Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

Дәріс сабақтарының мазмұны

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

1

Музыкалық – теориялық білімнің негіздерін игеру. Негізгі дыбыстар және оның атаулары (ноталары). Дыбыстар арасындағы қашықтық тон және жарты тон. Альтерацияның белгілері. Қара клавиштердің атаулары, ноталық жазу.

Өлшем және ырғақ түсініктерінің байланысы. Жай, күрделі және аралас метрлер мен өлшемдер. Жай, күрделі және аралас өлшемдерде ұзақтықтарды тәртіпке келтіріп топтастыру. Такт. Такті сызығы. Затакт (толық емес такт).

Орындаушының отырысы, клавиатурамен танысу. Студенттің орнықты, әрі ыңғайлы отыруы, қолдарын еркін қимылдатып, саусақтарды дұрыс қоюға үйрету. Педализация. Оң жақ педалінен пайдалану. (Реd немесе P)

А) тіке педаль (дыбыспен бір уақытта басылады)

Б) кешіренген педаль (дыбыстан кейін басылады).

Сол жақ педалі пайдалану una Corda (басу), the corda (жіберу)

2

Музыкалық – теориялық білімнің негіздерін игеру. Тональдіктер. Музыкалық терминдер.

Музыкалық дыбыс қасиеттері және онымен жұмыс. 1) музыкалық дыбыстар; 2) шулы дыбыстар.

Дыбыс шығарушы серіппелі дене тербелісінің жиілігі мен жылдамдығы музыкалық дыбыстың биіктігі

3

Музыкалық аспаптар. Кәсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар. Кәсіби аспаптардың шығу тегі. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы. Қазақ халқының аспаптары.

Лад жүйесі және тональдік. Мажор және минор. Гаммалар.

4

Фортепиано аспабының шығу тарихы. Құрылысы. Фортепиано аспабының тарихы Батыста ХVIII ғасырдан басталады. Фортепиано дыбыс байлығымен ерекшелінеді. Фортепиано соло, сүйемелдеу, ансамбль, құрамындағы аспап ретінде қолданылады. Клавиатура мен октавалармен танысу.

Аппликатура. Этюд. Гамма. Арпеджио. Аккорд. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы. Этюд, гамма, аккорд пен арпеджиолар арқылы студенттің техникасының арттыруы.

5

Динамикалық белгілер. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері (f- форте, Р-пиано, mf-меццофорте, mp-меццопиано, <-crеschendo,  >-Diminuendo және  т.б.).

Штрихтар. Штрихтардың (legato, non legato, staccato т.б.) түрлері және олардың Қазақстан, шетел композиторларының шығармаларында орындалуы.

Нотаны бірден оқу. Ансамбльдік орындау.

Транспозиция. Әуен. Транспозиция яғни көшіру белгілі бір дауыстың не аспаптың характері мүмкіндігінде музыкалық швғарманың тесситурасы сай келмеген жағдайларда пайдаланыланылуы.


Ұқсас жұмыстар

Өсімдіктер биотехнологиясының негізгі салалары
Оқушылардың информатикадан білім сапасын жетілдіру
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыдан іске асыру
Оқулық элемент - Adobe Photoshop негіздері
Ақпараттық оқыту мақсатының құралдары және әдістері
Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері
Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері
Деңгейлік саралап оқыту
Модульдік оқыту технологиясы туралы