№8 СӨЖ

№8 жұмыс

Тақырыбы:                         «Кестелік процессорлар» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Кестелік процессорлар  тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Кестелік процессорлар» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 8 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 8 сыныпта 23-30-шы сабақ болып  ІII-IV оқу тоқсанында өтіледі. 

Компьютердегі кестелік есептеулер

23 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Деректерді кескіндеудің кестелік түрі. Электрондық кестелерде деректерді өңдеу. Деректердің типтері. Формула жазу ережесі. Компьютерде кестелік есептеулерді өңдеу технологиясы.

Программалық- дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені

Оқулық.

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушылардың тіктөртбұрышты кестелер туралы түсінігін қалыптастыру. Оларды электрондық кесте ұғымымен таныстыру. Электрондық кесте ұяшығының, ұяшықтар диапазонының ұғымын беру. Оқушыларды электрондық кестедегі жолдарды, бағандарды және ұяшықтарды белгілеуге үйрету. Оларды электрондық кестелерде деректерді өңдеумен таныстыру. Дерек типтері туралы түсінік беру. Формула және оларды электрондық кестеде жазу ережесі ұғымдарын қалыптастыру. Компьютерде кестелік еспетеулерді өңдеу технологиясымен таныстыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

кестенің не екенін;

қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталатынын;

электрондық кестенің не екенін;

электрондық кестелерді, олардың міндеттерін, типтері мен негізгі мүмкіндіктерін;

электронды кестенің ұяшығы деп нені атайтынын;

ұяшықтар диапазонының не екенін;

электрондық кестелердегі формулалар деп нені атайтынын;

формулада, электрондық кестеде, ұяшықтарға жазу ережелерін;

абсолюттік және салыстырмалы адрес айырмашылықтарын

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

тіктөртбұрышты кестеге мысал келтіруді;

көрсетілген ұяшықтардың адресін анықтауды;

бөліп алынған ұяшықтар диапазоны адресін анықтауды;

электрондық кестелерге мысал келтіруді;

мәтіндік деректерді, сандық мәндерді, ормулаларды жазуға мысал келтіруді;

мәтіндік деректерді, сандық мәндерді, формулаларды жазуға мысал келтіруді;

күнді, уақытты жазуға мысал келтіруді;

формуланы абсолюттік және салыстырмалы адрестерде жазуды. 

Электрондық кесте

Электрондық кесте дегеніміз – дерек жазылған ұяшықтардан тұратын кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.

Электрондық кестелердегі деректердің өңделуі

Электрондық кестелердегі мәтіндік жазбалар әріптердің, цифрлардың және арнайы символдардың кез келген тізбегі түрінде болады.

Мәтіндік ақпарат енгізгенде мәтін ұяшықтың сол жақ шекарасына тураланады.

Сандық дерек дегеніміз – бұл цифрдан, санның «+» немсе «-» таңбасынан, ондық үтірден бастала латын цирлар тізбегі.

Сандық деректерді енгізгенде сандар ұяшықтың оң жақ шекарасына тураланады.

Дата типті деректерді енгізгенде ғасырдың басынан бастап күнді енгізгенге дейінгі күндердің реттік нөміріне түрлендіріледі.

Excel кестелік процессоры

24 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel  кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу.

Программалық

дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры.

Оқулық

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды Excel – дегі негізгі ұғымдармен және амалдармен таныстыру. Жұмыстық кесте элементтерімен таныстыру. Жұмыстық беттермен әрекет жүргізуге, жұмыстық кесте беттері бойынша, жұмыстық беттер қосуға, кесте таңбаларының аттарын өзгертуге, бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге үйрету. Excel – де деректермен жұмыс істеуге үйрету. Дерек енгізу, сақтау және қорғау операцияларымен таныстыру. Деректерді өңдеу ормулаларын қолдануды үйрету.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Excel – дегі негізгі ұғымдар мен әрекеттерді;

Жұмыстық кесте элементтерін;

Дерек енгізу, сақтау және қорғау операцияларын;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

жұмыстық беттермен әрекет жүргізуді;

жұмыстық кестенің беті бойынша, жұмыстық кестенің беттері арасында орын ауыстыруды;

жұмыстық беттер қосуды;

кесте таңбаларының аттарын өзгертуді;

дерек енгізуді, сақтауды және қорғауды;

деректерді өңдеу үшін формулаларды қолдану.

