Транспозиция. Әуен

1.                 Транспозиция тәсілдері

2.                 Әуен ұғымы

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

Транспозиция (латынша transposition – көшіру, орын ауыстыру) деп – музыкалық шығарманы қандай да болмасын бір интервалға жоғары немесе төмен, болмаса бір тональдіктен екінші тональдікке көшіруды айтады. Транспозиция яғни көшіру белгілі бір дауыстың не аспаптың характері мүмкіндігінде музыкалық швғарманың тесситурасы сай келмеген жағдайларда пайдаланылады.

Транспозицияның негізгі үш тәсілі бар:

1) берілген интервал бойынша транспозициялау – барынша кең жайылған әдіс;

2) хроматикалық жарты тонға транспозициялау;

3) кілттерді өзгерту арқылы жасалатын транспозиция қазір сирек қолданылады.

Әуен, гректің melodia - ән айту, өлең, ән, әуез сөзі.

Әуен – музыкалық шығарманың негізі болып табылады, ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Әуен шығара білу – композитордың дархан дарыны.

Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік (образдық) мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекі жақтарын топтастырады.

Әуендік қозғалыс бағытының әртүрлі құрылымдары ішінен барынша кең таралғандары:

1) интервалдық секірістерден тұратын әуендер;

2) әуендік толқынмен айқын көрінген әуендер;

3) бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер.

Әуен дамуының ең жоғары сатысы – оның шиеленісуі шыңы, кульминация – шың деген мағынаны білдіреді.


Ұқсас жұмыстар

Аудармадағы транспозиция және трансмутация ұғымы
Транспозонды мутагенез
Дирижерлау техникасын меңгеру
Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі
«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәні бойынша әдістемелік-оқу кешені
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Тіл білімінде метафораның зерттелуі жайлы еңбектердің хронологиясы
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
ДНҚ бірізділіктері: Диспергирленген қайталанулар: SINE – және LINE- қайталанулар және т.б. Мобильді генетикалық элементтер. Палиндромдар
Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі