6. Тақырыбы: «Экожүйе биосфераның құрылыс-функционалдық бірлігі ретінде. Экологиялық принциптер/экожүйелік көзқарастар. Энергетикалық алмасу және заттар айналымы.»

1. Циклдық өзгерістер

2. Эндогендік ауысылар

Дәрістің мазмұны:

Экожүйенің динамикасы

Бірлестіктегі көп түрлі өзгерістерді екі негізгі типке жатқызуға болады: циклдық және үдемелі.

Циклдық өзгерістер сыртқы жағдай мен ағзалардың эндогендік ритмдерінің тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық периодтылығын көрсетеді. 

Демелі өзгерістер бір биоценоздың басқасына ауысуына әкеледі, басқа басымды түрлердің құрамымен. Оның себебі болып ұзақ бір бағытта әсер ететін сыртқы факторлар, мысалы, батпақтарды құрғату, мал жаю және т.б. – биоценоздың экзогенетикалық ауысуына әкеледі. Егер, бірлестіктің құрылысы, құрамы кедейленсе, өнімділігі төмендесе, ауысулар дигрессиялық немесе дигрессиялар болып аталады. 

Эндогендік ауысылар бірлестіктің ішінде жүретін процестердің нәтижесінде болады. Тірі ағзалардың өзара және қоршаған абиотикалық ортамен әрекеттесу нәтижесіндегі бірлестіктердің заңдылық бағытталған өзгеру процесі сукцессия аталады.

Сукцессия негізінде берілген биоценоздағы биологиялық айналымның толық еместігі жатады. Популяция ұзақ тіршілігінде өзінің қоршаған ортасын қолайсыз жағына өзгертеді, нәтижесінде өзі басқа осы ортаға жақсы бейімделген популяциямен ығыстырылып шығарылады. Сукцессияда кезектесіп бір бірін кезектесіп ауыстыратын бірлестіктердің қатары сукцессиялық серия аталады.

Сукцессиялар біріншілік және екіншілік болады. Біріншілік сукцессия абсолютті тіршілік жоқ орында пайда болады. Бірлестіктердің өзгеру жылдамдығы аз.

Егер бірлестік ертеден жақсы дамыған биоценоз орнында дамыса, сукцессия екіншілік болады. Осындай орындарда бай тіршілік қоры сақталады. Сондықтан екіншілік сукцессиялар биоценоздың климакстық жағдайына (дамудың аяқталу фазасының) жылдам әкеледі. Екіншілік сукцессиялар өрттердің зардаптарынан, сумен басылудан, дала жыртудан, орман кесуден, батпақтарды құрғатудан пайда болады.

Ф. Клементс бойынша сукцессия процесі бір неше кезеңнен тұрады: 1) жалаңаш үлескінің пайда болуы; 2) оған әр түрлі ағзалардың миграциясы; 3) үлескіде ағзалардың бейімделуі; 4) олар арасында конкуренция бөлек түрлерді ығыстыру; 5) мекен ортаны тірі ағзалармен өзгерту, жағдайлар мен қатынастардың баяу тұрақтануы.

Климакстық биоценоз гомеостаз жағдайына айналады.

Ю.Одум бойынша сукцессия барысында бірінші сатыдан климаксқа дейін, немесе жас бірлестіктен қартайған ғана дейін оның түрлік және органикалық құрылысы, энергиясының миграциясы – метаболизмі өзгереді.

Ю.Одум 4 аспектіні бөледі:

1.сукцессия процесінде өсімдіктер мен жануарлар түрлік құрамы үздіксіз өзгереді (доминант ауысуы жүреді).

2.сукцессия барысында органикалық заттың биомассасы ұлғаяды (ыдырайтын органикалық зат жинақталады).

3. сукцессия барысында түр алуандылығы ұлғаяды.

4.бірлестіктің таза өнімі төмендейді және сәйкес тыңыс алу қарқындылығы жоғарлайды – сукцессияның ең маңызды құбылыстары.

Өздігінен бақылау сұрақтары:

1.     Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе түсініктері?

2.     Автотрофтар (продуценттер) және гетеротрофиар (консументтер, редуценттер) сипаттамасы?

3.     Зат және энергия айналымы?

4.     Экологиялық пирамидалардың сипаттамасы?

5.     Биотикалық қатынастардың негізгі типтерінің сипаттамасы?

6.     Биологиялық өнімділік және биомасса өсімі бойынша экожүйелердің топтары?

7.     Экологиялық сукцессия, оның түрлері?

Ұсынылатын әдебиет:

1.    Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. - Алматы, 2002. – 399 б.

2.    Фазылов С.Д., Нухұлы А., Ғазалиев А.М. Экология. – 2005. – 239 б.

3.    Алишева К.А. Экология. – 2006. – 304 с.

4.    Сагынбаев Г. Основы экологии. – Алматы, 1995.

5.    Чернова Н.М и др. Экология.  - М., 1991.

6.    Одум Э. 1, 2 том Экология. – М., 1986.

7.    Радкевич Б.А. Экология. – Минск, 1977.


Ұқсас жұмыстар

Экожүйенің тұжырымдамасы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Қазіргі экология міндеттер мен биоресурстар
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Экология ғылымы туралы түсінік
Биосфера эволюциясы. Биосфера құрылымы. Тірі заттың қасиеті мен қызметі
Экология және тұрақты даму пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Экология ( лекциялар )
Қазіргі кезеңнің әлеуметтік экологиялық мәселелері Адам санының өсуі. Адам демографиясының әлеуметтік-географиялық ерекшеліктері туралы ақпарат
Экология пәнінен дәрістер