10.Тақырыбы: «Табиғи орта экономикалық дамудың негізі ретінде. Табиғи қорларды басқару. Тұрақты өндіріс және тұтыну. Энергетикалық қарқындылық.»

1. Судың ластану мәселелері.

2. Судың химиялық ластануы.

Дәрістің мазмұны:

Судың ластану мәселелері. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.

Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн адам (негізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.

Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады.

Судағы химиялық элементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің болғандығының дәлелі бола алады.

Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Аталған көрсеткішбойынша судың мына категорияларын бөліп көрсетеді:

Адам қаны мен әлемдік мұхит суының химиялық құрамы

Химиялық элемент

Еріген заттардың жиынтығынан

Мұхит суы

Адам қаны

Хлор

49,3

55,0

Натрий

30,0

30,6

Оттегі

9,9

5,6

Калий

1,8

1,1

Кальций

0,8

1,2

·                                Тұщы су – 1 г/л дейін;

·                                Тұздылау – 1 – 3 г/л;

·                                Ас тұзды – 3 – 10 г/л;

·                                Тұзды және өте тұзды – 10 – 50 г/л;

·                                Рапа – 50 г/л артық.

Теңіз суында шамамен 35 г/л (3,5  немесе 35 – промилле) болады. Суларда органикалыққ заттармен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады.

Адам суды оны пайдалану мақсатына байланысты бағалайды: ауыз су, техникалық қажеттіліктерүшінжәне т.б.

Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар қолданылады.

Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және органоленттік қолданылады.

Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады: 1) судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 милллиметрінде 100+ден аспауы керек; 2) ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен көп болмауы керек) немесе коли-титрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрден мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады.

Оранолентикалық көрсеткіштерге судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады.

Судың сапасының маңызды көрсеткіші – ондағы оттегінің болуы. Оған гидрокорбанаттардың тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға қабілеті тәуелді болады.

Суды химиялық ластаушы заттар. Ауыр металлдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлменттер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. жетеді. Сонымен қатар олар еірі ағзалар  үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр ьметалдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі – отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.

Белгілі мәліметтер бойынша антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94 – 97% кадмийдің 84 – 89% , мыстың 56 – 87% , никельдің 66 – 75%, сынаптың 60% шығарылады.

Қорғасынның  негізгі көзі автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауылшаруашылығында пестицид ретінде мышьякты, қорғасынды қолдану кезінде шығарылады.

Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімі, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді де, ағзадан баяу шығарылады.

Сынап. Қоршаған ортада кеңіне таралған. Дүниежүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады. Сынаптың металлорганикалық қосылыстар ағза үшін өте улы және қауіпті.

Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы – асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі.


Ұқсас жұмыстар

Еңбек өнімділігін кешенді түрде арттыру жолдары
Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні мен мағынасы
Индустриялық–инновациялық даму туралы ақпарат
Мемлекеттің даму институттары
«Жасыл экономика»: болашақ экологияның негізі
Еңбек мөлшерін және өнімділігін өлшеу әдістері
Меншікті капиталдың рентабельділігі
Электр энергия станциясы
Кәсіпорынның пайда түсінігі және оны жоспарлау
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы