8.Тақырыбы: «В.И. Вернадскийдің биосфералық-ноосфералық тұжырымдамасы. Антропогендік әсер биосфера эволюциясының геологиялық және геохимиялық факторы ретінде. Қазіргі қоғамның мәселелері. Биологиялық және ландшафтық алуандылық. Климаттың өзгеруі.»

1. Биологиялық алуандылықтың маңызы.

2.Түр алуандылығының қысқару себептері

3. Қазіргі кезеңде биоалуандылықты басқару мақсаттары

Биоалуандылықтың маңызы:

1.  Экожүйелердің деңсаулығы. Мысалы, тек бір түрдің шығып қалуы, әр түрлі көрініске әкеледі – түрдің жойылуынан өз экожүйенің толық коллапсының жойылуына дейін. Бұл экожүйеде әр бір түрдің ролімен және басқа түрлермен байланысымен көрсетіледі.

2.  Адамзаттың деңсаулығы мен тіршілігінің негізгі ауыстырылмайтын жағдайы. Табиғатты тану адам үшін өте маңызды. Табиғат бізді әр түрлі байлықтарға үйретеді. Орман ішінде серуендеу, гүлдердің иісін сезу, таза ауаны жүту өте жақсы. Биоалуандылықпен байланысты байлықтар өте арнайы – табиғи өнімнен алынған қорек тағамдары және дәрі препараттарын дайындау шікі заты. Ешқандай өндіріс-техникалық әрекеті және осы саладағы ең үздік жетістіктер биологиялық алуандылықтың орнын басалмайды: күн энергиясын пайдалануымен органикалық заттың синтезін қамтамасыз ететін және биосфера жүйесінде барлықтарына (консументтерге, редуценттерге) тіршілік беретін негізгі продуцент болып жасыл өсімдіктер қалады. «...он (человек) всегда будет зависеть от хлоропластов зеленых растений, синтезирующих, используя солнечную энергию, органическое вещество на первых этапах длиной цепи питания, образующей биоценозы. Таким образом, человек всегда остается составной частью природной системы, основным законам которой он должен следовать.», одан ары «...Ведь степень цивилизации измеряется  не только количеством киловатт, производимых электроустановками. Она измеряется также рядом моральных и духовных критериев, мудростью людей, двигающих вперед цивилизацию, стремящихся обеспечить ей долговечность в наиболее благоприятной для ее процветания среде, в полной гармонии с законами природы, от котрых человек никогда не освободится» (француз ғалымы-зоолог Ж. Дорст, 1968).

3.  Адам әсеріне сергек болатын, биосфераның және оның құрамындағы биомдардың жағдайының өте маңызды биологиялық индикаторы. Қазіргі уақытта биоалуандылықтың қысқартылуы анық көрсетілген. 1600 ж. бері сүтқоректілердің 63 түрі, құстардың 74 түрі жойылды, олардың ішінде тур, тарпан, квагга-зебрасы, қалталы қасқыр, Стеллер теңіз сиыры, европалық тырна құтаны және т.б. Жер бетінен ақырғы 300 жылда құстар мен сүтқоректілердің жойылған алдыдағы 10000 жылмен салыстырғанда жоғары болады. Қазіргі әлемде күн сайын жануарлардың 1-10 түрі және апта сайын өсімдіктердің 1 түрі жойылады. Өсімдіктің 1 түрінің жойылуы олармен қоректенетін кіші жануарлардың (ең біріншіден, құрт-құмырсқалар мен нематодалардың) шамамен 30 түрінің жойылуына әкеледі. Біздің планетамыздың генофондының жоғалуы ғана емес, экологиялық қойманың төмен сатыдағы ағзалармен (бактериялармен және вирустармен) толуын жылдамдатамыз, олардың массалық таралуы мен мутациялары адам үшін қауіптілікті жасырады. Биоалуандылықты қорғау тұрақты дамудағы қоғамның құрылуында маңызды талаптардың бірі. Планетаның генофонды әр түрлі жүйелік топтардың генофондынан құрылады. Әр бір түрдің генофондың және оның популяцияларының генофондың сақтау қажет. Түр ең кіші генетикалық жабық жүйе. Әр бір популяцияда бір түрдің даралары өзара байланысты. Олардың қоршаған ортаға бейімделенуі ұқсас. Әр бір түр және оның популяциялары өзінің «эволюциялық өмірін» көрсетеді.анықталған жағдайды сақтағанда түр және оны құрайтын популяциялар шексіз ұзақ тіршілік етуі мүмкін.

4.  Әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Мысалы:

·        АҚШ жалпы ұлттық өнімнің 4,5 % сирек түрлердің есебінен алады, бұл 87 млн доллар 1 жылда;

·        Эфиопалық арпаның 1 гены сары карликтік вирустан барлық калифорниялық арпаны қорғайды, бұл 160 млн. доллар 1 жылда;

·        Азиялық мемлекеттерде бидай мен күріштің жаңа сұрыптарын шығару арқасында 2 млн. долларға жылдық бюджет өсті;

·        Көне жабайы мексикалық өсімдік, жүгеріге тектес, жүгерінің қазіргі кездегі сұрыптарымен шағылыстыруда 5 млрд. долларды 1 жылда жинауға мүмкіндік береді;

·        Әлемде жабайы өсімдіктерден және жаратылыс өнімдерден шығарылатын дәрілердің бағасы шамамен 40 млрд. доллар 1 жылда құрайды.

Сөз жоқ, ғылым мен техниканың прогрессі адамзаттың тұрмыс жағдайын жақсартады және цивилизацияның дамуына әкеледі. Бірақ, сонымен бірге, масштабы бойынша болмаған табиғи ресурстар мен энергияның шығымын қажет етеді. Адамның осындай табиғи ортасына кірісуі жаратылыс тепе-теңдіктің елеулі бұзылуына, табиғи экожүйелердің деградациясының жылдамдатылған процессіне – шөлдену процессіне және биоалуандылықты елеулі жоғалтыуна соқтырды.

Түр алуандылығының қысқару себептері:

1.     Мекен орынның техногендік және антропогендік бұзылуы немесе деградациясы, аридизация мен шөлденудің жаратылыс процесстері (67 %);

2.     Шектен тыс қолдану (37 %);

3.     Интродукцияға жатқан түрлердің әсері, кездейсоқ немесе әдейі ареал шекарасынан шығарылған (19 %);

4.     Жем базасының жоғалуы, қысқаруы немесе нашарлауы (4 %);

5.     Ауыл шаруашылық өсімдіктерін, үй жануарларын, аулау объектілерін қорғау мақсатымен жою (3 %);

6.     Кездейсоқ аулау (2 %);

Биоалуандылықтың құрып кету типтері

Жер бетінде тіршіліктің пайда болу уақытынан түрлік алуандылық біртіндеп өсті. Бірақ өсуі біркелкі болмады. Ол түрдің пайда болуының жоғары жылдамдығы бар кезеңдерінің орнына өзгерістердің төмен жылдамдығы кезеңдеріне ауысумен жалғастырылды және массалық жоюлудын 5 бұрқ етуімен үзіліп отырды. Ең жоғары массалық жойылу Перм кезеңінің аяғында, 250 млн. жыл бұрын, болды, шамалық баға бойынша теңіз жануарларының барлық түрлерінің 77-96 % жойылды (сур. 3).

Сур. 3 Түрдің пайда болу жылдамдығы оның жойылу жылдамдығына тең болса немесе одан аспаса, биоалуандылық бір деңгейде немесе өсуде болады. Өткен геологиялық кезеңдерде түрлердің құрып кетуі жаңа түрлердің пайда болу есебінен теңесіп немесе өсіп отырды.  Бірақ қазіргі құрып кетудін жылдамдығы алдыдағы ғасырлардан 100–1000 есе асқан. Осы қазіргі құрып кетудін бұрқ етуін, кейбіреулер 6 құрып кету деп табады, ол негізінен адам әрекетімен шақырылады. Бұл түрлерді жоғалту теңдессіз, уникалды (ерекше) және қайтымсыз сипатын көрсетеді.

Биоалуандылықты қорғау салысындағы есептері:

Экономикалық – биоалуандылықты елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне кіргізу; биоалуандылықтан потенциалдық экономикалық табыстары, олардың ішінде: тұра (медицина, селекция мен фармацияда шікі зат пен материалдар және т.б.), және жанама (экотуризм), сонымен бірге шығындары – бұзылған биоалуандылықты қалпына келтіру.

Басқармалық   серіктестікті құрастыру, бірлестіктік әрекетке мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарды, армия мен флотты, мемлекеттсіз ұйымдарды, жергілікті халық тұрғындарын және жалпы жұртшылықты тарту жолымен.

Юристтік   биоалуандылықпен байланысты барлық терминдер мен түсініктерді барлық сәйкес құқықтық нормаларға еңгізу, биоалуандылықты қорғауда құқықтық қолдауды құру.

Ғылыми – шешімді қабылдау процедураларын формализациялау, биоалуандылық индикаторларын іздестіру, биоалуандылық кадастрін құрастыру, мониторингін ұйымдастыру.

Қазіргі кезеңде биоалуандылықты басқару мақсаттары

Мақсаттың нұсқалары

Қажетті білімдер

Қазіргі кездегі биоалуандылық деңгейінің өзгерістерін минимизациялау (бұзылған экожүйелер үшін осы жағдайын консервациялау)

Биоалуандылықты толық қорғау үшін әр түрлі биожүйелердің салыстырмалы маңыздылығы

Бұзылмаған табиғи жүйелерге қасиетті биоалуандылықтың «жаратылыс» деңгейлерін қорғау немесе қалпына келтіру (ЕҚТТ жүйелердің эталоны ретінде үлкен роль атқарады)

Бұзылмаған табиғи жүйелердің иоалуандылығының сипаттамалары

Биожүйелерді қорғауда қажетті алуандылықтың күрт жоғары деңгейлерін сақтау

Биоалуандылықтың шектік мөлшерлері

Биоалуандылықтың оптималдық деңгейлерін қорғау немесе қалпына келтіру

Биоалуандылықтың оптималдық мөлшерлері

Нақты экономикалық бағасы көрсетілмеген түрлердің және сирек кездесетін түрлердің қорғалуындағы этикалық аргументтер:

Әр бір түрдің тіршілік етуге құқығы бар;

Барлық түрлер өзара байланысты;

Адамдар болашақ ұрпақтардың алдында жауапты;

Адамның тілектері мен биоалуандылықтың ара қатысы болу керек;

Табиғаттың өзінің рухани және эстетикалық бағасы болады, оның экономикалық бағасынан жоғары;

Биологиялық алуандылық тіршілктің пайда болуын анықтауда қажетті.

Басқарудың кезеңдері

·  мәселені анықтау;

·  жоспарлау;

·  биоалуандылықтың мониторингі.

Әлемдік бірлестік биоалуандылықтың және табиғи экожүйелердің қарқынды жоғалуымен, олардың төмен өнімді және жиі пайдасыз синантроптық бірлестіктерге айналуымен мазаланған болады. Осыған байланысты 1989 ж. мамыр айында қоршаған орта бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бағдарламасы биоалуандылықты қорғау және тұрақты пайдалануға қатысты халықаралық құқықтық құжатты дайындау үшін техникалық және құқықтық сұрақтар бойынша сараптаушылардың Арнайы жұмыс тобын тағаяндады. Бұл жұмыс тобы 1991 ж. ақпан айынан Үкімет аралық комитет болып аталды және 1992 ж. 22 мамырда Найробиде биологиялық алуандылықтың Конвенциясын бекіту конференциясын өткізді. Биологиялық алуандылық туралы Конвенция 1992 ж. 3-14 маусымында Рио-де-Жанейро қаласында қоршаған орта және даму БҰҰ Конференциясында қол қоюға ашылды. Биоалуандылық бойынша Конвенция – биоалуандылықты қорғау және тұрақты пайдалану бойынша бірінші ғаламдық келісімі, оның бірінші мақаласында негізгі 3 мақсаты көрсетілген:

·        биоалуандылықты қорғау;

·        биоалуандылық компоненттерін тұрақты пайдалану;

·        генетикалық ресурстарды коммерциялық және басқа мақсатта пайдалануға байланысты әділеттілік және бірдей негізінде пайданы бірігіп алу.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары 150 астан мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да (1992 ж. қолын қойды және 1994 ж. бекітті), осы құжатқа қолын қойды және қазіргі уақытта тағы да 175 астам елдер осы құжатты бекітті.

ҚР Конвенцияға қолын қойып және ратификациясын жүргізіп, Келісімге отырған жағы ретінде келесі міндеттерін орындау керек:

·     Конвенцияның ұсыныстарын орындау: қорғауда және тұрақты пайдалануда маңызды биологиялық алуандылықтың компоненттерін анықтау, биологиялық алуандылықтың мониторингін өткізу, биоалуандылыққа қолайсыз әсер ететін әрекеттің процесстері мен категорияларын анықтау, деградацияға ұшыраған экожүйелердің реабилитация мен қалпына келуінің шараларын бекіту, қауіпті жағдайдағы түрлердің қалпына келуін қолдау, өткізілетін бағдарламалар мен саясаттың экологиялық зардаптарының есебін жүргізу;

·     өзінің биологиялық ресурстарының тәуелсіз құқығына ие болып, өзінің биологиялық алуандылығын қорғауға және биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалануға жауапкершілікті тартады (биоалуандылықты қорғаудың негізгі жағдайы – экожүйелерді олардың жаратылыс мекен ету орындардың табиғи жағдайында (in situ) экожүйелерді қорғау, тіршілікке қабілетті популяцияларды табиғи жағдайда қолдау және қалпына келтіру);

·       сирек түрлерді және уникалды экожүйелерді ерекше қорғауда керекті заңдық шаралар мен реттеу ұсыныстарын өндеу (ҚР осы шаралары Қызыл кітабында, ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы заңында және т.б. құжаттарында нақты көрсетілген);

·     Қазақстан Конвенцияның талаптарына сәйкес өзінің «Биолуандылықты қорғау және тиімді пайдалану бойынша Ұлттық Стратегиясын» өндеді, ол 2001 ж. қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Бұл құжат ҚР ҒҰА (ғылымдар ұлттық академиясы) академигі И.О. Байтулиннның ғылыми жетекшілігімен өнделген болды, бірақ ҚР үкіметімен қарастырылмай, юристік күші болмады;

·     Биоалуандылықты қорғау маңызының насихаттын қолдау массалық ақпарат әдістері мен оқу процессіне осу сұрақтарды еңгізу арқылы, жергілікті тұрғындарды биоалуандылықты қорғау процессіне кең тарту, биологиялық ресурстарды пайдалануда дәстүрлі әдістерді сақтау және қолдау, биоалуандылықтың қысқартылуынан зардапқа шеккен аудандардың жағдайын өзгерту шараларын өндеуде және жүргізуде жергілікті тұрғындарға көмек көрсету.

ҚР мемлекеттік тәуелсіздік жылдары бойында қоршаған ортаны қорғау және биоалуандылықтың мәселелеріне қатысты саласында арнайы заңдылық актілері бекітілді:

ҚР Конституциясы
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) туралы ҚР заңы
Қоршаған ортаны қорғау туралы ҚР заңы
Экологиялық сарап туралы ҚР заңы
ҚР жер кодексі
ҚР су кодексі
Өсімдіктерді қорғау туралы ҚР заңы
2030 жылына дейін ҚР ЕҚТТ даму және орналасу
Концепциясы
ЕҚТТ жерлерді жатқызу және осы территориялардың астына жерлерді бекіту ережелері
ҚР экологиялық кодексі

Сулы-батпақты алқаптар туралы Рамсар Конвенциясы

Миграцияға жататын құстардың түрлері туралы Бонндық Конвенциясы

Рамсар Конвенциясына қосылу заңы

Бонндық Конвенцияға қосылу заңы 

Жануарлар әлемі туралы заңдылық:

ҚР кодекстерінен көшірмелер

Административтік құқықтық  бұзышылықтар туралы ҚР кодексі
ҚР қылмыстық кодексі
ҚР салық кодексі

Жануарлар әлемін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану туралы ҚР заңы
ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары
ҚР Үкіметінің қаулылары
ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің бұйрықтары
ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің орман және аң аулау шаруашылығының Комитетінің төрағасының бұйрықтары

Балық ресурстары туралы заңдылық:

ҚР заңдарынан көшірмелер
ҚР Үкіметінің қаулылары
ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің бұйрықтары
ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің балық шаруашылығы Комитетінің төрағасының бұйрықтары
ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің орман және аң аулау шаруашылығының Комитетінің төрағасының бұйрықтары

Орман шаруашылығы туралы заңдылық:

ҚР орман кодексі

ҚР Үкіметінің қаулылары

ҚР ауыл шаруашылық Министрлігінің орман және аң аулау шаруашылығының Комитетінің төрағасының бұйрықтары

      Қазақстанда жануарлар әлемін, биологиялық әртүрлі керемет және сирек ландшафттарды қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аудандарды құрды. Негізгі заң, статусы, функцияны, құқық және міндеттерді реттеп отыратын ЕҚТА заңы: «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» 1997 жылы шықты. Қолданылатын қорғау режиміне және мақсатына байланысты ЕҚТА-ның 13 негізгі түрі бар.

Республикада маңызы бар ЕҚТА құрамы мен өлшемдері

Көрсеткіштер ЕҚТА түрі

Саны

Ауданы, млн. га

Елдің ауданына қатынасы

ЕҚТА-ның барлығы (қорық, қорықша, табиғат ескерткіштері)

104

12,33

4,52

Табиғат ескерткіштері

26

0,006

-

Қорықтар

9

0,95

0,34

Ұлттық парк

7

1,4

0,51

Заповедные зоны

5

4,4

1,61

Заказники

57

5,58

2,0

ЕҚТА саны, ауд 100000 га артық

21

ЕҚТА саны, ауд 1 млн. га артық

4

Каспий теңізінің қорық зонасымен бірге

3

0,7

0,25

Әлемдік табиғи мұра объектілері

0

Трансшекаралық ЕҚТА

0

Биосфералық резерваттық/қорықтар

0

Теңіздік ЕҚТА

0

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 9 мемлекеттік қорықтар, 7 мемлекеттік ұлттық парктер, 26 мемлекеттік табиғи ескерткіштер, 57 зоологиялық және ботаникалық заказниктер, 1 заповедная зона, 53 ормандық генетикалық резерват бар. Барлық ЕҚТА түрі Қазақстан террториясының 2,6% құрайды. Бұл экологиялық балансқа және республиканың биоалуандылығын қорғауға жеткіліксіз.

Мемлекеттік қорықтар мен ұлттық табиғи парктер

Қорықтар мен ұлттық табиғи парктер

1998

1999

2001

2002

Қорықтар мен ұлттық табиғи парктер саны

13

14

24

25

Ауданы мың га

1467,6

1584,4

2815,8

2833,4

1.    ҚР ішкі континенталдық орналасуы, теңіздер мен мұхиттардан алыс орналасуы, жер бедерінің жалпы жазықтылығы, еңдік және бойлық бағытта кеңділігі, табиғи-климаттық жағдайлардың алуандылығы (аридты климаттың басымдылығы, тәуліктік және мерзімдік температуралардың жоғары ауытқуы, тұрақты жел, су ресурстарының біркелкі емес орналасуы) Қазақстан ландшафтар мен экожүйелерінің көп түрлігін және олардың экологиялық күдіктілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан территориясының қазіргі кездегі флорасының құрамында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000 түрінен астам, саңырауқұлақтардың шамамен 5000 түрі, қыналардың 485 түрі, балдырлардың 2000 астам түрі, мүктәрізділердің шамамен 500 түрі тіркелген; ағаштардың 68 түрі, бұтақтардың 266 түрі, бұтақшалардың, жартылай бұтақшалар мен жартылай шөптектестердің 433 түрі, көп жылдық және бір жылдық шөптердің сәйкес 2598 және 849 түрі кездеседі.

Өсімдіктердің биосферада ролі:

1.    Жер бетінде тіршіліктің болуы мен дамуының бастапқы көзі (фотосинтез процессінде жасыл өсімдіктер көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттарды шығарады – бағалы тағам өнімдерінің, өндіріс және құрылыс шікі заттының, энергияның көзі болып келеді);

2.    Атмосфералық ауаның газдық құрамын қалыптастыру (фотосинтез барысында жасыл өсімдіктер 1 жылда бос оттектің шамамен 510 т бөліп шығарады);

3.    Топырақ түзілу процессінің табиғи факторы;

4.    Гумус түзілуіне қатысу, топырақтың құнарлығын қалыптастырушы;

5.    Биогендік элементтердің (N, P, S, Co, Fe, Mg, Cu) айналымына қатысушы;

6.    Климатқа, суаттарға, жануарлар әлеміне және биосфераға әсері;

7.    Биоценоз және экожүйе морфологиялық және функционалдық құрылысын сипаттаушы.

Өсімдіктердің адам өмірінде оң ролі:

1.     Тіршілікке қажетті орта;

2.     Селекциялық жұмыстарда бағалы генетикалық қоры (фонды);

3.     Медициналық және мал дәрігерлік практикада дәрі заттардың шығу көзі;

4.     Үй және жабайы жануарлардың негізгі жем қоры;

5.     Пайдалы қазбалардың пайда болуна қытысады;

6.     Жер бетін су және жел эрозиясынан, құнарлы топырақты құммен көмілуден қорғайды;

7.     Индикатор ролі;

8.     Зиянды заттардың детоксикациясы;

9.     Зиянды микроағзаларға қарсы антибиотиктер мен фитонцидтердің көзі, бактеридцидты қасиетін көрсету;

10.                       Эстетикалық рақаттың көзі;

11.                       Бионика зерттеулерінің объектілері;

12.                       Потенциалдық пайдасы.

Өсімдіктердің адам өмірінде теріс ролі:

1.     Өнделетін жерлер мен жайылымдарда арам шөптер;

2.     Суаттар мен каналдардың массалық көгеруі, жолдардың шетінде, кемелер түбінде қаптап өсуі.

Бірақ осы күні өсімдік қандай зиянды немесе пайдасыз болып көріңсе де, оны жою орынсыз болады.

Флораның экологиялық жағдайының сипаттамасы:

1.    Территория ормадылығы кедей және біркелкі емес. Орташа ормандылығы 4,2 % (облыстар бойынша 0,1 – 16 % ауытқыйды). Орманмен жоғары жамылған территориялар мемлекеттің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік периметрі бойынша орналасады. Негізгі орман түзуші жыңыстар: қарағай, шырша, самырсын (қарағайлы ормандар), сексеуіл (сексеуіл ормандары), қайын, көк терек, терек, тал, қандыағаш (жайылма ормандар), туранг-терек ерекше түрі және реликті су сүйгіш шетен (тұғайлы ормандар) өседі. Ормандарды жоғалту себептері: саудасы, өрттері, кесуі, зиянкестердің әсері, шексіз тұтынуы.

Қазақстан территориясы қолайсыз экологиялық жағдайы – өсімдік ресурстарының деградациясы көрсетілген келесі ірі аудандарға бөлінеді:

1.    Каспий маңайының аймағы:табиғи жем алқаптарының жағдайы бойынша ең қолайсыз, Атырау облысының 77  % (7,9 млн.га) пішен шабулары мен жайылымдары антропогендік әсерді көрсетеді (49 % тығыздану, 37 % арам шөп және ұлы өсімдіктермен сорлану); аланның 48 % күшті деградацияға, 12 % - орташа және 20 % - әлсіз деградацияға ұшыраған; шалғындардың алаңы 3 - есе қысқартылды; қамыстықы – 14 – есе; жалпы облыс бойынша жайылымдардың өнімділігі азайды. Каспий теңізінің режимінің өзгеруі өсімдік жамылғысының құрылыс мен құрамына едәуір теріс әсерін көрсетті: көптеген жайылымдық табиғи алқаптар ауыл шаруашылық айналымнан тыс қалды және жем алу өндірісіне ықпал жасады; 1978-1996 жж. 1 млн. га астам, сонын ішінде 0,7  млн.га ауыл шаруашылық алқаптары, сумен басылды және 800000 га табиғи жайылымдардың пайдалануы қиындалды.

2.    Арал маңайының аймағы: жалпы алаңы 59,6 млн.га жер, құрамында Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Табиғи ландшафтарға экологиялық жағдайдың әсер ету дәрежесі бойынша экологиялық апаттың 3 зона тарақтары бөлінеді: дағдарыстың алдында (30,9 млн.га), дағдарыстық (13,2 млн.га), экологиялық апаттың зонасы (15,5  млн.га). жел эрозиясы күшейгеннен дефляцияға ұшыраған жерлердің алаңы 5,1 млн.га, оның ішінде күшті дефляцияға – 3,6 млн.га. ақырғы 2 он жылдықта деградацияға ұшыраған жайылымдар 25 % өсті, ал пішен шабулардың алаңы 15 % қысқартылды. Экологиялық апат зонасының орталығы Қызылорда облысының Арал ауданына келеді, бұнда деградацияның күшті және орташа дәрежесіне ұшырағаш жайылымдардың алаңы 22 % -дан 80 %-ға дейін өсуде. Қазіргі кезі Арал теңізінің құрғатылған түбінде құмды-тұзды тақыр жер пайда болады, тұзды ағыстардың таралуы 150-300 км – ден 500 км-ге дейін таралуда, шаңның таралу және бекіну зонасы шамамен 25 млн.га. Суару суында хлоридтер мен сульфаттрадың жоғары мөлшерінен суармалы егіндіктердің тұздануы, ал ұлы химикаттарды жүйесіз пайдалануынан ұлы химикаттардың қалдық мөлшерімен топырақтардың ластануы жүреді. Сексеуіл отырыстарының бақылаусыз кесілуінің себебі – ауданға көмір жеткізу көлемінің қысқартылуы және көмірдің қымбаттануы. Қызылорда облысында өсімдік жамылғысының жағдайының күрт нашарлауының себебі Арал теңізінің тартылуы және грунт суларының төмендеуімен шақырылған экологиялық дағдарыстан оран-өсімдік өсу жағдайларының өзгеруі. Арал теңізінің тартылуынан жалаңашталынған түбінің алаңы 3 млн.га астам. Бұл тіршіліксіз, тұзды құммен жамылған, тұрақты өсудегі кеңістіктер. Осында пайда болатын тұздықтар мен жылжымалы құмдар Арал маңайындағы жерлерге тұздың, құмның, шаңның шығу көздері, аймақтың экономикасына едәуір зиян келтіретін. Ауа орташа ылғалдылығы 18 % төмендеді, аязсыз мерзімнің уақыты 1 айға қысқарды,. Жаратылыс пішен шабулар мен олардың өнімділіг 4-есе қысқарды. 15 % жер  табиғи өнімділігін толық жоғалтты. 3000 көлдерден 100 асиамы қалды. Сексеуіл, тұғайлы ормандар және қамыс өсулері жылдам жойылуда.

Осындай мысалдардың келтірілуі бағалы ландшафтардың және әлемдік генетикалық ресурстардың нақты жоғалуынын болуын көрсетеді. ҚР Кызыл кітабына 1981 ж. жоғары сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілді, ал 2001 ж. шығуға дайын баспасында 400 астам түрлері болған, олардың 81 қорық территориясында қорғалуда. Жоюлуға ұшыраған өсімдіктердің 404 түрінің (6 % жалпы түрлік құқрамынан) ішінде тамырлы өсімдіктердің 100 түрі, 79 өсімдіктер жүйесі (22 орман экожүйелері, 27 шөл экожүйелері).

ҚР өсімдік әлемінің экологиясын зерттеуде, көп еңбек көрсеткен қазақстандық ғалымдар: Абдрахманов О.А., Абиев С.А., Байтулин И.О., Бияшев Г.З., Быков Б.А., Қалымбетов Б.К., Келлер Б.А., Рахымбаев И.Р. және т.б.

Ұсынылатын әдебиет:

1.    Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск, 2005. – Б. 265 – 292.

2.    Байтенов М.С. В мире редких растений. – Алматы: Қайнар, 1985. – 176 б.

3.    Красная Книга КазССР. Часть 2. Растения. – Алма-Ата: Наука,1981. – 260 б.

4.    Заповедники Средней Азии и Казахстана/Под ред. В.Е. Соколова и Е.Е. Сыроечковского. – Москва: Мысль, 1990. - 399 б.

5.    Касымова Ж.С. Заповедное дело в Казахстане. - Семипалатинский государственный педагогический институт, Семипалатинск, 2006. - 88 б.


Ұқсас жұмыстар

Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
Биосфера және тірі зат туралы түсінік
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Биосфералық деңгей
Экология ғылымы туралы түсінік
Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу тарихы: биогендік, аграрлық, өнеркәсіптік, ақпараттық
Биосферадағы заттар айналысы
В.И.Вернадскийдің ноосфера жайлы ілімі және оның бүгінгі таңдағы рөлі
Экологиялық білім беру туралы
Биогеохимияның негізгі концепциялары