11. Тақырыбы: «Экодаму мәселелері.»

1.БҰҰ –ның конвенциясы.

2.Тұрақты даму стратегиясы. Рио-де-Жанейро 1992 жыл.ҚО қорғау және тұрақты дамыту бойынша БҰҰ Конференциясының маңызы.

Дәрістің мазмұны:

     Тұрақты даму стратегиясы. Рио-де-Жанейро 1992 жыл.ҚО қорғау және тұрақты дамыту бойынша БҰҰ Конференциясының маңызы.

1.Рио- де-Жанейрода 1992 жылы ҚО қорғау және тұрақты дамыту бойынша БҰҰ Конференциясының өтуіне түрткі болған себептер:

·          Озон қабатының жұқаруы

·          Парниктік эффекттің өсуі мен климаттың жылынуы

·          Ормандардың кесілуі мен топырақтың құнарсыздануы

·          Уытты химиялық және радиоактивті заттардың әсерінен экожүйенің бұзылуы

·          Биоалуандылықтың азаюы

2.Рио -92 материалдары бойынша тұрақты даму дегеніміз не?

   Рио-92 материалдары бойынша тұрақты даму дегеніміз табиғи ортаның деградациялануының өзгерістеріне әкелмеуші тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ететін дамуды ұзақ мерзімдік негізінде мүмкін етуші.

3. Конференцияда мәлімдеме мен екі концепция  - климаттың өзгеруінің алдын алу,ормандарды қорғау мен биологиялық  алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

    Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады.Ол үшін экология,экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізігі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.Осыған байланысты сызбанұсқа құрастырыңдар.(1-сызбанұсқа).

   I.  Рио-де-Жанейро 1992 жыл.ҚО қорғау және тұрақты дамыту бойынша БҰҰ Конференциясының маңызы.

        БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ болашағымыз»(1987) баяндамасы шыққаннан кейін ғана әлем қауымдастығының көңілі тұрақты даму түсінігіне бөлінді. 1992 ж Рио де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта мен тұрақты даму туралы Конференциясы өтті. Бұл дүниежүзілік форумның өтуіне соңғы он жыл ішінде қоршаған ортаның техногенді іс-әрекет әсерінен бұзылуы себепші болды. Табиғаттағы ғаламдық өзгерулер себептерін талқылау (озон қабатының жұқаруы,парниктік эффектінің өсуі мен климаттың жылынуы,ормандардың кесілуі мен топырақтың құнарсыздануы,токсикалық химиялық және радиоактивті заттардың әсерінен экожүйенің бұзылуы,биологиялық алуандылықтың азаюы және т.б) өркениеттің дамуымен байланысты екенін көрсетті,яғни табиғатқа тиімсіз даму,бұл жерде прогресті анықтаушы негізгі төрт бөлінуі есепке алмаған – экономика,экология,халықтың әлеуметтік жағдайы және рухани әлемі.

     Бұл конференцияның негізгі қорытындысы – қазіргі дамушы мемлекеттер дамыған мемлекеттердің жолын қайталауы мүмкін емес:Жер оған шыдай алмайды.

    Рио-92 материалдары бойынша,тұрақты даму дегеніміз табиғи ортаның деградациясының өзгерістеріне әкелмеуші тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ететін дамуды ұзақ мерзімдік негізінде мүмкін етуші.

    Рио-92 Декларациясында тұрақты дамудың жиырма жеті принципі құралды,оларды төрт топқа бөлуге болады : экологиялық,әлеуметтік – халықаралық,философиялық - әлемтанушылық,ғылыми –техникалық.

    В.А.Коптюг және басқа ғалымдардың айтуынша – қоғам үш сфераның түйісуін көрсетеді-экосфера,социум және техносфера (1-сызба) В.М.Бузник(1999) Л.Н.Гумилевтің соңынан «социум» терминін «этносфера» деп ауыстырды.

    Тұрақты даму-бұл бұзушы дағдарыссыз және апаттарсыз елдердің дамуы.Құрылымдық дағдардарыстардың және апаттардың пайда болуын басқару – тұрақты даму стратегиясының маңызды бөлігі.Өкінішке орай бұндай түсінік қазіргі кезде ғана қалыптаса бастады.Біздің мемлекетте әлі күнге дейін тұрақты даму стратегиясы жоқ,оған қарап жоспарлар құрып және саясат жүргізуге болатын ғылыми негізделген құжат жоқ.

    Біріншіден,көптеген ғалымдар мен саясаткерлер Қазақстанның қазіргі жағдайын есепке ала отырып,тұрақты даму мәселесін талқылау өзекті емес деп ойлайды.

    Бұл дұрыс емес,себебі болашақ бүгіннен басталады,өз мемлекетін ойламаған тек құлдырауға ғана жетеді.

  

Экологиялық

-          қоршаған ортаны әділ пайдалану

-          ресурстарды тиімді пайдалану

-          экологиялық тұрақтылық

-          биоалуандылықты сақтау

  1-сызба.

Әлеуметтік-халықаралық

-          әділ халықаралық қатынастар

-          әлеуметтік әділділік

-          кедейшілікті жоғалту

-          соғыстарды болдырмау

-          демографиялық тұрақтылық

     

               


  

1-сызбанұсқа.   Қоғамның тұрақты дамуының жалпы сызбанұсқасы

               

Ғылыми-техникалық

-          Кемшіліксіз технологиялар

-          тұрақсыз өндірістерді ауыстыру

-          алдын-ала айту, моделдеу

-          ортаның, қоғамның мониторингі

  Философиялық-әлемтанушылық -          тұлға-қоғам -          тұлға-табиғат -          қоғам-табиғат -          жеткіліктілік принципі           


Ұқсас жұмыстар

Әлеуметтік экологияның өзекті мәселелері туралы
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Экологияны бақылау, зерттеу
Экологиялық зерттеу және төлқұжат
Организмдер сапа көрсеткіштері ретінде
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Түйе еті және оның бөліктеріне стандарт дайындау
Экологияның галамдық проблемалары
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері