Қолданылу аймағы

Бұл ПОӘК   5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің «Балалар әдебиеті» пәнін оқуға арналған. 

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастау көзі.    Балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы. Оның өсу, өркендеу, даму жолдары бар. Алғашқыда жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Балалар әдебиеті балаларға тәлім – тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.

Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан.

Балалар фольклорындағы сөз өнерінің әдемі кестелері, мазмұнды терең ойлары, парасатты тұжырымдары олардың сөздік қорын байытып, мағыналы да мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады. Балалар әдебиетін  мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінде  қолданады.  Сондықтан балалар әдебиеті пәнін  бастауыш  оқыту әдістемесі  мамандығына оқытудың маңызы зор.


Ұқсас жұмыстар

Жарық көздері
Компьютердің архитектурасы
Магнитті оптикалық дисктер
Химиялық зат
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Экскаваторлар. Жіктелуі, қолданылу облысы
Жартылай өткізгіш лазерлер
ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
AVR тегінденгі микроконтроллерларды пайдалану ерекшеліктері
Жарық диодының жиынтығы мен конструкциясы