№7 СӨЖ

№7 жұмыс

Тақырыбы:                         «Мәтіндік редакторлар» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Мәтіндік редакторлар тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Мәтіндік редакторлар» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 7-8 сыныптарында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 7 сыныпта 26-шы, 27-ші сабақ болып  ІII оқу тоқсанында және 8-сынып бойынша 15-22 сабақ болып өтіледі. 

WordPad мәтіндік редакторы

№26-27 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Windows’98-дің WordPad қолданбасымен танысу

Программалық- дидактикалық қамтылуы:

Оқу есептеуіш техника кешені.

Windows’98ОЖ

Оқулық  

Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

Windows’98-дің қолданбаларымен, қарапайым WordPad мәтіндік процессорымен танысу. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы түсінік беру. WordPad қолданбасының терезесі, менюі, пішімдеу және құрал-саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік алу. Мәтінмен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу) Құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Сабақтың типі:

Практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

Мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатынын;

Берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін;

Процессорда жұмыс істеу әдісімен режимі;

WordPad қолданбасы терезесінің құрылымын;

Тақталар мен сызғыштарды қолдану әдістерін, мәтінді пішімдеу тәсілдерін.

Оқушы меңгеруі тиіс білігі:

Мәтіндік файлдарды құруды, редакциялауды, сақтауды, ашуды;

Алмасу буферін қолдануды;

Пішімдеу тақтасымен сызғышты қолдан отырып құжатты пішімдеу.

Word мәтіндік процессоры

16 сабақ

Сабақ тақырыбы

Word мәтіндік процессоры. Негізгі ұғымдары мен әрекеттері. Word-ты іске қосу. Мәтіндік құжаттарды жасау және сақтау.

Программалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық, есептеуіш техника кешені, Word мәтіндік процессоры. Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды Word мәтіндік процессорымен, Word мәтіндік процессорыда мәтіндік құжат жасаудың негізгі әрекеттерімен таныстыру.Құжаттарды сақтау.

Сабақ типі

Практикум элеметтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Зертханалық жұмыс.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Мәтіндік құжат жасау және өңдеу технологиясы.

Оқушының меңгеру тиіс білігі:

Мәтіндік құжат жасауды және мәтіндік құжатты сақтауды.

Microsoft Word-ты іске қосу үшін мына әрекеттер тізбегін орындау керек:

Іске қосу—Прграммалар - Microsoft Word

Аспаптардың стандарттық панелі

Құру

Болдырмау

Ашу

Қайтару

Сақтау

Кестелер мен шекаралар

Басу

Кесте қосу

Алдын ала қарау

Excel кестесін қосу

Дұрыс жазу

Сурет салу

Қиып тастау

Құжат схемасы

Көшірмелеу

Басылмайтын символдар

кірістіру

бағандар

Аспаптардың пішімдеу панелі

Стиль

Оң жақ шеті бойынша

Қаріп

Ені бойынша

Өлшем

Нөмірлеу

Қарайтылған

Маркерлер

Курсив

Сыртқы шекаралар

Астын сызу

Түспен ерекшелеу

Сол жақ шеті бойынша

Қаріп түсі

Центр бойынша

Мәтінді сақтау

17 сабақ

Сабақ тақырыбы

Word мәтіндік процессоры.. Мәтіндік құжаттартты ашу. Құжатты өңдеу. Орфографияны тексеру.

Программалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық, есептеуіш техника кешені, Word мәтіндік процессоры. Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Word мәтіндік процессорыда мәтіндік құжатты ашу операторларымен оқушыларды таныстыру. Мәтіндік құжаттың орфографиясфн тексеру мүмкіндігін көрсетеді.

Сабақ типі

Практикум элеметтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Зертханалық жұмыс.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Мәтіндік құжат өңдеу операцияларын;

Бұрын жасалған құжатты ашу тәсілдерін;

Мәтіндік құжаттардың орфографиялық тексеру тәсілдерін.

Оқушының меңгеру тиіс білігі:

Бұрын жасалған құжатты;

Мәтіндік құжат өңдеу;

Мәтіндік құжаттардың орфографиялық тексеруді жүзеге асыру.

Пішімдеу режимдері

18 сабақ

Сабақ тақырыбы

Word мәтіндік процессоры. Мәтіндік құжатты пішімдеу

Пішімдеу режимдері

Программалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық, есептеуіш техника кешені, Word мәтіндік процессоры. Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды Word мәтіндікдік құжаттарды пішімдеуге үйрету. бүкіл мәтінді немесе оның үзіндісін бөліп алу тәсілдерін көрсету. Пішімдеудің негізгі режимдері (символдарды абзацтық шегіністері; туралау; жоларалық интервалдар; тасымалдарды қою) қарастыру.

Сабақ типі

Практикум элеметтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Зертханалық жұмыс.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Бүкіл мәтінді немесе оның үзіндісін бөлектеу тәсілдерін;

Пішімдеу режимдерін;

Оқушының меңгеру тиіс білігі:

Сөзді, символды, жолды, сөйлемді және бүкіл мәтінді ерекшелеу;

Символдарды пішімдей алуды;

Абзацтық шегіністерді тағайындауды;

Мәтінді немесе оның үзіндісін сол жақ шеті немесе оң жақ шеті, центрі бойынша;

Жоларалық интервалдар тағайындауды, тасымалдаулар қоюды.

Құжаттарды басу

19 сабақ

Сабақ тақырыбы

Word мәтіндік процессоры. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу.

Программалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық, есептеуіш техника кешені, Word мәтіндік процессоры. Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды бүкіл мәтінді немесе оның үзіндісін орын ауыстыру және көшірмелеу операциялармен таныстыру.Мәтіндік құжат беттерін нөмірлеуге үйрету. Мәтіндік құжатты бпапаға шығаруға үйрету.

Сабақ типі

Практикум элеметтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Зертханалық жұмыс.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Мәтіннің орнын ауыстыру мен көшірмелеу тәсілдерін;

Беттерді нөмірлеу операциясы;

Мәтіндік құжаттарды басып шығару;

Оқушының меңгеру тиіс білігі:

Мәтінді немесе оның үзіндісін тарту және жіберу әдісімен орнын ауыстыру мен көшірмелеуді;

Мәтіндік құжаттарды беттерін нөмірлеу;

Баспаға дұрыс жіберуге үйрету;

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Мәтіндік редакторлар» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Мәтіндік редакторлар тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Мәтіндік редакторлар» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.             Сабақ қандай типте өтеді?

6.             Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар


Ұқсас жұмыстар

Бақылау жұмысы
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері
Пәннің саясаты
Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау