Дәріс №14-15 Сыныптан тыс жұмыстарда музыканы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру формалары

Сыныптағы тәрбие жұмысын барлық мұғалімдер жүргізеді. Оның негізгі ұйымдастырушысы-сынып жетекшісі. Ол сыныптың оқушылар ұжымын топтастырады және тәрбиелейді, оқушылардың ата-аналарының және жұртшылық өкілдерінің тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді. Мұның өзінде ол осыны сынып ұжымының ерекшеліктерін және тәрбиеленушілердің жеке-дара ерекшеліктерін, олардың дамуы мен тәрбиелік деңгейін есепке ала отырып істей алады.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеу, оқушыларды сыныптан тыс әрекеттің әр алуан түріне тарту. Оның назары, әрине, сыныптағы оқу жұмысын ұйымдастыру, білім сапасын арттыру мәселелеріне де ауып отырады. Бірақ оларды шешуге ең алдымен тәрбиеші ретінде қарайды және бұл үшін тәрбиенің әр түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады. Бастауыш ұжымды ұйымдастыра және топтастыра отырып, сынып жетекшісі сабақтан тыс іс-әрекет үрдісінде бүкіл мектептік ұжыммен және оқушылардың басқа да бірлестіктерімен оның дұрыс өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.

Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің негізгі бөлімдері мыналар болып табылады: оқушыларды зерттеп білу, сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу, тәртіпті нығайту, сабақтан тыс (сыныптан тыс) жұмысты, қоғамға пайдалы әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру және өткізу, мұғалімдердің тәрбиелік іс-әрекеттерін үйлестіру, ата-аналармен, жұртшылық ұйымдары өкілдерімен тұрақты байланыс, оларды балаларды тәрбиелеуге тарту. Осы бөлімдер жинақтала келіп сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесін құрайды. Осылардың біреуін алып тастаса, онда  сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі бұзылады. Мәселен, егер сынып жетекшісі оқушыларды күн сайын зерттеп біліп тұрмаса, оқушылар ұжымын тәрбиелеу мен ұйымдастыру міндетін ойдағыдай шешу оның қолынан келмейді. Сынып ұжымын топтастырмайынша, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру тіптен мүмкін емес. Ал отбасымен тығыз байланыс орнатпайынша, мұғалімдер мен ата-аналар талаптарының бірлігіне қол жетпейді.

1.                  Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындаруы қматамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек.

2.                  Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және өздерінің әр түрлі болуы. Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен бейімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар, ата-аналар университеттері, лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.

3.                  Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл топта әрбір келесі шааралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды ету мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Ол жұмысынан айырмашылығы-оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек.

4.                  Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар ұжымының мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтитын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әр түрлі жұмыстарды жүргізген жөн.

5.                  Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек.

-Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспарын құру мақсат емес , бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар кіруі керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әр түрлі бөлімдерден тұрады. Себебі әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын сынып жетекшілерінің жоспары тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып ұжымының даму болашағын бейнелейтін болуы керек, оны төмендегі 1 суреттен  және сабақтан тыс жұмыстың түрлері мен мақсаттарынан көре аласыздар:

Сабақтан тыс жұмыстың түрлері

             

Сурет 1. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері

Факультативтер

Факультативтік курстар – сабақтан тыс уақытта  өтетін  оқу бағдарламасында   бекітілген  вариативтік сабақтар түрі.

Мақсаты:  

Білімді тереңдету  мен  кеңейту, оқушылардың  бойында  қызығушылықты қалыптастыру, олардың  шығармашылығы мен ықыластарын дамыту болып табылады.

Олимпиадалар

Олимпиада –оқушыларды білім  жағынан өсуге ынталандыратын оларды белгілі бір пәндерге , ғылымдар түріне қызығушылықты  табандылықты тәрбиелейтін жарыс- байқау.

Мақсаты:

Ең дарынды оқушыны анықтау,олардың бойында  алға қойған мақсатқа  жетуді ,табандылықты өз бетімен жұмыс істеу әдетін  қалыптастыру.

Пәндік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар.

Бір пән бойынша  немесе бір-біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер бойынша  өтетін мектепішілік іс-шаралар.

Мақсаты:

Арнайы жоспарланған іс-шаралар бойынша  әр жастағы оқушыларды қамту , пәндердің  маңызын арттыру, оқушылардың  қызығушылығын дамыту. Сабақтан тыс іс-шараларға  оқушыларды қамту.

Пәндер бойынша тақырыптық кештер

Тақырыптық кештер- оқушылар мен мұғалімнің бірігіп жүзеге асатын  іс-шара.

Мақсаты: Оқушылардың өз тобының немесе сыныбының  намысын қорғай білу, күресе білу; жеңіске жете білу, табандылықты , сабырлықты қалыптастыру. Шығармашылық  қабілеттерін дамыту.

