Дәріс №1 Тақырыбы 1. Музыканы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерінің ұстанымдары
Қазақстанның егеменді ел болудың бастауларында небір қиын күндерді бастан кешіп, бүгінде әлем назарына іліне бастаған еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңаруы мен саяси демократияланған кезеңінің тағы да бір жаңа бағыттары ұсынылып отыр. Ол жаңа бағыт Қазақстанның алға басуы барысында әлемдік тәжірибеге сәйкестікті көздеу болып табылады. Осы көздеу, біріншіден, оқу-ағарту ісінде әлемдік ықпалдастыққа ену болса, екіншіден, бәсекелестігі биік мемлекеттер қатарына ену. Бұл екеуі де бүкіл оқу-ағарту жұмысын түбегейлі тексеруді қажетсінеді. Өйткені бүгінгі жаңадан құрылып, жаңа жетіліп келе жатқан егеменді Қазақстан Республикасы ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатында оны дамытудың жаңа негізін қалағалы отыр. Яғни, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасауды көздеп отыр. Осы айтылғандар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, оған білім беру үстінде оның бойына жаңа тұлғалық қасиеттерді сіңіру өте қажет. Жаңа Қазақстанның жаңа адамы республиканың тарихи, ұлттық, демографиялық, географиялық, экономикалық және мәдени ерекшеліктерінің негізінде тәрбиеленіп, қалыптасуы тиіс.
Ондай тұлғаны қалыптастырудың әсерлі факторларының бірі – өнер, оның көркемдік кемелденуі. Бұлар тұлғаның рухани-эстетикалық дүниесіне, көркемдік талғамына, талабына ықпалын тигізеді.
Осыған байланысты педагогика ғылымының алдына өте көкейкесті міндеттер қойылады. Ол міндеттердің орындалуы жас буынның бойында көркем-эстетикалық, ізгілік сана-сезімді, қызығушылықты, идеалды, көзқарасты, талапты, талғамды, қабылдауды, дүниетанымды қалыптастырып тәрбиелеуді керек етеді. Оған өнердің көркемдік-эстетикалық мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді. Сонымен бірге бұл жерде ескеретін мәселе, жас буынды өз халқының ұлттық көркем құндылықтары негізінде әлемдік көркем-эстетикалық мәдениетке үлес қосарлықтай етіп көркем-эстетикалық тәрбие беру қажеттілігі туындайды.
Сонымен бірге бұл айтылғанды ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды «Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып қалыптастыруымыз керек» деген сөзі қоса қуаттайды.
Халыққа білім беру мәселесіне арналған материалдарға жасалған талдау, тәжірибені зерттеу бүгінгі күнде өскелең жас ұрпақтың рухани-эстетикалық жағынан әлсіреуін, эстетикалық сана-сезім деңгейінің төмендеуін көрсетті. Бұл жағдай ауыр рухани-адамгершілік шығынға алып келіп соқтыратыны мәлім. Көркемдік-эстетикалық тәрбие шынайылықтың, мейірімділіктің, әдеміліктің арасындағы үйлесімділікті нығайтады, жас ұрпақтың өміріне эстетикалық бастаулардың енуіне ықпал жасайды, тұлға тұтастығының маңызды құрылымдық компоненттерін қалыптастырады. Эстетикалық тәрбие жолға қойылған рухани-көркем жоғары деңгейдегі даму бар жерде тұлға бойында адамгершілік фундаменті және эстетикалық мақсат қалыптасады, эмоционалдық мәдениет, интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік белсенділік дамиды.
Осы алға қойылған көркемдік білім беру проблемаларының және эстетикалық тәрбие мәселелерінің шешілуі бүкіл кең мағынасындағы тәрбиенің бастауы болатын мектептің алғашқы басқышында оқытылатын музыка өнері пәніне жүктеледі.
Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер.Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті. Соның нәтижесінде қазақ елінде мазмұнды, мағыналы, айтар ойы бар құнарлы музыка мәдениеті қалыптасты.
Қазақтың ұлттық музыка өнері ғасырдан-ғасырға дәуірлеп келе жатқан сарқылмас өнер. Уақыт зымырап, жылдар жылжып өткен сайын тамырын тереңге тартып, өрісін кеңейтіп, барынша даму үстінде. Бұған барша халықтың көзі әбден жетіп отыр.
Өзінің эмоциалық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциалық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциалық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
1. Музыка пәнінің алатын орны
2. Музыканың басқа пәндермен байланысы
3. Көркемдік-шығармашылық қабілеттері
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Мектептен тыс ұйымдар
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Музыка сабағы - өнер сабағы
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компонентті ретінде мәні мен мазмұны
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Ұстаз - ұлы есім