№10 СӨЖ

№10 жұмыс

Тақырыбы:                         «Программалау тілдері» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Программалау тілдері  тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Программалау тілдері» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 6-18-ші сабақ болып  I -ІI-III оқу тоқсанында өтіледі. 

1. Программалау тілдері. Тілдің алфавиті.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді  программалау тілінде  жазу ережелерін түсіндіру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар Паскаль программалау  тілінің алфавитін және алгоритмді  программалау тілінде  жазу  ережелерін білуі тиіс.

Жоспар:

1.Тілдің алфавиті

2.Тілдің  ерекшеліктеріне қарай символдардың жіктелуі

3.Символдарды жазу  ережесі.

2. Паскаль программасы  және оның құрылымы .

Мақсаты: Оқушыларды  Паскаль прогаммалау тілінің құрылымымен  және орындалу  ретімен таныстырып, программа бөліктерінде қолданылатын  міндетті түрдегі түйінді сөздердің орналасу ретін қатаң  сақтауды үйрету.

Оқушылардың біліміне  қойылатын талаптар: Оқушылар программаның құрылымын, оның орындалу ретін және программада  қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын білуі қажет.

Жоспар:

1.Паскаль тіліндегі программаның құрылымы.

2.Паскаль программасының жазылу  ерекшеліктері.

3.Бақылау сұрақтары.

3. Мәліметтердің типі. Мәліметтердің стандартты типі. Стандартты типтердің сипатталуы. Шамаларды сипаттау.

Мақсаты: Оқушыларды мәліметтер типімен және стандартты  типтермен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар есеп шығару  процесіндегі мәліметтердің типтерін анықтап, оларды программада  сипаттай алуы керек.

Жоспар:

1.           Мәліметтердің типтері

2.           Стандартты типтердің сипатталуы

3.           Стандартты типтерге қолданылатын амалдарға сипаттама

4.           Бақылау сұрақтары, жаттығулар

4. Өрнектер. Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнектер. Логикалық өрнектер. Символдық өрнектер. Операторлар. Меңшіктеу операторы. Стандартты функциялар.

Жаңа ұғым: Өрнектер, операторлар, меншіктеу операторы.

Мақсаты: Оқушыларға  өрнектердің математикалық жазылуы  мен  программалау  тілінде  жазылу  ерекшелітерін терең ұғындырып, берілген өрнекті программалау  тілінде жазуды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар кез келген математикалық өрнекті программалау тіліне қажетті шарттарды  сақтай отырып, жылдам аударып,  жаза білуі тиіс.

Жоспар:

1.Арифметикалық өрнектер

2.Логикалық өрнектер

3.Стандартты функциялар

4.Өрнектерді  Паскаль тілінде жазу мысалдары.

5.Бақылау сұрақтары  мен жаттығулар

5. Мәліметтерді енгізу және шығару  операторлары. Сызықтық алгоритмді  программалау.

Мақсаты: Оқушыларға мәліметтерді енгізу  және шығару операторларының жазылу ережесін түсіндіріп, сызықтық алгоритмдерді  программалауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар мәліметтерді  енгізу және шығару  операторларының жазылуын біліп, сызықтық алгоритмге  программа құра алатындай  дәрежеге жетуі қажет.

Жоспар:

1.Мәліметтерді енгізу, шығару операторлары

2.Сызықтық алгоритмді  программалау.

6. Таңдау және  шартты операторлар. Өту операторы. Бос оператор.Тармақталу операторы.

Мақсаты: Оқушыларды таңдау және шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Тармақталған алгоритмдеді  программалауды түсіндіру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар таңдау және шартты  операторлардың жазылу тәртібін біліп, тармақталған алгоритмдерге  программа құра білуі керек.

Жоспар:

1.           Тармақталу операторы

2.           Таңдау операторы

3.           Өту операторы

7. Циклдік алгоритмді программалау. Циклдің  түрлері. Циклдік операторлар. While-Do. Repeat-Until. For –Do, For – Downto.Қайталау және тармақталу  операторларының сатылы орналасуы

Мақсаты: Оқушыларды циклдың  түрімен таныстырып, оларды  ұйымдастыруға  қолданылатын операторлардың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік  алгоритмдерді программалауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар берілген есептің шартына қарай  цикл ұйымдастырудың қандай операторын қолданған тиімді екенін анықтап, оны  программалай алуы керек.

Жоспар:

1.           Циклдік алгоритмдерді пограммалау.

2.           Циклдік операторлар

3.           Циклдік операторлардың жазылу ережесі, мысалдар

8. Графиктік режим. Экранның координаталық жазықтығы.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын экранның координаталар жазықтығымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар экранның  координаталар жазықтығын дұрыс ұғынып, графиктік суреттерді  шығару үшін режимді  инициализациялауды  меңгеруі қажет.

9. Графиктік редактор.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде  графиктік режимде іске қосу процедураларымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Графиктік режимді іске қосу процедураларын және суреттерді  координаталар жазықтығына сала білу.

10. Графиктік объектілерді программалау.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде  графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын операторлар мен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар Паскаль тілінде   графиктік редактор көмегімен  қарапайым  сурет сала білуі қажет.

11. Символдық шамалармен  жұмыс жасау амалдары. Символдық мәліметтерді енгізу.

Мақсаты: оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: символдық ақпаратты  пернетақтадан енгізу, экранға шығару  әрекетін орындауды меңгеру.

12. Паскаль тілінде  мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Тіркестік өрнектер. Сөз тіркестерін өңдеуге арналған  стандартты функциялар мен процедуралар.

Мақсаты:Мәтіндік ақпаратты  өңдеу  поцедураларымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:Мәтіндік ақпарат өңдеу процедураларын дұрыс қолдана білу.

13. Жиым. Элемент түрі, өлшемі, индекстер. Бірөлшемді жиыммен жұмыс істеу.

Мақсаты:  «Жиым» ұғымы мен жиым элементтерін реттеу  әрекеттерінің орындалуын таныстыру. Жиым элементтерін  енгізіп реттеуге программа құра білуге үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар жиымды сипаттау, элементтері, индекстерін көрсете білуі, жиым элементтерін реттеу программаларын жаза білуі  қажет.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Программалау тілдері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Программалау тілдері тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Программалау тілдері» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.        Сабақ қандай типте өтеді?


Ұқсас жұмыстар

Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Бақылау жұмысы
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері
Пән атауы Қазақ тілі стилистикасы
Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау
Пәннің саясаты