Үйірмелер

Үйірме-сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді ,әсершіл түрлерінің бірі.

Үйірме жұмысының негізінде еріктілік принципі сақталу қажет.

Мақсаты:Белгілі бір бағытта  оқушылардың  бойында ізденушілік іс-әрекетін тәрбиелеу ,болашақ мамандық таңдауға  бағыт беру, жан-жақты дамыған интеллектуалдық тұлға қалыптастыру.

Сайыс жарыстар

Сайыс жарыстар-ғылым ,өнер, спорт түрлерінен жүргізілетін іс-шаралар түрі. Мектепішілік мейрамдардың ,кештердің , үйірме жұмыстарының құрамдас бөлігі.

Мақсаты:Оқушылардың  ғылым, өнер, спорт түрлеріне қызығушылықтарын арттыру, үздіктерін анықтау, ұжымдық, жеке-дара біріншілік құзыреттілігін қалптастыру.

Танымдық іс-шаралар

Диспут, пікірталас, викториналар, сөзжұмбақтар-бұл танымдық ойын түрлері.

Мақсаты:Жарысу, жеңу  қабілетін тәрбиелеу;

Өз бетімен білім алу , өзін-өзі  тәрбиелеу идеяларын жүзеге асыру;

Сөздіктер, қосымша оқулықтар, анықтамаларды пайдалана білу, қиял мен зеректікті дамыту.

Клубтық ,ұйымдық  іс-әрекет

Мектепішілік  оқушылар ұйымын  құру. (көп тараған түрі)

Клубтар-«Жасыл ел» тобы, «Эколог» клубы, «ЖНК» т.б.

Мақсаты:Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке тарту, мәдени құндылықтарды игеруге  бағыттау, әр-түрлі ғылыми жобаларды дайындауға үйрету. БАҚ, Интернет  ақпараттарын пайдалана білу.

Іскерлік ойындар

Бұл  сюжеттік, рольдік  ойындар...(Халықаралық кездесулер, саммит, форумдар, бизнес –форум, дөңгелек стол, т.б.)

Мақсаты:

Оқушылардың бойында шешім қабылдай білу  мүмкіншілігін, рольдердегі нақты іс-әрекетті сезіне білу, зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайдың ұқсас нұсқасын өмірде  пайдалана білуге  тәрбиелеу.

-Сынып жетекшісі жоспарының үлгі құрылымы.  Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1.                  Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.

2.                  Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.

3.                  Тәрбие міндеттері.

4.                  Сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді белгілейді).

5.                  Ата-аналармен жұмыс.

-Сынып жетекшісінің жұмыс есебін жүргізуі. Тәрбие жұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу-күрделі іс. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті түрі-күнделік дәптері, күнделік жүргізуді міндетті емес, бірақ көп сынып жетекшілерінің күнделіктері бар. Онда тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді, сонымен қатар жұмыстар да талданып отырады, сыныптағы кемшілікті жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. Күнделік қалың дәптерден жасалынады. Оның алғашқы беттерінде оқушылардың үлгерімі, қоғамдық тапсырмаларды, тізімі мен тұрақты мекен жайы жазылады. Әрбір оқушыға бір-екі бет бөлінеді, онда оқушылардың мінез-құлқына жасалған бақылаулар нәтижелері жазылып, мінезінің ерекшеліктері, қызығушылығы мен бейімділігі көрсетіледі. Кейбір сынып жетекшілері тәрбие жұмысының есебін жүргізетін ашық күнделік дәптер жүргізеді. Бұл сынып ұжымының шежіресі сияқты болады. Онда жалпы сынып және жеке мектеп оқушылары өміріндегі елеулі оқиғалар жазылып отырады. Сыныптың ашық күнделігін жүргізуге сынып жетекшісі оқушыларды, әсіресе сынып белсенділерін тартады. Бұл сыныптағы жүргізілетін жұмыстың есебін беруге, бағалап отыруға үйретеді және сыныпта жақсы дәстүр қалыптастыруға көмектеседі. 

            Қорыта келгенде, бүгінгі таңда әр мұғалім алдындағы әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдауы тиіс. Әр оқушының бойында ерекше қасиеттер болары сөзсіз. Сондықтан тәрбие үрдісінде сынып жетекшісі оларды қорғап, дамытуы қажет. Ал сынып ұжымы-әр балаға қолайлы ортаға айналуы тиіс.

·         Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.                  Музыканың оқыту әдістемесі

1.                  Жаңа технологиялық әдістер

2.                  Модульдік әдістер

3. Инновациялық әдістер


Ұқсас жұмыстар

Сыныптан тыс музыкалық білім беру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ
Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру негіздері
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру
Сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары