№9 СӨЖ

№9 жұмыс

Тақырыбы:                         «Мәліметтер қоры» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Мәліметтер қоры  тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Мәліметтер қоры» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 8 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 8 сыныпта 31-ші, 32-ші, 33-ші және 34-ші сабақ болып ІV оқу тоқсанында   өтіледі. 

31-сабақ

Сабақ тақырыбы

Деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйелері. Деректер базасымен орындалатын амалдар.

Программалаық дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel  кестелік процессоры. Оқулық, Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды деректер базасы ұғымымен, деректер базасын басқару жүйелерімен таныстыру. Деректер базасын класстарға бөлуді түсіндіру. Оқушыларды реляциялық деректер базасы өрістерінің ұғымымен, құрылымымен және типтерімен таныстыру. Деректер базасындағы операциялармен, компьютерде деректер базасын өңдеу технологиясымен таныстыру.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Деректер базаларын класстарға бөлуді;

Реляциялық деректер базалары құрылысын;

Реляциялық деректер базасы өрістерінің типтерін;

Жоба, жазбалар өрісінің не екенін;

Жазба түйінінің не екенін;

Деректер базаларындағы операцияларды.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Деректер базасын жобалауды;

Деректер базаларын өңдеу схемасын құруды.

Деректер базасының ұғымы

Деректер базасы дегеніміз – қандай-да бір тасығышта (қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде) сақталатын, арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы.

Реляциялық деректер  базасының құрылымы

Реляциялық деректер базасы дегеніміз – құрамдас бөліктерінің өзара қатынастарында құрылған деректер базасы.  Олар көбінесе бір тіктөртбұрышты кесте түрінде болады.

32-сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel-дегі деректер базасы. Деректер базасын өңдеу бойынша Excel мүмкіндіктері. Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеу. Деректер базасын сұрыптау.

Программалаық дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық. Жұмыс дәптер.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізілетін операциялармен таныстыру. Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуге үйрету. Біртүйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауға үйрету.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізуге болатын операцияларды;

Деректер базасын жасау мен өңдеу технологиясын.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Деректер базасын жасау мен құрылымын өңдеуді;

Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуді;

Біртүйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауды.

33-сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel-дегі деректер базасы. Деректер базасын бірнеше түйінді өрісі бойынша сұрыптау.

Программалаық дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық. Жұмыс дәптер.

Сабақтың мақсаты

Деректер базасын бірнеше түйінді өрістері бойынша сұрыптауға үйрету.

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Деректер базасын жасау мен редакциялауды;

Деректер базасын бірнеше түйінді өрістері бойынша сұрыптауды.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Деректер базасын құруді және құрылымды өңдеуді;

Деректер базасын бірнеше түйінді өрісі бойынша сұрыптауды.

34-сабақ

Сабақ тақырыбы

Excel-дегі деректер базасы. Деректерді фильтрлеу.

Программалаық дидактикалық қамтылуы

Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық. Жұмыс дәптер.

Сабақтың мақсаты

Excel-де деректер базасын өңдеу. Деректердіә фильтрлеу. 

Сабақ типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

Деректер базасын жасауды және өңдеу технологиясын;

Деректерді фильтрлеу операциясын;

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

Деректер базасын құруды және құрылымды өңдеуді;

Берілген параметрлері немесе шарт бойынша деректерді фильтрлеуді жүргізуді.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Мәліметтер қоры» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Мәліметтер қоры тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Мәліметтер қоры» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.        Сабақ қандай типте өтеді?

6.        Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар


Ұқсас жұмыстар

Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Бақылау жұмысы
СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Пәннің саясаты
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
ТАМАҚ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәні бойынша жұмыс бағдарламасы