6-тақырып. Нарықтың түрлері және оның классификациясы.

6-тақырып. Нарықтың түрлері және оның классификациясы.

Дәрістің мақсаты: Нарықтың атқаратын қызметтері мен түрлеріне тоқтала отырып, оның инфрақұрылымын  сипаттау және зерттеу, нарықтың негізгі элементтерін жан-жақты қарастыру.

1.Нарықтың пайда болу шарттары. Нарықтың атқаратын қызметтері.

2.Нарықтың түрлері.

3.Нарықтың инфрақұрылымының негізгі элементтері және олардың сипаттамасы.

Нарықтық модельге негiзделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды  жүзеге асыру: жеке тұтынушылар мен өндiрушiлер нарық арқылы өзара iс-әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселенi шешудi мақсат етедi. Оларға : ненi, қалай және кiм үшін өндiрудi жүзеге асыру қажеттiлiгiн  жатқызамыз.

Ненi өндiру? Тұтынушы кез-келген тауарды таңдау арқылы өз дегенiн жүргiзедi. Егер сатып алушы белгiлi тауар түрiн көбірек алса, онда тауарға деген баға өседi.Нарықтық шаруашылық механизмiнiң iс әрекетi автоматты сипат алып: тауарға сұраныс өссе, баға көтерiледi және тауар өндiрушi өндiрiс көлемiн ұлғайтады.

Қалай өндiру? Баға бәсекелестiгiн жеңiп, белгiлi пайда алу үшiн тауар өндiрушiнiң бiр ғана жолы бар- ол арзан әрi сапалы өнiмдi шығару. Өндiрiсте ҒТП элементiн кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, бiлiктi кадрлары бар тауар өндiрушiлер болады.

Кiм үшін өндiру? Бұл құбылыс сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен байланыстырылып  түсiндiрiледi. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы , оның табыс деңгейi және т.б. параметрлерін бiлiп отыру керек.

Нарық күрделi экономикалық категория бола тұра өзiмен өзi болған емес. Ол белгiлi және нақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайда өмiр сүредi және көптеген факторларға тәуелдi:

-         меншiк түрлерiнiң көп болуы;

-         нарықтағы шаруашылық субъектiлерiнiң қойылатын экономикалық жауапкершiлiкке сай болып, тәуелсiз болуы;

-    тауар өндiрушiлер мен сауда делдалдарының бәсекелестiгi;

-         белгiсiз нарыққа  өнiм шығару;

-         өнiмге бағаны контрагенттердiң қою құқықтығы;

-         керектi инфрақұрылымның болуы;

Нарық-сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қатынастар мен байланыстар жүйесi.

    Нарық-күрделi жүйе, оның құрылымын әртүрлi белгiлермен классификациялауға болады. Елдегi барлық нарықты былай жiктеймiз: iшкi нарық ,әлемдiк нарық, еларалық нарық, аймақтық нарық, жергiлiктi оқшауланған нарық.

       Әлемдiк нарық-жеке елдiң iшкi нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндiрiстiк кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асырылады.

        Iшкi нарық-бiр елдiң мемлекеттiк шекарасының аумағымен шектелген жалпы iшкi нарық. Ішкі нарыққа өндiрiс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күшi нарығы енедi.

        Еларалық нарық- экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлiнiсi арқылы байланыстыратын бiрнеше мемлекттердiң қатысуымен құрылған нарықты айтады.

        Аймақтық нарық- бөлек территориялық бөлiмше нарығы. Мысалы: республика, облыс,аудан.

       Жергiлiктi оқшауланған нарық- кейбiр елдi  пункттердiң жиынтығы болып табылатын нарық.Бұл негiзiнен халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.

Нарықтық қатынастардың жетiлу деңгейi тұрғысынан нарықты былай жiктеймiз: дамыған нарық, қалыптасатын нарық, әртүрлi дәрежедегi бәсекенi шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).

     Бәсекелестiк сипат пен деңгейi тұрғысына байланысты бөлінеді:

-         мемлекеттiк нарық-бiр субъектiнiң бағаны  анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектiлер болуы мүмкiн нарық;

-         олигополиялық нарықта-азғана сатушылар (3-4) iс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуi мүмкiн нарық;

-         монополиялық бәсеке нарығы- біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.

-         Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай бөлінеді:

Ресми және ресми емес нарықтар.

Нарық мынандай қызметтер  атқарады:

·        Реттеуші

·        Ақпараттық

·        Сауықтыру

·        Баға белгілеу

·        Делдалдық

Нарықтық экономиканың  негiзгi шаруашылық субъектiлерiне:

  -үй шаруашылығы;

  -фирмалар;

  -мемлекет.

Нарықтық инфрақұрылым:

Аукциондар

Консультатциялық-делдалдық фирмалар

Биржа мен брокерлiк конторлар

Бизнестiң коммерциялық орталықтары

Банктер

Сақтандыру және аудиторлық компаниялар

Коммерциялық орталықтар және компаниялар

Жарнамалық-ақпараттық қызметтер

Мемлекеттiк резервтiк және сақтандыру қорлары

Складтық,элеваторлық,тоңазытқыштық және транспорттық шаруашылық

Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттiк инспекция

Сауда үйлерi

Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы

Көтерме сауда орталықтары

Құқық қорғау органдары

Кадрларды дайындау орталықтары

Лизингтiк компаниялар

Жәрмеңкелер

Кеден қызметтерi

Өндiрушiлердiң әртүрлi ассоциациясы

Мемлекеттiк салық инспекциясы

Маркетингтiк зерттеу орталықтары

Тұтынушыны қорғайтын қоғам

және басқалары


Ұқсас жұмыстар

Тауарды нарыққа шығару кезеңі
Халықаралық сауданың теориялары
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау
Тауар нарығы: құрылымы, негізгі сипаттары, артықшылықтары мен кемшіліктері
Туристік кәсіпорындағы маркетинг ақпарат жүйесімен қамтамасыз етудің маңыздылығы
«Микроэкономика» пәні бойынша лекциялық курс
Бағалар жүйесі жəне олардың классификациясы
Цитология және гистология түсінігі
Экономикалық теория