1. Тақырыбы: «Тұрақты даму тұжырымдамалары және принциптері. ҚР тұрақты дамуының болашағы.»

1. «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы:

А) Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері (Пределы роста, 1972).

Б) Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бірінші конференциясының Декларациясы (Стокгольм, 1972).

В) Рио-де-Жанейро (1992) және Йоханнесбургта (2002) бүкіл әлемдік саммиттер.

Г) Еуропалық қалалар тұрақты дамуының Хартиясы (Ольборг қ., Дания, 1994).

Д) Тұрақты даму факторлары: экологиялық (қоғам дамушы коридор шектері), экономиялық фактор (рынок жүйесінің қалыптасуы), әлеуметтік (ауыл-шаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография).

Дәрістің мазмұны.

20 ғасырдың екінші жартысында адамзат алдында ғаламдық мәселелер тұрады. Адамзат пайда болған жағдайдан шығу ізденісін әр түрлі жолымен қарастыруды бастайды. Ғылыми-техникалық революциясының теріс зардаптарын болдырмау, адамзаттың болашақ дамуының сұрақтарының шешілуі, экологиялық мәселелер алғашқы Рим клубының баяндамаларында жасалған.

         Рим клубы – халықаралық өкіметтен тыс ұйымы, өзінің қатарында 10 мемлекет өкілдерін – ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін және іскер адамдарды жинастырады, 30 ғалымдардың тобы. Рим клубы 1968 ж. итальяндық бизнесмен Аурелио Печчеимен ұйымдастырылды. Осы уақыттан бастап «Рим клубының баяндамалары» сериясы жалпы атауы «Адамзат қиыншылықтары» баспадан шығады.

Бірінші баяндама: «Өсім шектері» - 1972 ж. Медоуз жыңысының жетекшілігімен Массачусет университетінің ғалымдар тобымен дайындалады. Дж. Форрестермен 1968 - 1971 жж. өнделген жүйелік анализ әдістемесінің көмегімен қазіргі экономикалық және саяси әдістері сақталуда қоғамның болашақ дамуының ғаламдық моделі құрылды. Моделдеу нәтижесінде көптеген тіршілікке маңызды қорлармен байланысымен қоғам дамуында ұшу және құлау циклдары болатындығы көрсетілген. Кейбір шегі жетілмегенше дейін, халық саны мен энергия қолдануының өсуімен қатар өндірістік өсімі және қорларды пайдалануы да жоғарлайды. Одан кейін дағдарыс болады. Қоғам баяндаманы жарылған бомба ретінде көрді. Медоуздар кітабы 9 млн. дана сатылып, бестселлер атағына жетті.

Екінші баяндама «Адамзат қиылыста» М. Месарович және Э. Пестельмен (АҚШ және ФРГ) дайындалды. Баяндамада 10 өзара тәуелді аймақтарды бөлуімен анализ жасалды. (Жердің әр түрлі жерлерінде мәселелер алуанды.) Әр бір аймақтың дамуы өз жолымен болуы қажет, бірақ тар ұлттық қызығушылықпен емес, ғаламдық талаптарға сай. Сонымен, әлем моделі – көп деңгейлі аймақтық моделден құрылған, динамикалық есептеуіш техникаға негізделген инструмент.

Үшінші баяндама: «Халықаралық тәртіпті қайтадан құру» - голландиялық экономист Я. Тинбергпен және соавторларымен дайындалған. Баяндама локалдық және ғаламдық мақсаттардың қатысының мүмкіндігін көрсете білді.

Төртінші баяндама: «Ғаламдық қоғам үшін мақсаттар» - философ Э. Ласломен құрылды және 2 фундаменталды сұрақты көрсетті:

-  адамзат мақсаттары не болады?

- материалдық өсімнен жоғары рухани адамның сапасын дамытуды қажет етуге келісеміз бе?

Келесі баяндамалар ғаламдық мәселелердің маңызды құрам бөліктеріне арналатын болды, мысалы, қалдықтарды өндеу, энергияны қолдану, қоғамның ұйымдасуы, молшылыққа және байлыққа жетілуі сұрақтарын қарастыра білді.

Табиғатты қорғау Бүкіләлемдік стратегиясының ойын 70-ы жылдардың аяғында алғашқы шығарған: табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау Халықаралық одағы (МСОП), қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы (ко­митеті), жабайы табиғаттың Бүкіләлемдік қоры (ВВФ). Оларда Жер биосферасындағы қауіпті өзгерістерге назар аударылып, ол жағдайды жұмсартатын әрекет шаралар ұсынылды. 

Стратегияның бірінші нұсқасында әлеуметтік-экономикалық даму прогрессінде экологиялық факторларды есепке алу қажеттілігі көрсетіліп, алғашқы рет «тұрақты даму» (sustainable development) термині қолданды.

80-ы жылдардың аяғында бірінші Стратегияның тәжірибесінің еңгізілуі және Әлемдегі өзгерістерді есепке алу туралы жаңа құжат қажеттілігі анықталды.

1986 ж. тұрақты даму Стратегиясының мақсаты тұжырымдалды – ғаламдық өзгерістерге тіршіліктің бейімделуінің негізгі жолдарын бекіту.

1987 ж. қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ Бүкіләлемдік комиссиясымен Гру Харлем Брунтланд жетекшілігімен «Наше будущее» баяндамасында (1989 ж. орыс тілінде жарық көреді) цивилизация дамуының «қоршаған ортаға қауіпсіз, экономикалық дамудың жаңа дәуірі» жаңа моделінің қажеттілігі туралы сұрақ қойылды, алғашқы рет «тұрақты даму» термины ұсынылды.


Ұқсас жұмыстар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы туралы
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мазмұндық сипаты
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
Қазақстан Республикасының иновациялық дамуының минералды шикізат ресурс рөлі