3. Тақырыбы: «Экожүйенің ұйымдасуының әр түрлі деңгейлерінде экологиялық факторлардың өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтары.»

1. Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі.

2. Ю. Либихтың минимум заңы. В. Шелфордтың толеранттылық заңы.

Дәрістің мазмұны.

Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген тipi ағзаны — жануар, осімдік немесе микроор­ганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарымқатынасын зерттейді.

Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған, яғни оған мұраға өткен табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді.

Қоршаған ортаға бұл ағзаны қоршап жатқан, оның күйі мен тіршілік қызметіне тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.

Tipi агзаға әсер ететін ортаның элементтерін эко­логиялық факторлар деп атайды.

Экологиялық фактор дегеніміз — aғзa бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі неме­се жағдайы.

Экологиялық факторлардың жіктелyi

Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі (1-сурет). Абиотикалық факторлар — бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы және т.б.)

Биотикалық факторлар — бұл  бip  ағзалардың тірішілік әрекетінің басқаларына тигізетін әcepi (бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм және т.б.)

Антропогенді факторлар — адам қызметініңщ қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерінің  жиынтығы  (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б.).

Берілген жіктелу шартты больш табылады. Себебі, температураны абиотикалық фактор ретінде қарастырсақ, ол тipi ағзалардың әрекетіне байланысты жиі өзгеріп отырады.

Мысалы, ауаның температурасы +13'0С-дан темендеген кезде бал араларының қозғалыстық белсенділігі артады,  ал   бұл   ұядағы   температураны   25—300С-ға дейін көтереді.

Жоғарыда келтірілген жіктеулерден басқа ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесін бағалауға негізделген (А.С. Мончадский) жіктелу бар. Бұл жіктелу бойынша барлық экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді. Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда болады. Мысалы, Жер шарының тікелей өз өсінен және Күнду айналуы немесе Ай ағзаларының ауысуы.

Аталған факторлардың тұрақты түрде қайталану окілдері  Жердегі  тіршілікке  дейін  де  болған,  сондықтан да  ағзалардың бұл  бірінші ретті периодты факторларға бейімделуі олардың тұқым  қуалау  негізінде ертеден қалыптасқан.

Температура, жарық, толысуы мен қайту факторлары көнтеген мекен ету орталарында ерекше орын алады. Тек ең терең мұхит түбінде - абиссаль зонасында бұл бірінші ретті факторлардың өзгерісі болмашы ғана. Тәжірибелік зерттеулер жүргізгенде тұрақты температура немесе жарықта зертханадағы жануарлардың мінез-құлқы табиғи жағдайлардан өзгеше болатынын есепке алу қажет.

Екінші   ретті периодтық факторлардың өзгері бірінші ретті факторлардың өзгеруінің нәтижесі  больш   табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы  - температураға тәуелді екінші ретті фактор.

Су ортасы үшін epiгeн оттегініңд, еріген тұздардың мөлшері, лайлану дәрежесі, ағыстың ағу жылдамдығы және т.б. екінші ретті периодты факторлар болып табылғанымен, олардың бірінші ретті периодтық факторларға тәуелділігі әлсіз. Ағзалардың екінші ретті периодтық  факторларға    бейімделгеніне    көп уақыт  болған   жоқ,   сондықтан   олардың  бейімделуі анық көрінбейді. Әдетте, екінші ретті периодты факторлар түрлердің белгілі біp ареалдар ішіндегі санына әсер еткенімен, ареалдардың ауданына, шекарасына әсер етпейді.

Периодты емес факторлар ағза мекен ететін ортада қалыпты жағдайда болмайды. Олар кездейсоқ әсер ететіндіктен, ағзаларда бейімделу белгілері пайда болып үлгере  алмайды.  Периодты  емес  факторларға мысал  peтiндe  климаттық факторларды  -  дауылды жерлер,   найзағай,   өрттер,   сонымен   қатар   адамның шаруашылық қызметін айтуға болады.

  Иесінің   паразитке   тигізетін   әсерін   екінші  ретті периодтық факторларға жатқызу керек. Ceбeбi, паразит мекен ететін орта ретінде  иесінің денесі оның қалыпты мекен ету ортасы болып табылады. Ал иeci үшін паразиттің болуы міндетті емес, бұл периодты емес фактор.


Ұқсас жұмыстар

Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері
Экожүйелер туралы негізгі түсініктер
Экожүйенің тұжырымдамасы
Қазіргі кезеңнің әлеуметтік экологиялық мәселелері Адам санының өсуі. Адам демографиясының әлеуметтік-географиялық ерекшеліктері туралы ақпарат
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
Ғылыми білімнің құрылымы
Қазіргі экология міндеттер мен биоресурстар
IUCN Қызыл кітабы
Биосфера туралы ілім
Экология ( лекциялар )