Дәріс №12-13 Музыкалық тәрбие жұмыстарын жоспарлау

Оқушының қалыптасуына үлкен ықпалы бар өріс-оның бос уақыты. Осы бос уақыт өрісінің үш міндеті бар:

1.                  Организмнің демалуы, күш-қуатының жөнге келуі.

2.                  Қызығушылығы мен қабілетін дамыту .

3.                  «Қызықты» адамдармен еркін қатынасу.

Бұл өрістің бір ерекшелігі-оқушылар демалыс түрін өздері таңдап алады. Бұл өрістегі әрекеттерді ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері мынау: әр баланың құштарлығын анықтау; үйірме таңдауға көмектесу; таным, мәдени көзқарастарын кеңейту мақсатымен әдеби, тарихи т.б. кештер ұйымдастыру; кино және драма театрларға апару (ата-аналармен бірге); сынып ұжымының шығармашылық әрекетін ұйымдастыру; сабақты нашар оқитын оқушылардың жақсы жақтарын байқап, балаларға көрсете білу.

Ендігі өріс-баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс қалпы. Оқушының тұрмыс қалпы тек қана үйдің материалдық жағдайымен шектеліп қалмайды. Мектепте ауық-ауық белгілі бір модаға байланысты «эпидемиялар» болып тұрады. Кейбір оқушылар сыныптарындағы, құрбыларындағы киім, аппаратура оларда болғанына налып, өзін кемсітіп жатады. Сондықтан, көп жағдайларда, ата-аналармен келіспеушілік туады.

Осы себептен, сынып жетекшісі отбасындағы тұрмыс жағдайларын жақсы білсе, ол дер кезінде қолайсыз істерге кедергі болар еді.                            

Тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін басқаруды сынып жетекшісі мына логикаға бағындырса, ол жұмыстың нәтижелі болуы сөзсіз:

1.                  Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерді көре білу. Негізгі писхологиялық-педагогикалық ұғымдарды түсіну, тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеру.

2.                  Талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы.

3.                  Өз жұмысының нәтижесін болжай білуі, нақты нәтижелердің тәрбиелік мақсатқа сәйкестігін аңғаруы, қайшылықтарды, тәрбие ісінің перспективаларын көре білуі. Жоспарды оқушылардың даму нәтижесіне байланысты құруы.

4.                  Оқушыларды зерттеу арқылы-тәрбиелік міндеттерді анықтауы.

5.                  Оқушылардың даму деңгейіне байланысты тәрбиенің негізгі міндеттерімен оларға сәйкес іс-әрекеттер белгілеу. Таңдап алынған іс-әрекеттердің түрлері мен тәрбие жұмысының әдістері, формалары тәрбие ісінің деңгейін көтеруге тиісті ықпал жасамайтынына мұғалімнің толық сенуі.

6.                  Тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыру.

7.                  Оқушылардың дамуын болжауы, оларды әр түрлі іс-әрекеттерге араластырып ,өзара жақсы қарым-қатынастарда болуға бағыттауы, адамгершіллік дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиетерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөліп, қажет болса, асыраңқырап (аванс ретінде) мақтаған да артық емес.

8.                  Оқушылардың қабілетіне, қызығушылығына, даму дәрежесіне байланысты тәрбиешінің оларды дамыту мақсатымен, баланың күшті жақтарына сәйкес істер таңдап, тапсырмалар беріп отыруы.

9.                  Тәрбиелеу барысында мұғалім өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеру.

10.              Тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша, сынып ұжымын дамытуға толық мүмкіндігі бар сынып жетекшісі мынадай жұмыстар жүргізеді:      

·                    Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейін, әр қайсысының ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы біледі;

·                    Оқушының дамуы туралы толық хабары бар;

·                    Белсенді оқушылар тобын қолдап, олардың ұйымдастырушылық дағдыларын дамытып, ұжымды тәрбиелеу жұмыстарға қатыстырып отырады;

·                    Ұжымның негізгі белгілеріне және атқаратын қызметіне сәйкес іс-әрекеттер жүйесін қалыптастырады;

·                    Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, тексеруге бағыттап, олардың ынтасын дамытып, ұжымды тәрбиелеу жұмыстарына қатыстырып отырады;

·                    Ұжымның негізгі белгілеріне және атқаратын қызметіне сәйкес іс-әрекеттер жүйесін қалыптастырады;

·                    Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, тексеруге бағыттап, олардың ынтасын дамытып, ұжымда тәртіпті оқушылардың қатарын көбейтіп, олардың адамгершілік қылықтары, қасиеттерін қалыптастырады;

·                    Ұжымның даму барысында, мұғалім өзінің педагогикалық пікірін өзгертіп отырады;

·                    Оқушыларды ұжымдағы өзара қарым-қатынастарын, қоғамға пайдалы еңбектерін бағалау әдістемесін қамтамасыз етеді.

Тәрбиеұғымына анықтамалар:

1.                  Тәрбие-қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері.

2.                  Тәрбиелік үдеріс- ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатында педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.

3.                  Тәрбие жұмысы-ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөніндегі мақсатты бағытталған қызмет.

4.                  Тәрбиелік жүйе-1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі-тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе.

5.                  Өзін-өзі тәрбиелеу- субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүддесіне мақсатты түрде құрылатын және оның қасиеті мен қабілетінің дамуын саналы басқаратын үдеріс.

6.                  Қазіргі заманғы тәрбиеші-ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге, нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагогикалық мақсат ұстанымына бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтималды мүмкіндігін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

7.                  Тәрбие қағидасы-тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

8.                  Тәрбие ережесі-тәрбиенің қандай да бір талаптарын іске асыру бойынша қолданбалы ұстанымдары.

9.                  Тәрбие ортасы-баланың өмірлік іс-әрекеті және оның тұлға ретінде қалыптасуы өтетін табиғи және әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жиынтығы. Оған сынып, мектеп, отбасы ортасын жатқызады. Тәрбие ортасын ұйымдастыру түрлері: ұжымдық өмірдің және қоршаған ортаның жалпы ережесі баланың өзіндік және шығармашылық дамуын шектемейтін стихиялы, авторитарлы  және оптималды болып бөлінеді.

10.              Тәрбие процесін ұйымдастыру формалары-тәрбиелік процесс шеңберінде өтетін формалар; тәрбиеленушілердің мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған ұжымдық және жеке іс-әрекетінің жүйесі. Тәрбиелік жұмыстың бағытына (тәрбиенің адамгершілік, дене шынықтыру және т.б. формалары); қатысушылардың санына (топтық, көпшілік, жеке) байланысты құрылады.

11.              Тәрбиеленуші-бір жағынан, белгілі бір тұлғамен (мұғалім, тәрбиеші, ата-ана) және әлеуметтік ортамен (отбасылық, шығармашылық, еңбек, спорттық немесе оқу ұжымы ) өзара тәрбиелеу әрекетінің нысаны болатын адам. Екінші жағынан, өзін-өзі тәрбиелеу әрекетінің субъектісі ретінде, оған өзінің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда белсенді рөл беріледі.

12.              Тәрбиелеу әдістері- ересектер мен балалар арасындағы педагогикалық тұрғыдан өзара орынды әрекет етудің қоғамдық келісілген тәсілдері, олар балалар өмірін, әрекетін, өзара байланысын, қарым-қатынасын ұйымдастыруға, олардың белсенділігін ынталандыруға және тәртібін реттеуге ықпал етеді.

13.              Тәрбиелеу әдістерін жіктеу- бір негізде реттелген тәрбиелеу әдістерінің жүйесі. Жіктеудің бірнеше түрі бар, дегенмен тәрбиелеу әдістеріне белгілі бір негіз бойынша қатаң шек қойылатындықтан, қолданыстағы жіктеулердің көпшілігі нақтылығымен ерекшеленбейді.

14.              Тәрбиелік қарым-қатынастар- рухани, адамгершілік, т.б. даму және жетілуге бағытталған тәрбиелеу әрекетінде туындайтын адамдар арасындағы өзара қатынас түрлері.

15.              Тәрбиелеудегі әсер-біртұтас әлеуметтік өзара әрекет процесінде тәрбиеленушінің жеке аясын, оның мінезі мен санасын қандай да бір өзгеріске әкелетін тәрбиешінің әрекеті, педагог функциясын атқарудың формасы. Дәстүрде негізгі 4 әдіс атап көрсетіледі:

·                    Иландыру;

·                    Сезім туғызу;

·                    Әсерлену мен еліктеу.

Олардың барлығы әрбір адамдық өзара әрекетте тығыз ұштасады. Педагогтік әсер етудің әр түрлі тәсілдері екі негізгі әдіске әкеледі: талап пен бағаға.

Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар:

1.                  Жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі.

2.                  Өмірмен тығыз байланыстылығы.

3.                  Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан).

4.                  Тәрбие жұмысының формалары оқушылардың жасына, ұжымына, ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкестілігі.

5.                  Жоспардың нақтылығы.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары-педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» әдістемелік хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесе бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетіледі. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің  мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие қызметінің негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.

-Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарлардың түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған жоспарлардың басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп мүдірінің бекітуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың соңында бекітіліп отырады. Үлкен мектептерде жоспарды бекітуді директордың  тәрбие   жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушыға тапсыруы мүмкін . Бекітілген жоспармен барлық оқушыларды таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып жетекшісі оқушыларды және ата-аналар активін тартады.

-Жоспар қандай болуы керек, оған қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрменді құжат болуы үшін, сынып тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.

·         Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.                  Оқушыларға мектептен және сабақтан тыс жұмыстар

1.                  Ұйымдастырушылық қабілеттер

2.                  Мектептен тыс жұмыстар

3.                  Пәндермен байланыстыру


Ұқсас жұмыстар

Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
МДҰ әдістемелік кабинет
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Сынып жетекшісінің қызметі
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері