Зертханалық жұмыс

Зертханалық жұмыс №5-6

Тақырыбы: MS Access бағдарламасында дайындалған кестеге Delphi ортасында қатынас орнату тәсілі

Мақсаты: Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған компоненттер жиынтығымен таныстыру. MS Access бағдарламасында дайындалған кестеге Delphi ортасынданан қатынас орнату тәсілін көрсету

 

Теориялық түсініктеме

Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бірнеше компоненттер жиынтығы бар. Әр жиынтық белгілі есептер шеңберін шешуге өте қолайлы. Неліктен компоненттердің мұндай әртүрлілігі бар? Олардың барлығы мәліметтерге қатынас жасаудың әртүрлі технологиясын қолданады және өздерінің мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Microsoft дайындау өнімдеріне тек өзі дайындаған ADO мәліметтерге қатынас жасау технологиясын кіріктірді. Borland фирмасы әртүрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін құралдарды ұсынып, программисттің мүмкіндігін шектемейді. Және-де, кез-келген жағдайда қолданыла алатын өзгеде компоненттер тобы бар.

Мәліметтерге қатынас жасау құралдарына қысқаша тоқталайық.

§ Data Access қалташасында мәліметтерге қатынас жасаудың негізгі компоненттері орналасқан. Бұл компоненттер барлығына ортақ және басқа да компоненттер топтарымен бірге қолданыла алады.

§ Data Controls қалташасында кестедегі мәліметтерді бейнелеуге және өңдеуге арналған компоненттер орналасқан. Бұл компоненттерде осы мезетте қолданылып отырған мәліметтерге қатынас жасау технологиясына тәуелсіз қолданыла алады.

§ BDE қалташасы Borland  фирмасы дайындаған Borland Database Engine деп аталатын технология бойынша мәліметтер қорына қатынас жасауға мүмкіндік беретін компоненттерден тұрады.

§ Бұл технология ескірген және де ескі версиялармен сәйкестікті ескеру үшін ғана ұсынылады. Осыған қарамастан ол Paradox және dBase сияқты ескірген мәліметтер қоры типтерімен жақсы жұмыс істейді

§ DBExpess – бұл Borland фирмасының жаңа мәліметтерге қатынас жасау технологиясы. Ол өте қолайлылығымен ерекшеленеді және мәліметтер қорын қолданатын Клиент-Серверлік қолданбаларды программалауға ыңғайлы. Бірдей атаулы қалташа компоненттерін мүмкіндігінше Серверлік технология бойынша құрылған мәліметтер қорымен қолданған дұрыс, мысалы Oracle, DB2 немесе MySQL.

§ ADO (Active Data Objects) – Microsoft корпорациясы дайындаған мәліметтерге қатынау технологиясы. Өте жақсы кітапхана, тек оны мүмкіндігінше Microsoft мәліметтер қорларымен қолдану керек, дәлірек айтқанда MS Access немесе MS SQL Server.

Ары қарай жұмыс істеу үшін компьютерде MS Office және оның компоненті MS Access орнатылған болуы керек. Дәл осы MS Access-те реляциялық мәліметтер қоры құрылады, ал онымен жұмысты Delphi-де жүргіземіз.

 

Жұмысты орындауға нұсқау

1.        MS Access программасын ашып, онда төмендегі құрылымды кестесі бар мәліметтер қорын дайында. Кестенің құрылымы 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте

Өріс атуы

Типі

Сипаттама

Key1

Счетчик

Бұл кілттік өріс. Өріс өлшемі – Длинное целое. Индекстелген өріс – Да (қайталану болмауы керек).

Тегі

Текстовый

Өріс өлшемі – 50 . Индекстелген өріс – Да (қайталану бола береді).

Аты

Текстовый

Өріс өлшемі – 50 . Индекстелген өріс – Да (қайталану бола береді).

Телефон

Текстовый

Өріс өлшемі – 10 . Индекстелген өріс – Да (қайталану бола береді).

e-mail

Текстовый

Өріс өлшемі – 20 . Индекстелген өріс – Да (қайталану бола береді).

Қала

Числовой

Өріс өлшемі – Длинное целое. Индекстелген өріс – Нет.

