Глоссарий

АККОРД – (латынша accordae– үйлестіремін деген мағынада)үш, немесе одан да көпдыбыстардан тұратын, тігінен орналасқан біртұтас жүйелі үндестік.

АЛЬТЕРАЦИЯ – («альтерация» латын тілінде – «өзгерту») дыбыстарды жарты тонға немесе бүтін тонға жоғары – төмен өзгертуді айтады. Қара клавиштерден шығатын қосалқы дыбыстарды жазу үшін альтерация белгілері деп аталатын шыртты таңбалар (диез, бемоль, дубль диез, дубль бемоль, бекар) қолданылады.

АНСАМБЛЬ - әншілер немесе аспапта ойнаушы шағын топтан құралған орындаушылар. Ансамбльдің дуэт (екі кісі), трио (үш кісі), квартет (төрт кісі), квинтет (бес кісі) және т.б. сияқты түрлері бар. Ансамбльдер бір тектес аспаптардан да, әр түрлі аспаптардан да құралады.

АППЛИКАТУРА – музыка аспабында ойнаған кезде басатын саусақтардың орналасу, алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі.

ӘУЕН - өзінің жүйелік қиысу жағынан белгілі әсемдік тацуып, көркемдік жағынан бүтін бір бейне болып, лад пен өлшем-ырғақтағыөзара қатынаста үйлескен бір дауысты дыбыстардың тізбегі (гректің melodia - ән айту, өлең, ән, әуез).

ВАРИАЦИЯ – (құбылту деген сөз) баста алған тақырыпты сол күйінен бірнеше рет құбылтып берген музыка түрін айтады.Музыканың негізгі үндік жағы сақталады да, ырғағы, екпіні, өлшеуі, лады өзгеріп, құбылып кетеді.

ГАММА – жалпы октава аралығында орналасқан дыбыстар тізбегін музыка желісінде (ладта) айтады.

ГАРМОНИЯ – (гректің harmonia – байланыс, үйлесу, сай келу) көпдауыстылық құрылым, музыкалық дыбыстардың бүтін тік құрылымды жинағы.

ДЫБЫС КҮШІ – біздің есту сезімдеріміздің дыбыстың қатты немесе жай шығуын қабылдауы. Дыбыстың күші дыбыс тербелісінің шегіне – амплитудасына немесе тербелу қимылының серпілісіне байланысты. Серпіліс көлемі неғұрлым кең болса, дыбыс соғұрлым күшті болып келеді, серпіліс тарылған сайын – дыбыс жай шығады.

ДЫБЫС ТЕМБРІ – дыбыстық бояу.

ДЫБЫСТЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ – дыбыстардың уақыт шамасымен өлшенетін созылу қашықтығы.

ЕКПІН (темп) – музыкалық шығармалардың жылдамдық қозғалысын айтады.

КУЛЬМИНАЦИЯ – (латынша culmen - шың) әуен дамуының ең жоғарғы сатысы – оның шиеленісу шыңы.

КҮЙ - қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйші - композиторлары Қорқыт, Құрманғазы, Дина артында көптеген күйлер қалдырды.

Күйді тындағанда оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек.

МАРШ - мереке шерулері мен мемлекеттік қонақтарын салтанатты түрде қарсы алған кезде, жорықтарда, солдаттар сап түзегенде ойналады. Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш- жігермен орындалатын шығарма.

МЕЛИЗМ – арнайы белгілермен көрсетілген қысқа әуендік айналымдар (мелизм – грекше melos - әуез, ән, әуен деген мағынада). Негізгі  міндеті - әуендегі дыбысты әуездік әшекеймен безендіру. Басты түрлері: форшлаг, мордент, группетто, трель.

МЕТР – музыкалық шығармада күшті және әлсіз үлестердің бірқалыпты алмасып келуін айтады.

МОДУЛЯЦИЯ – бір тональдіктен екінші тональдікке ауысу.

МУЗЫКАЛЫҚ АКУСТИКА - музыкалық дыбыстар мен үндестіктердің табиғатын және музыкалық жүйелер мен құрылымдарды зерттейді.

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫС – белгілі биіктігі, ұзақтығы, күші және тембрі бар дыбысты айтады.

МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫСТАРДЫҢ БИІКТІГІ – белгілі бір жиіліктегі дыбыстардың тербелістерін қабылдап, түйсіну болып табылады.

МУЗЫКАЛЫҚ ЖАНР – белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмұны мен түр жағынан үздіксіз дамып, өзіне тән кейбір тұрақты белгілерін сақтап қалған шығарманың түрі.

МУЗЫКАЛЫҚ СТИЛЬ – көркемдік әдіс пен тәсілдер жиынтығы; өткен дәуірдің, қазіргі замандағы көркемдік әдіс-тәсілдер мен бағыт-бағдарламасы анықталған музыкакның өзіндік дара ерекшелігі, қолтаңбасы.

НОТА – («nota» – лат., итал. – «таңба») музыка дыбыстарын жазатын белгілі бір таңба.

ОКТАВА – бір дыбыстың келесі сегізінші биіктікте қайталануын айтады (октава – лат. – сегізінші; дыбыс тізбегінің сегізінші басқышы деген мағынада).

ПОЛИФОНИЯ – (гректің poly – көп, және phone – дыбыс, дауыс)көпдауыстылық құрылым, көлденең үйлестік негізінде қабылданып, бір уақытта екі немесе одан да көп әуеннің үйлесе дамитын дербес бірлігінде қалыптасады.

ПРЕЛЮДИЯ – бір актінің кіріспесі. Кейін прелюдия  белгілі бір аспапқа арналған өз алдына шығарма болып кетті. Прелюдияны көп жазғандардың ішінде И.С.Бах.

РЕГИСТР – дыбыс тізбектерінің бояулық қасиеттері жағынан бір-біріне ұқсас, жақын аумағы. Үш регистр: төменгі регистр, немесе «бас» регистр, бұған – субконтроктава, контроктава,  үлкен октава жатады; орталық – кіші және 1-2 октавалар; жоғарғы – 3-4-5 октавалардан құралады.

РОНДО – (франц. – шеңбер, дөңгелену) – бір тақырыпқа қайта-қайта келе беретін музыка түрі. Мұнда бас тақырып әннің қайырмасына ұқсайды. Сол бас тақырыпқа қайталап келекр алдында жаңа музыка болады. Оны эпизод дейді.

СОНАТА – (итал. - дыбыстау) екі тақырыптың күресі, талас-тартысы. Соната бір аспапқа жазылады: фортепианоға, скрипкаға т.б. Соната бір бөлімді, екі-үш-төрт бөлімді болады. Оның әрбір бөлімі қарама-қарсы болады. Бірақ бәрінің идеялық-көркемдік желісі бір сағаға құяды.

ТАКТ – бір күшті үлестен келесі үлеске дейінгі аралықтағы музыкалық шығарманың бір бөлігі.

ТОНАЛЬДІК – тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі.

ТРАНСПОЗИЦИЯ (латынша transposition – көшіру, орын ауыстыру) – музыкалық шығарманы қандай да болмасын бір интервалға жоғары немесе төмен, болмаса бір тональдіктен екінші тональдікке көшіруі.

ФУГА – (лат. – жүгіру, қуу) әр дауыс бір-біріне бағынбайды, өзінің даму жолы болады. Бірақ беталды әр дауыс жүре бермейді, жалпы гармония-полифония заңдары бойынша ұласып отырады. Фугада бір дауыс екінші немесе үшінші дауысты қуып отырған сияқты болады. Фуга атануы содан.

ЭТЮД – (франц. – үйрену, зерттеу, жаттығу) үйренуге, дағдылануға арналған шығарма. Аспаптың қай-қайсысына да болса ойнап үйренгенде, орындаушы белгілі бір шығарма орындамас бұрын осы шығарманы ойнап жаттығады. Бірақ, этюд – көркем шығарма да бола алады. Мысалы, Шопеннің этюдтары оқулық емес, көркем этюдтар, «концерттік».

ЫРҒАҚ (ритм) – музыкалық шығармалардағы әр түрлі дыбыс ұзақтықтарының белгілі мерзімде алма-кезек ауысып отыруы.


Ұқсас жұмыстар

Глоссарий
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Қашықтықтан оқытуды іске асыруға арналған MOODLЕ жүйесі
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
МДҰ әдістемелік кабинет
JavaScript- та бағдарламалау
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру