындай негізгі техникалық параметрлерін;

ЭЕМ – нің буындары мен элементтік базасын.

Оқушылар меңгеруі тиіс білігі:

әр буын компьютерлеріне мысал келтіруді және сипаттамалық ерекшеліктерін айтып беруді.

5. ДЕРБЕС КОМПЬЮЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ

№9 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымы және жұмыс істеуі. Басқарудың программалық принципі.

Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымымен, программалық басқару принципімен таныстыру.

Сабақтың типі:

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

қазіргі дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымын;

компьютердің негізгі тораптарын және олардың өзара байланысын;

компьютердің автоматты жұмыс істеу принципін.

Оқушылар меңгеруі тиіс білігі:

кез – келген шығыстық құрылғыны компьютерге қосуды және оны орналастыруды іске асыруды;

дискілерді пішімдеуді.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Компьютер құрылымы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Компьютер құрылымы тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Компьютер құрылымы» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.        Сабақ қандай типте өтеді?

6.        Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.


Ұқсас жұмыстар

Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Бақылау жұмысы
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Пәннің саясаты
Пән атауы Қазақ тілі стилистикасы
Тақырып таңдау, СӨЖ ОСӨЖ жоспарын құру және әдебиеттермен жұмыс