№11 СӨЖ

Тақырыбы:                         «Модельдеу» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты:                 Модельдеу  тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Модельдеу» тақырыбы мектептегі  информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 19-22-ші сабақ болып  ІII-IV оқу тоқсанында өтіледі. 

1. Модельдер, модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.

Мақсаты: оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдедің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар қарапайым модельдеуге мысал келтіре білуі тиіс.

Жоспары:

1.                  «Модель», «модельдеу» ұғымдарының анықтамасы. Мысал келтіру.

2.                  Модельдің берілу түрлері.

3.                  Түпнұсқа мен модельдің айырмашылықтары.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама. Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін (макеттерін) құру.

Әрбір адамның  күнделікті іс әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның сана - сезімінде алдын ала орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу, т.с.с. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнелетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модельдер жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

2. Модель түрлері.

Мақсаты: оқушыларды модель түрлерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық модельдер жөнінде түсінік беру.

Оқушылардың  біліміне қойылатын талаптар: оқушылар модельдің түрлерін ажырата  біліп, оларға мысал келтіре білуі қажет.

Жоспары:

1.                  Статистикалық және динамикалық модельдің анықтамаларын беру. Мысал келтіру.

2.                  Модельдің түрлері.

3.                  Модельді ортақ қасиеттеріне қарай топтау.

4.                  Модельдің әр түріне анықтама беріп, мысал келтіру.

5.                  Модельді көрсету әдісіне қарай топтау.

6.                  Ақпараттық модель. Оның түрлері.

Анықтама.  Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Модельдерді мынадай  қасиеттеріне қарай топтарға жіктейді: 1. Қолдану аймағы; 2. Модельде уақыт факторын ескеру; 3. Білім саласына қарай топтау; 4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау;

Қолданылу аймағына қарай модель не үшін, қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында: оқу, тәжірибелік, ғылыми – техникалық, ойын, имитациялық (1-сурет) сияқты топтарға жіктеледі.



 


1-сурет. Модельдердің жіктелуі

Модель көрсету әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі (2-сурет).




                   

             2-сурет. Модельдерді көрсету әдісіне қарай топтау.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Балалар ойыншығы материалдық модельдің қарапайым мысалы бола алады.

3. Ақпараттық модельдер.

Мақсаты: Оқушыларды ақпараттық модельдің түрлерімен таныстыру. Копьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар ақпараттық модельдерді ажыратып, оларға мысал келтіре білуі қажет.

Жоспары:

1.        Ақпараттық модель. Мысал келтіру.

2.        Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.

Қысқаша мазмұны:

Анықтама: Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпараттар жинағы және сыртқы әлеммен өқзара байланыс болып табылады. Ақпаратық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпаратқа ғана құрылады. Мұндай модель қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық модель вербальдық және таңбалық болып бөлінеді.

Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.Таңбалық модель  дегеніміз – арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралымен көрсетілген ақпараттық модель.Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді айтады.

4. Модельдеу кезеңдері.

Мақсаты: Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар модель құру кезеңдерін, құрылған модельді талдап, кезеңдерге бөліп, нәтижесін талқылай білуі қажет.

Оқушы білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: модель құрудағы мақсатты анықтап, нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.

Жоспары:

1.        Модельдеудің негізгі кезеңдері. Оларға сипаттама беру.

2.        Модельдеудің жалпы кезеңдері.

3.        Модельдеудің  әрбір кезеңіне жеке-жеке тоқталып, мысал арқылы түсіндіру.

Қысқаша мақзмұны:

Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады (3-сурет).


                                 3-сурет. Модельдеудің кезеңдері.

Модельдеудің жалпы кезеңдерін 4-суреттегідей көрсетуге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.



 


                                       

            4-сурет. Модельдеу кезеңдері.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1.        «Модельдеу» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2.        Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3.        Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1.        Модельдеу қоры тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2.        Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3.        «Модельдеу» тақырыбының мақсаты?

4.        Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5.        Сабақ қандай типте өтеді?

6.        Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар


Ұқсас жұмыстар

Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері
ТАМАҚ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Пәннің саясаты
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бақылау жұмысы
Пән атауы Қазақ тілі стилистикасы