 

Ескерту: Неліктен қала атауы мәтіндік өріс емес? Бұл сұрақтың жауабын алдағы уақытта талдаймыз.

Key1 өрісін кілттік өріс ретінде көрсетуді ұмытпа. Кестені Анықтама атауымен сақта. Осымен бірінші мәліметтер қоры дайын.

 

2. MS Access мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған программа құрамыз. Ол үшін ADO технологиясын қолданамыз.

Енді Delphi-де жаңа жоба құрыңыз. Онда ADO компоненттер пaлитрасынан формаға ADOConnection компонентін орналастырыңыз. ConnectionString қасиетінде көрсетілуге тиіс сервермен байланысты баптайық. Ол үшін ConnectionString жолында тышқан батырмасын (немесе компоненттің өзін) екі рет шерту керек. Нәтижесінде 1-суретте көрсетілген терезе ашылады.

image

Мұнда екі түрлі таңдау жасау ұсынылады:

o   Арнайы файлды қолдану (Use Data Link File);

o   Қосу жолын қолдану(Use Connection String).

Бұл жерден екінші нұсқаны таңдаймыз, яғни қосу жолын қалай дайындау керектігін қарастырайық. Ол үшін Build батырмасын шерт. Нәтижесінде 2-суретте көрсетілген терезе ашылады.

image

Поставщик данных қалташасында барлық мүмкін ADO мәліметтер қорларына қатынау драйверлерінің тізімі берілген. Біздің жағдайымызда MS Access мәліметтер қорларына қатынау үшін Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider драйвері қолданылады. Мұндай драйвер міндетті түрде MS Office пакетімен бірге орнатылады. Осыдан кейін Далее (Next) батырмасын басыңыз немесе Подключение (Connection) қалташасына өтіңіз. Подключение қалташасының түрі таңдалынған драйверге байланысты болады. Біздің жағдайымызда ол 3-суретте көрсетілгендей болуы керек.

Алдымен Выберите или введите имя базы данных (Select or enter a database name)  жолында мәліметтер қорының атауын енгізу керек (қажет жағдайда жолын да көрсету керек). Егер мәліметтер қоры орындалатын қолданба файлы орналасқан каталогта болса, онда жолын көрсетудің қажеті жоқ.

Кеңес

Қорларды орындалатын файлдармен бір каталогта сақтаңыз. Егер жеке сақтасаңыз, онда оның толық жолын көрсетуге тура келеді, ал бұл программаны басқа компьютерге көшіру кезінде мәселе туындатады. Себебі онда программа қорды көрсетілген жол бойынша іздейді. Егер файлдарды басқа каталогта ұстағыңыз келсе, онда салыстырмалы жолды көрсетуіңізге болады.

 

image

Ескерту

Мәліметтер қоры файлын таңдауды жеңілдету үшін, енгізу жолының оң жағындағы үш нүктесі бар батырманы шерту керек.

 

Енді келесі өрістерді толтырайық.

o   Пользователь (User name): бұл мәнді үнсіз келісім бойынша қалдыруға болады.

o   Пароль (Password). Егер қорда жасырын сөз болса, оны көрсету керек.

o   Пустой пароль (Blank password). Егер жасырын сөз қажет болмаса, онда бұл жерде белгі қойылады.

o   Разрешить сохранение пароля (Allow saving password). Егер бұл жерде белгі қойылған болса, онда жасырын сөз сақталып қалуы мүмкін. Ал егер белгі қойылмаса, қорға әр кірген сайын жасырын сөзді енгізіңіз деген терезе шығып отырады.

Мәліметтер қорын таңдағаннан кейін байланысты тестілеу үшін Проверить подключение (Test Connection) батырмасын басыңыз. Егер барлығы дұрыс көрсетілген болса, Тестирование соединения прошло удачно (Test connection succeeded) хабарламасы көрінеді. Енді Ok батырмаларын басып терезелерді жабыңыз.

Қолданбаны баптауды жалғастырайық. Енді ADOConnection компонентінің қасиеттерінде LoginPrompt қасиетіне false мәнін қойып, өшіру қажет.    Бұл қорға әрбір қатынас жасалынған кезде жасырын сөз енгізу терезесін шақыру орындалмау үшін қажет. Ары қарай қормен байланыс орнауы үшін  connected қасиетіне true мәнін қоямыз. 

Осымен байланысу бітті деп есептеуге болады. Енді құрылған Анықтама кестесіне қатынас жасау керек. Ол үшін формаға компоненттер палитрасының ADO қалташасынан ADOTable компонентін орналастырамыз. Оның Name қасиетін бірден  BookTable мәніне өзгерту керек.

Бұл компонентте де ConnectionString қасиеті бар, оны да осылай баптауға болады. Енді BookTable компонентінің Connection қасиетінде өзіміз құрған мәліметтер қорымен байланысу компоненті - ADOConnection1 көрсетуіміз керек. Connection қасиетіндегі ашылатын тізімді шертіп,  ондағы жалғыз ADOConnection1 пунктін таңдаңыз. Енді ConnectionString қасиетін толтырмай-ақ қойсақ болады.

TableName қасиетінен өзіміз құрған Анықтама кестесін таңдаймыз. Кесте және онымен байланыс орындалды, енді қосылуға болады. Ол үшін Active қасиетіне True мәнін қою керек.

Кестедегі мәліметтерді бейнелеу үшін формаға компонентер палитрасының Data Access қалташасынан DataSourse компонентін орналастырамыз. Енді бұл компонентке ол қай кестені бейнелейтінін көрсету керек. Ол үшін DataSet қасиетінде ашылатын тізімнен біздің Анықтама кестесімен байланысқан BookTable компонентін таңдау керек.

Осымен барлығы дайын, енді мәліметтерді шынайы бейнелеуге кірісуге болады. Кестені бейнелеудің ең қарапайым тәсілі - DBGrid компоненттін орналастыру. Бұл компонент – мәліметтерді кесте түрінде бейнелей алатын тор. Осы компонентте біздің кестеміздің жолдарын қосуға, жоюға және өңдеуге болады.

image 

Қолданба дайындаудың соңғы кезеңінде – тордың компонентін кестені бейнелеу компонентімен байланыстыру керек. Ол үшін DBGrid компонентінің  DataSource   қасиетінде өзіміз дайындаған  DataSource1 компонентін көрсету керек.

 

image

3. Енді қолданба дайын болды (4.1 және 4.2 сурет).Осы мысалды жүктеп көріңіз, содан кейін бірнеше жол қосып, өңдеп, кейбір жолдарды  жойыңыз.

Жолды қосу үшін <Ins> пернесін,  ал жою үшін <Ctrl>+<Del> пернелерінің комбинациясын пайдалану керек.

 

Тапсырма:

1.    Төменде берілген Student атаулы 2 кестедегі құрылымға сәйкес мәліметтер қорын  Delphi ортасында жоғарыдағы әдістеме бойынша дайында.

2 кесте

Өріс атуы

Типі

Сипаттама

Key1

Счетчик

Бұл кілттік өріс. Өріс өлшемі – Длинное целое. Индекстелген өріс – Да (қайталану болмауы керек).

Тегі

 

Текстовый

Өріс өлшемі – 50 . Индекстелген өріс – Да (қайталану бола береді).

Аты

Текстовый

Өріс өлшемі – 50 . Индекстелген өріс – Да (қайталану бола береді).

Тобы

Текстовый

Өріс өлшемі – 10 . Индекстелген өріс – Да (қайталану бола береді).

Мекен-жайы

Текстовый

Өріс өлшемі – 50 . Индекстелген өріс – Да (қайталану бола береді).

Ұлты

Числовой

Өріс өлшемі – Длинное целое. Индекстелген өріс – Нет.

  2. Кітапханадағы кітап қоры туралы мәліметтер қорын дайында (кесте құрылымын өз бетіңмен дайында).

 

Бақылау сұрақтары:

1.    Delphi-де мәліметтерге қандай қатынас жасау құралдары бар?

2.    ADOConnection компоненті не үшін қолданылады және оның қандай қасиеттері бар?

3.    Свойство связи с данными терезесінде қандай жұмыстар атқарылады?

4.    ADOTable компоненті формаға не үшін орналастырылады?

5.    DataSource компоненті қандай қызмет атқарады?

 


Ұқсас жұмыстар

Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
Физикалық зертханалық жұмыстардың міндеттері
Биологиядан зертханалық жұмыстар
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту