Глоссарий

     ГЛОССАРИЙ

Аңыз-  қазақ фольклорлық прозасының жанры, елдің, тайпа, рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар, сондай –ақ нақтылы бір жер- су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтседе, уақыт өте көркемдік сипат алған әңгіме.

Әңгіме- оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.

Бесік жыры- қазақ балалар фольклорының жанрлық түрі. Әнге қосып баланы уатып, қалғытып, ұйықтатуға лайық біркелкі ырғақпен жайдары, жағымды үнмен айтылатын ән.

Драма- сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс- әректін, көңіл- күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.

Ертегі-бұрынғы өткенді қиялмен ұштастыра болжап, сюжетті көркем әңгіме түрінде келіп, қарасөзбен беріледі.

Жаңылтпаш- ауыз әдебиетінің балалардың  тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетік жетілуіне, оралымды, анық сөйлесуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулиды.

Жұмбақ- көлемі қысқа, еске сақтауға қолайлы, белгілі бір затты, табиға құбылысты, адам болмысын, іс- әрекетті, қоғамдық күрес- тартыс шиеленістерді ойланып, шешімін табуға ыңғайлап, басқа нірсенің немесе әрекет – қимыл арқылы тұспалдап айту тәсілі.

Комедия- драмалық жанрдың негізгі бір түрі.Өмірегі келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы міндерді, қасиетсіздікті, оспадарлықты күлкілі етіп бейнелейтін сахналық шығарма.

Өнер- нақтылы іске, соның нәтижесінде туған затқа байланысты

кәсіпті айтады.

            Өтірік өлең- қазақ ауыз әдебиетіндегі  өмір құбылыстарын шындыққа жанаспайтындай етіп айтатын өлең түрі.

            Санамақ- сәбилерге сан үйрету, санның ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі.

            Тақпақ- қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл- ғибраттылық, мінерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы.

            Трагедия- сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың, яғни драмалық жанрдың бір түрі. Өмірдегі бір ауыр жағдай, адамның қиын басына түскен ауыртпалық баяндалады, шығарма көбінесе негізгі кейңпкердің қазаға ұшырайымен аяқталады.

            Тұрмыс- салт жырлары- қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық бір түрі. Халықтың әр түрлі салт, дәстүр, әдет- ғұрып, ырым- жораларына байланысты өлең- жырлар.

           

СЫҢСУ  қыз өзінің ел –жұрты, құрбы-құрдастарымен айырылысар кезде, қайын жұртына аттанар сәтте мұң-зарға толы айтылатын өлеңдер.

ЖҰБАТУ – сыңсуға жауап ретінде жігіттер жағы айтатын жыр үлгісі.

БЕТАШАР – қалыңдық түскенде,  ақ жаулық жауып әкелген жас келіннің бетін ақын ашып,   үйдегі үлкен-кішімен, ел-жұртымен таныстыру түрінде  айтылатын жыр үлгісі.

ЖАНАЗАЛАУ ЖЫРЛАРЫ – адам қазасына байланысты туып, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт жырлары.

ЕСТІРТУ МЕН ЖҰБАТУ – өлген адамның жайын, өлеңмен немесе қарасөзбен  кейде тіпті күймен де жеткізетін хабарлаудан туған жыр.

ЖОҚТАУ – көбіне жауда қаза болған қас батырлардың ерлік істерін еске түсіруден туған жырлар.

ДІНИ-ҒҰРЫПТАРҒА ТУДЫРҒАН ЖЫРЛАР – қазақ фольклорынан ежелгі көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алған. Оның көрінісітері-бәдік, жарапазан,алғыс, қарғыс,арбау,бақсылық сарындары жатады.

МИФ – дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі.

АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕР – оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып, ауызша шығарған қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы.

ЭПОС – оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдарды ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр –дастандар.

РИТОРИКА – сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау.

АЙТЫС – қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің құнарлы бір арнасы ретінде бағзы замандарда туып, қалыптасқан көне жанр.


Ұқсас жұмыстар

Глоссарий
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Қашықтықтан оқытуды іске асыруға арналған MOODLЕ жүйесі
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
МДҰ әдістемелік кабинет
JavaScript- та бағдарламалау
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру