4. Тақырыбы: «Экожүйенің ұйымдасуының әр түрлі деңгейлерінде экологиялық факторлардың өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтары.»

1. Негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы.

2. Экожүйеде биотикалық қатынастардың негізгі түрлері.

Абиотикалық факторлардың әсерінің жалпы заңдылыктары

Мекен   ету   ортасында   тірі   ағзага   әсер   ететін экологиялық   факторлардың  көптүрлігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы   заңдылықтарды   көрсетуге   болады.   Tipi ағзаларға  экологиялық  фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, еңалдымен оның әсер ету күшіне   байланысты.   Фактордың   жетіспеуі   немесе шектен  тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне  қолайсыз әсер етеді.

Ағзаның тіршілігі  үшін  анағұрлым  қолайлы  болатын экологиялық фактордың интенсивтілігі «оптимум» деп атайды.   Көнтеген   түрлердің   гүлденуі,   көбеуі үшін оптималды температуралар белгілі. Түрлердің мекен ету ортасының  факторларының қандай да бір   ауытқу   диапазонына   бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.

Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және эко­логиялық валенттілігіне қарай ерекшеленеді. Мысалы, тундрадағы қарсақ ауа температурасының шамамен 80°С (+30°С-дан -55°С-ға дейін) ауытқуына шыдай алса, ал жылы су шаяндары судың температура-сының 6°С-дан (+23°С-дан +290С) жоғары ауытқуын көтере алмайды. Фактордың бip әсер ету шамасы бip түр үшін оптималды, еекіншісі үшін зиянды, ал үшіншісі үшін төзіміділік шегінен тыс болуы мүмкін.

Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты (грек тілінен аударғанда stenos - тар), ал төзімділігі жоғары түрлер - эврибионтты (грек тілінен аударғанда eyros — кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін синаттайды.   Мысалы,   температураға   қатысты   эври және стенотермді ағзалар; тұздардың концентрацияна байланысты эври және стеногалилі, жарыққа – эври және стенофотты, тамақ түріне байланысты эври және стенофагты ағзаларды беліп көрсетуге болады. Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқулақтар бионттарға жатады да олар барлық мекен ету орталарында таралған. Стенобионттылық таралу ареалын шектейді.

1840 жылы Ю. Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбектеріндегі ең әлсіз  звеносымен  анықталатынын  дәлелдеді. Ол ауыл   шаруашылық  дақылдарының   өнімділігін анықтауда  қоректік  заттарға  деген  сұранысын  зерттеуге бағытталған  тәжірибелер  жүргізеді. Ю.  Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (С02 және  т.б.)   жеткілікті   мөлшерде   бар   қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын   (мысалы,   бор)   заттарға тәуелді екенін анықтайды.

Қазір Либих epeжeci шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың   минимум   заңы   деп   аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында   төзімділік   шегіне   ең   жақын фактор күшті әсер етеді.

Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) емес,  оның  артық   мөлшері де   (максимум) шектеуші әсер ете алады.

Минимуммен   қатар   максимумның   да   шектеуші әсері туралы   түсінікті   дамытқан.   1913   жылы   В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттылық заңы: Экологиялық   фактордың   минимумы   ғана   емес, максимумы да шектеуші' фактор бола алады, олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бip факторға  төзімділігін анықтайды.

Салыстырмалы түрде тұрақты жағдайда ұзақ уақыт тірішілік еткен түрлер өзінің экологиялық серпімділігін жоғалтып, қоршаған ортаға стенобионттылық қальштасады. Ал, орта факторларының айтарлықтай ауытқымалы жағдайында тірішілік еткен ағзалардың экологиялық серпімділігі жоғары болады да олар эврибионтты болады.

Tipi ағзалардың жеке дамуында, олардың қоршаған орта факторларының өзгеруіне сезімталдығы жоғары болатын кезеңдері белгілі. Мұндай кезеңдерді қауіпті кезеңдер деп атайды. Бұл кезеңдер көбінді көбею кезеңдеріне және онтогенездің бастапқы кезеңіне сай келеді. Бұл кезде қоршаған ортаның көптеген факторлары шектеуші больш табылады. Ересек крабтар мен көнтеген теңіз жануарлары тұздылығы төмен немесе тұщы суда да тіршілік ете алады, ал олардың дернәсілдері үшін мiндeттi түрде тек өте тұзды су қажет.

Heгізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.

Өздігінен бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі.

2. Ю. Либихтың минимум заңы. В. Шелфордтың толеранттылық заңы.

3. Негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы.

4. Экожүйеде биотикалық қатынастардың негізгі түрлері.

Ұсынылатын әдебиет:

1.    Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. - Алматы, 2002. – 399 б.

2.    Фазылов С.Д., Нухұлы А., Ғазалиев А.М. Экология. – 2005. – 239 б.

3.    Алишева К.А. Экология. – 2006. – 304 с.

4.    Сагынбаев Г. Основы экологии. – Алматы, 1995.

5.    Чернова Н.М и др. Экология.  - М., 1991.

6.    Одум Э. 1, 2 том Экология. – М., 1986.

7.    Радкевич Б.А. Экология. – Минск, 1977.


Ұқсас жұмыстар

Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері
Экожүйелер туралы негізгі түсініктер
Экожүйенің тұжырымдамасы
Қазіргі кезеңнің әлеуметтік экологиялық мәселелері Адам санының өсуі. Адам демографиясының әлеуметтік-географиялық ерекшеліктері туралы ақпарат
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
Ғылыми білімнің құрылымы
Қазіргі экология міндеттер мен биоресурстар
IUCN Қызыл кітабы
Биосфера туралы ілім
Экология ( лекциялар )