Музыкалық аспаптар

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

1.                             Басқа халықтардың музыкалық аспаптары

2.                             Қазақтың халық музыкалық аспаптары

Кәсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипкафлейта, гобой, кларнет, литавра, арфафортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 – 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды.

Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончельконтрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) жәнешертпелі (арфа, лютня, гитарабалалайкажетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаздабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.

Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура тек Украинада, пандури мен чонгури Грузияда ғана болса, гуслижалейкаволынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз,тарзурна Әзірбайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.

Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды. 
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады. 
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. 
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады. 
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді. 
Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі компазитор Н. Тілендиев « Отырар сазы» оркестрінде қолданды. 
Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады. 
Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген.Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді. 
Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады. 
Саз сырнай – алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген 
Үскірік – үрлеп ойнайтын аспаптардың ескі түрі. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Аспаптың дыбысы үскіріп соққан боран мен қатты желдің уіліне ұқсас болғандықтан – үскірік, кей жерлерде уілдік деп аталады. 
Сыбызғы - үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны. Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, ел ішіндегі қариялар оны «жылқы малының азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары қурайдан жасалатын сыбызғының сырты малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға төзімді болып сақталуына, қурайдың жарылып кетпеуіне және үнінің таза сақталуына байланысты қолданылатын әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсерлі. 
Бұғышақ – сүйек пен мүйізден жасалатын аспаптардың бір түрі. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан, жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылады. Аспаптың бұғышақ аталуы «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деген түсініктерден туындаған. 
Шертер – ішекті-шертпелі аспаптардың ішінде беті терімен қапталып жасалатын үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Ішегі жылқы қылынан тағылғандықтан, ертеде ол «шертпе қыл» деп аталған. Осы нұсқасында ол қылқобызға ұқсас, алайда ол ыспалы емес, шертпелі аспап. Қазіргі кезде шертер ең көне (архаикалық), және дамыған нұсқа деп бөлінеді. 
Керней тұтасымен металдан жасалады. Кернейге дыбыс ойықтар салынбайды, үрлеу арқылы дыбыс шығарылады. Кернейдің жез металынан жасалатын үлгісінің жалпы ұзыны 1 метр 50 см, ені 30-35 см болып жасалса, ағаштан жасалатын кернейдің ұзындығы 1 метр, шеңбер аумағы 20-25 см етіліп, сыртына түйе өңешін қаптап жасайды. Бұл – ағаштың жарылып кетпеуі үшін қолданылатын халықтық әдіс. Керней этнографиялық аспап ретінде сирек кездеседі. 
Ұран – өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты қайта біріктіріп, сырты қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті, жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған. Түрік тілдес халықтар арасында ол ұлттық мереке, діни-салт жораларда, мешіт-мазар төбесіне шығып белгі беруге қолданылады. 
Дабыл – ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да терімен қапталады. Құлақшалары бар. Ол теріні керіп тұру үшін жасалады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы – терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты немесе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады. 
Шыңдауылды ертеде аң-құстарды үркітіп, көптеп үйіріп, қаумалап аулау үшін немесе қуып тосынға түсіру үшін қолданылған. Шыңдауылдың шанағы тұтасымен металдан жасалып, бір жақ беті мал терісімен қапталады. Тері қапталмас бұрын шанақтың ішіне шулы үн беретін сылдырмақ-қоңыраулар немесе темір шығыршақтар тағылады. 
Дауылпаз – халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Аспапты таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық мерекелерде және үлкен оркестр құрамында ойналады.

Басқа ұлттардың музыкалық аспаптар туралы: Кавказ, Орта Азия, Үнді, Еуропа, Америка аспаптары.


Ұқсас жұмыстар

Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
ШУЛЫ ҰРМАЛЫ АСПАПТАР
Музыкалық аспаптардың түрлері
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы
Фольклорлық музыка аспаптары
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Ұлттық аспаптар
Музыкалық аспаптардың тарихы