Орындаушының отырысы, клавиатурамен танысу

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.                             Студенттің отырысы;

2.                             Қойылым

Студенттің орнықты, әрі ыңғайлы отыруы, қолдарын еркін қимылдатып, саусақтарды дұрыс қоюға үйрету. Қойылым дегеніміз – музыка аспапбында ойнау кезіндегі орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып орналасуы. Фортепианолық педагогика ғылымдағы аппаратты қою (постановка аппарата) деп аталатын үрдіс – психомоторлық есте сақтау үстінде музыкалық дыбыстарды біртіндеп анықтау және дыбыс шығарудың негізгі тәсілдерін бекіту болып табылады.

Қол қойылымы – клавиатурада жатады, бірақ қатты басуға болмайды; иықтарды түсіру керек; саусақтар бүгілген және де олардың ұштарымен ойнау қажет. Бұл - дыбысты алудың ең ыңғайлы шарттарымен қамтамасыз етеді. Саусақтар бірінен кейін бірі басқыштарды басып, қимылдар тек ең қажетті (үнемді) болу керек; басқышты соғуға болмайды, оны белсенді қимылмен алу керек. Саусақтар үнемі төмен қарау керек.

Оқытушы оқу кезінде студентің дұрыс отыруына және қолдың аспапта орналасуына бақылауға міндетті. Орындық пен клавиатураның арасы екі қолдың ұзындығына сәйкес болуы керек. Студент өзін тік және еркін ұстау керек. Ойнаған кезде ғана педаль басылады. Иықтар көтерілмеу керек.

Фортепиано аспабымен танысу (жалғасы)

Педализация.

Оң жақ педалінен пайдалану. (Реd немесе P)

А) тіке педаль (дыбыспен бір уақытта басылады)

Б) кешіренген педаль (дыбыстан кейін басылады)

Сол жақ педалі пайдалану una Corda (басу),the corda (жіберу)

Саусақтардың ойын кезінде қойылуы:

І. Саусақтар дөңгеленіп күмбез сияқты тұрады.

ІІ. Басқыштарды саусақтың жұмсақ жағымен басу керек.

ІІІ. Бір де бір саусақ ішке түсіп кетпеуі керек.

ІV. Ойын кезінде саусақтар қара басқышқа жақын қойылады.

Саусақтардың ретімен орналасуы:

1.                             Басбармақ-бірінші

2.                             Балан үйрек-екінші

3.                             Ортан терек-үшінші

4.                             Шылдыр шүмек-төртінші

5.                             Кішкентай бөбек-бесінші

Сұрақтар мен тапсырмалар

Қолдың қойылуына қажет жаттығулар:

1.                             Бірінші топ жаттығулар жеке дыбыстардың аспапты басуынан тұрады. Дыбыстарды, жұмсақ қолдардың нәзік қимылымен 2,3,4 саусақтармен әр қолмен жеке ойнау керек.

2.                             Екінші топ жаттығулар олар әр дыбысты әр түрлі октавада жеке қолмен ойнаудан тұрады.

3.                             Үшінші топ қос ноталар мен жаттығуы.


Ұқсас жұмыстар

Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру
Кримналистік жалған құжаттарды жасау жолдары
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар және олардың түрлері. Іс қағаздарының формалары мен түрлері
Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде
Шығатын корреспонденциялар мен құжаттарды толтыру
Қаулылар, шешімдер, хаттамалар
Құжаттың құрастырылған немесе шығарылған орны
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Құжат түсiнiгi және қызметі, түрлерi және деректемелерi
Ашық жүйелер концепциясының ГАЖ инструментальдық пакеттерінде қолданылуы