  

25 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel  кестелік процессорында деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен оқушыларды таныстыру.Деректердің орнын ауыстыруы және көшірмелеуді үйрету. Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Диаграммалар салу.

Программалық

дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры.

Оқулық

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі әдістерімен таныстыру. Деректерді жылжытуға көшірмелеуге үйрету. Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету, диаграмма құру.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Excel – де деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерін;

Электрондық кестелер көмегімен деректердің орын ауыстыру және көшірмелеу технологиясы;

Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;

Деректердің орнын ауыстыруды және көшірмелеуді;

Диаграммалар сызуды.

26 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel  кестелік процессоры. Деректерді электрондық кестеде өңдеу. Деректерді өңдеу формулалары. Сызықтық функциялардың графиктерін салу.  

Программалық

дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры.

Оқулық

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Деректерді Excel электрондық кестесінде  өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету. Сызықтық функциялардың графиктерін салуды үйрету.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Электрондық кестелермен сандық ақпаратты өңдеу технологияларын;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;

Дерек өңдеу үшін формулалар құруды;

Сызықтық функция графиктерін салуды.

27 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel  кестелік процессоры. «Абсолютті сілтеме» ұғымын енгізу.

Программалық

дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры.

Оқулық

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды Excel электрондық кестесінде  деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен, «абсолютті сілтеме» ұғымымен таныстыру. Деректерді электрондық кестемен өңдеу кезінде абсолюттік сілтемені пайдалануды үйрету.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Ақпаратты электрондық кестемен өңдеу технологиясын;

«Абсолюттік сілтеме» ұғымын;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;

Электрондық кестелерде деректерді өңдеу үшін абсолюттік сілтемені қолдануды.

28 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel  кестелік процессоры. МИН, МАКС, Сумм, СРЗНАЧ функцияларын енгізу.

Программалық

дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры.

Оқулық

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды Excel электрондық кестесінде  деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. МИН, МАКС, Сумм, СРЗНАЧ функцияларымен таныстыру. Оларды деректерді өңдеу кезінде пайдалануға үйрету. 

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Электрондық кестені пайдаланып, ақпаратты өңдеу технологиясын.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;

Деректерді өңдеу кезінде МИН, МАКС, Сумм, СРЗНАЧ функцияларын функцияларын пайдалануды.

29 – сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel  кестелік процессоры. Excel электрондық кестесіне салып автоматтандырылған тексеруі бар кроссворд құру. 

Программалық

дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры.

Оқулық

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды Excel электрондық кестесінде  деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру,  Excel электрондық кестесіне салып автоматтандырылған тексеруі бар кроссворд құру бойынша практикалық шығармашылық жұмыс жүргізу.  

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Электрондық кестені пайдаланып, ақпаратты өңдеу технологиясын.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;

Электрондық кестені ақпарат өңдеу үшін қолдануды. 

30– сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel  кестелік процессоры. Оқушылардың электрондық кестелерде деректерді өңдеу бойынша практикалық жұмысы. 

Программалық

дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры.

Оқулық

Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды Excel электрондық кестесінде  деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Электрондық кестені пайдаланып, сандық ақпарат өңдеу технологиясын.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;

Электрондық кестені ақпарат өңдеу үшін қолдануды. 

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Кестелік процессорлар» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Кестелік процессорлар тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Кестелік процессорлар» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.        Сабақ қандай типте өтеді?

6.        Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар


Ұқсас жұмыстар

Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Бақылау жұмысы
СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Пәннің саясаты
Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары