№6 СӨЖ

№6 жұмыс

Тақырыбы:                         «Компьютерлік графика» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Компьютерлік графика тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Компьютерлік графика» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 7-8 сыныптарында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 7 сыныпта 19-ші, 20-шы, 21-ші, 22-ші, 23-ші, 24-ші және 25-ші  сабақ болып  ІII оқу тоқсанында және 8-сынып бойынша 13-14 сабақ болып өтіледі.  7 сынып бойынша  7 сағат, ал 8 сынып бойынша 2 сағат көлемі берілген.

            ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы стандартты WINDOWS’98 операциялық жүйесі болып табылады. Paint графикалық редактор дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пиксельдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

            7 – сыныптар үшін «Графикалық редактор» тақырыбы 7 сабаққа бөлінген.

            Paint графикалық редакторында жұмыс істеу

№19 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Paint графикалық редактор.

Негізгі түсініктер. Арналуы. Іске қосу.

Жұмыс өрісі. Құрал – саймандар тақтасы.

Палитра. Сурет салу кезеңдері.

Редакторда тәжірибелік жұмыс.

Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:

ОЕТС. ОЖ WINDOWS’98.

Суретті файлдар. Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру

Сабақтың типі:

Практикум элементтері бар, көрсете- түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

графикалық редактор не екенін;

графикалық редакторды не үшін қолданылатынын;

Paint редакторының терезесі неден тұратынын;

редактор терезесінде тақталарды қалай баптау керек екенін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

графикалық редакторда іске қосуды;

сурет салуды және оларды редакциялауда.

Paint графикалық редакторының құралдары

№20 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Paint графикалық редакторының құралдары.

Тік сызықтарды салу. Шаршыларды, тікбұрыштарды және дөңгеленген тікбұрыштарды салу. Эллипс пен шеңбер салу. Редакторда практикалық жұмыс орындау.

Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:

ОЕТС. WINDOWS’98 ОЖ

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру.

Тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тікбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі:

Практикум

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

редакторда сурет салу техникасын;

Оқушы үйренуі тиіс:

графикалық редакторды іске қосуды;

суреттерді салуды, редакциялауды;

сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді;

тікбұрыштарды салғанда сызықтардың қалыңдығын, түсін өзгертуі;

тікбұрыштың түрін, контуры мен құюының түсін өзгертуді;

эллипстер, шеңберлер және қисық сызықтар салғанда, олардың түсін, қалыңдығын өзгертуді;

эллипс пен шеңбердің түрін, контуры мен құюының түсін өзгертуді.

№21 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Paint графикалық редакторының құралдары.

Қисық сызықтарды салу.

Көпбұрыштарды салу.

Құю құралын қолдану.

Редакторда тәжірибелік жұмыс.

Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:

ОЕТС. WINDOWS’98 ОЖ

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Қисық сызықтарды салу дағдысын қалыптастыру. Көпбұрыштарды салу дағдысын қалыптастыру.

Құю құралын қолдану дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың типі:

Практикум

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

редакторда сурет салу техникасын;

Оқушы үйренуі тиіс:

графикалық редакторды іске қосуды;

суреттерді салуды, редакциялауды;

қисық сызықтар салу;

көпбұрыштар салғанда сызықтың түсі мен қалыңдығын өзгертуді;

тұйық контурларды құю үшін палитраны қолдануды.

№22 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Paint графикалық редакторының құралдары.

Бүріккіш құралын қолдану.

Қылқаламман сурет салу.

өшіргіш құралын қолдану.

Редакторда практикалық жұмыс.

Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:

ОЕТС. WINDOWS’98 ОЖ

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Графикалық редактормен жұмысқа үйрету. Қылқаламмен сурет салу дағдысын қалыптастыру. Бүріккіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру.

Өшіргіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың типі:

Практикум

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

редакторда сурет салу техникасын.

Оқушы үйренуі тиіс:

графикалық редакторды іске қосуды;

суреттерді салуды, редакциялауды;

қылқалам түрін өзгерту;

бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді;

өшіргіштің өлшемін өзгертуді.

Редактор командалары

№23 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Paint графикалық редакторының командалары.

Болдырмау командасы.

Суретті сақтау.

Мәтіні бар сурет салу.

Редактордағы тәжірибелік жұмыс.

Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:

ОЕТС. WINDOWS’98 ОЖ

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Графикалық редактормен жұмысқа үйрету. Болдырмау командасын пайдалануды үйрену, суретті сақтауға үйрету. Суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға үйрету.

Сабақтың типі:

Практикум

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

соңғы үш әрекеттерді болдырмау қалай жасалынатынын;

суретті сақтау командалары, олардың ерекшеліктерін;

мәтіні бар сурет салу әрекеттерінің тізбегін.

Оқушы үйренуі тиіс:

Отменить командасын пайдалануды;

Сохранить командасын пайдалануды;

Сохранить как командасын пайдалануды;

суретке мәтінді кірістіруді;

жазудың қарпін, түсін, өлшемін өзгерту.

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

№24 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

Үзіндіні жылжыту және көшіру.

Үзінділерді көбейту. Үзіндіні жою.

Редакторда тәжірибелік жұмыс.

Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:

ОЕТС. WINDOWS’98 ОЖ

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға үйрету. Үзіндіні көшіруге, жылжытуға, көбейтуге және жоюға үйрету.

Сабақтың типі:

Практикум

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

үзінді деген не оны қалай белгілеу керек екенін;

үзінділермен қандай операциялар жүргізуге болатынын.

Оқушы үйренуі тиіс:

үзінділерді әр түрлі тәсілдермен белгілеуді;

үзіндіні көшіруді;

үзіндіні жылжытуды;

үзіндіні көбейтуді;

үзіндіні жоюды.

№25 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Үзінділермен орындалатын әрекеттер.

Үзіндіні шағылдандырып бейнелеу, бұру, созу және еңкейту.

Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:

ОЕТС. WINDOWS’98 ОЖ

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Үзіндіні шағылдандырып бейнелеуді, бұруды, созуды және еңкейтуді.

Сабақтың типі:

Практикум

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

үзінді не екенін және оны белгілеуді;

үзінділермен қандай операциялар жүргізуге болатынын.

Оқушы үйренуі тиіс:

үзінділерді әр түрлі тәсілдермен белгілеуді;

үзіндіні шағылдандырып бейнелеуді;

үзіндіні бұруды;

үзіндіні өлшемін өзгертуді;

үзіндіні еңкейтуді.

            8- сыныптар үшін графикалық редактор 2 сабаққа бөлінген.

Мәтіндік графикалық және дыбыстық ақпаратты кескіндеу

№13 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеу.

Программалық- дидактикалық қамтылуы:

Оқулық, есептеуіш техника кешені, Paint графикалық редакторы. 

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды компьютерде мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеу принциптерімен таныстыру..

Сабақтың типі:

Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеу принциптерін;

графикалық редакторды, олардың міндетін, типтерін және негізгі мүмкіндіктерін;

графикалық объектілер жасау және өңдеу технологиясын.

Оқушы меңгеруі тиіс білігі:

кез- келген графикалық объектіні жасауды және өңдеуді;

тұтас суретпен және оның үзіндісімен әрекеттерді жүзеге асыруды;

ақ – қара және түрлі түсті суреттердің, ақпараттық көлемін есептеуді.

№14 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Дыбыстық ақпаратты кескіндеу. Windows қосымшалары. Графикалық редактор. Компьютерлік графиканың қолданылу аймақтары.

Программалық- дидактикалық қамтылуы:

Оқу есептеуіш техника кешені.

Оқулық.           Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Дыбыстық ақпаратты кескіндеу. Компьютерлік графиканың қолданылу аймақтарын анықтау.

Сабақтың типі:

Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

компьютерде дыбыстық ақпаратты кескіндеуді;

компьютерлік графиканың қолдану аймақтарын.

Оқушы меңгеруі тиіс білігі:

дыбыс жазуды және қалпына келтіруді, дыбыстық файлдарды өңдеуді;

дыбыстық файлдарды жазуды, оқуды және модификациялау, графикалық бейнелерді жасау және өңдеуді.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Компьютерлік графика» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Компьютерлік графика тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Компьютерлік графика» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.        Сабақ қандай типте өтеді?

6.        Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар


Ұқсас жұмыстар

Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Бақылау жұмысы
Пәннің саясаты
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Пән атауы Қазақ тілі стилистикасы
СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Тақырып таңдау, СӨЖ ОСӨЖ жоспарын құру және әдебиеттермен жұмыс