12. Тақырыбы: «Экодаму мәселелері.»

1. ҚР экологиялық қауіпсізділік Концепциясы

2. Экологиялық білім беру Концепциясы

                                        

Дәрістің мазмұны:

ҚР экологиялық қауіпсізділік Концепциясы

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда экологиялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны  қорғауға және табиғатты қолдануға байланысты жаңа жүйелер қалыптасты. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты мемлекеттік саясаттың іске асуын қамтамасыз етті. Бірақта көптеген жылдар бойы Қазақстанда шикізаттық жүйе қалыптасқан, ол жүйе қоршаған ортаға жоғарғы техногендік қысым келтіретін. Сондықтан әлі экологиялық  жағдай түбімен жақсарған жоқ, ол бұрынғыдай табиғи жүйелердің деградациясымен сипатталады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік саясаттың негізгі  экологиялық қауіпсізділік концепциясында көрсетілген , ол 1996 жылы 30 сәуірде ҚР президентімен қабылданды.Бұл концепция 2004-2015 жылдарға есептелген.

Қазақстан республикасында бұл концепциясның қабылданға күнінен бастап қоғамдық дамуда үлкен өзгерістер жүрді. Мемлекеттің дамуының стратегиялық құжаты құралды, табиғатты қорғау іскерлігін басқару жүйесі құрылды.

1997 ж «Қоршаған ортаны қорғау» , «Ерекше қорғалатын территориялар», Экологилық экспертиза», 1998 жылы «Радиациялық қауіпсіздік», 2002 жылы «Атмосфералық  ауданды қорғау» заңдары қабылданды.

Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей, экологиялық мәселелерді сәтті шешіп, экологиялық аппаттардың алдын алу үшін кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру керек.

Экологиялық қауіпсіздік мақсаты – табиғи жүйелерді ,антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде пайда болған өмірлік маңызды қоғам және жеке құқықтық қауіпсіздікті қорғауды  қамтамасыз ету.

Экологиялық қауіпсіздік есептері:

§                    Антропогендік әсердің төмендеуі

§                    биоалуандылықтың сақталуы

§                    су ресурстарының құрғап кету және ластануының алдын-алу

§                    Каспий теңізі қайраңдарының ластануын болдырмау

§                    ауаның ластануына кедергі жасау

§                    өнеркәсіптік және тұрмыс қалдықтарының жинақталу көлемін

          қысқарту

§                    табиғи және төтенше жағдайларды ескерту

              Міндеттері:

Ø                                        табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету

Ø                                        аймақтық және локальды экологиялық қауіпсіздік есептерінің ғылыми және ұлттық мақсатта экологиялық қауіптілікке қосылуы

Ø                                        компенсацияның қоршаған ортаға зиян келтіруін болдырмау және адам денсаулығы

Ø                                        өндірістік күштердің дамуын экологиялық-экономикалық реттеу

Ø                                        бүкіләлемдік серіктестік және бүкіләлемдік құқық нормасына бақылау

         Ғаламдық экологиялық мәселелер:

1.                Климаттың өзгеруі

2.                Озон қабатының бұзылуы

3.                биоалуандылықтың сақталуы

4.                шөлдену және жер деградациясы

         Ұлттық эколгиялық мәселелер:

1.     Экологиялық кедей зоналар

1.     Каспий теңізінің интенсивті мәселелері

2.     су ресурстарының ластануы және құрғап кетуі

3.     Тарихи ластану

4.     Трансшекаралық сипаттама сұрақтары

5.     Полигон әсерінің әскери-ғарыштық және қолданған комплекстердің әсері

Локальды экологиялық мәселелер:

1.     Ауаның ластануы

2.     Радиоактивті ластану

3.     Бактериялогиялық және химиялық ластану

4.     өндіріс және тұрмыс қалдықтары

5.     табиғи және техногенді сипаттағы апатты жағдайлар

Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі ретінде тұрақты дамудың маңызды шарты.

Біздің елдің экологиялық жағдайы жағымсыз және қауіпті. Қоршаған ортаны  ластаушы көздер және табиғи жүйенің деградайиясына алып келетін негізінен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, автокөлік және басқа  да антропогендік факторлар әсер етеді.

Биосфера компоненттері және қоршаған ортаға ең қауіпті әсерін тигізеді, атмосфера өте сезімтал қабат, оған тек газ тәрізді заттар ғана зиянын тигізіп қоймай, сонымен қоса сұйық және қатты заттарда көп.

Қазақстан атмосферасына негізгі ерекше жоғарғы уытты газ тәрізді және қатты заттар орын алады. Әр түрлі станционарлы көздердің тасталу көздерін алатын болсақ шамамен 50% - жылу энергетика көздері, 33% - тау-кең және түсті металлургия. Ең көп қалдықтар Шығыс Қазақстанда 2231,4 мын.т/ жылына, Қазақстанның 43% - қалдықтары осы аймақта деп айтуға болады.

Экологиялық дағдарыстың негізгі қаупі – аймақтағы техногенді шөлейттену,топырақ деградациясы,су ресурстарының ластануы және тартылуы,атмосфераның ластануы,тірі табиғаттың генетикалық фондының рұқсат етілуі,өндіріс қаупі,өмірге қауіп төндіретін апатты табиғи жағдайлар,қауіпті және уытты қалдықтардың жинақталуы.

Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған медициналық, биологиялық ,экологиялық ,құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады.

Қазіргі кезде Қазақстан территориясының  көптеген бөліктері антропогенді әсерге ұшыраған.Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұндай шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған,Аралдың экожүйесі бұзылып,халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімнің артуы айқалып отыр.

Қазақстан Республикасының «экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасау мен дамыту жатады. 

Экологиялық білім беру Концепциясы

Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты.Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі мақсатын анықтайды.Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру,табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін ,адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.

Оқушыларда,студенттерде,сондай ақ,жалпы халықта табиғатқа деген тұтынушылық қатынас басым;экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгеі төмен;адамды қоршаған ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс-жүзінде қатысуға деген қажеттілік дамымаған.

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім,тәрбие беружәне даму процесін түсінеміз.Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу,өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б

Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етуімен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек.Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауда есепке алу қажет.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүйесін жетілдірудуң маңызды бағыты деп есептейді.

Бір-бірімен байланысты экологиялық білім беру мен  білім беру жүйесін экологизациялауды бөліп көрсетуге болады.

Экологиялық білім беру дегеніміз - әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру.

Экологиялық білім берудің бірнеше бағыты бар:

1.Биологиялық- биологияны оқыту арқылы экологиялық білімді тарату. Білім беру жүйесінде әдіскер-биологтар мынадай бөлімдерді оқыту арқылы жүзеге асырады: классикалық экология аутэкология, демэкология, синэкология, экспедициялық және экскурсиялық жұмыстардың әртүрлі формалары (қорықтар мен қорықшаларға бару, биологиялық – экологиялық зерттеулер мен шаралар). Белгілі ғалымдар И.О.Байтулин, А.Б.Бегалиев, Н.М.Ворзилин, А.С.Данилевский, И.Н.Понамарев, Н.А.Рыков, И.Т.Суравегин.

2.Биологиялық-географиялық- экологиялық мәселелерді қарастыру биологиядан географияға қарай ығысады,эологиялық білім бұрынгыдай әдіскер-биологтардың міндеті болады. Бірақта географиялық құрамы доминант болып тұрады:табиғи және өзгерген ландшафтарды зерттеу,әртүрлі геосистемаларды оқу кезінде геоэкологиялық зерттеулер жүргізу,өз өлкеңнің географиясы мен экологиясы бойынша далалық жұмыстар жасау,экологилық карталар мен атластар құру.Экологиялық білімнің дамуына мына ғалымдар үлес қосты: В.Н.Алексеев, И.И.Баринов, А.С.Бейсенов, Н.Ф.Винокуров, А.В.Даринский, Г.С. Камерилов.

3.Жаратылыстық ғылыми-біріншіден,биология мен географияға химия мен «жаратылыстану» курсы қосылды. Ғалымдар: А.Е.Абылқасымов, Қ.Аймағанбетов, С.В.Алесеев, С.В.Алееева, Л.П.Анастасов. Әдіскерлердің қызметі экологиялық тәжірибелерде физико-химиялық және иологиялық әдістерді кеңінен қолдануға бағытталған.

4.Әлеуметтік-гуманитарлық -  гуманитарлық циклдағы пәндерді оқу барысында әлеуметтік – экологиялық білімдерді қосу. Ғалымдар:А.С.Бейсенов, И.Л.Беккер, Э.В.Гирусов, С.Д.Дерябо, С.М.Жакупов, К.Б.Жарықбаев

5.Интегративті – жоғарыда аталған бағыттарды біріктіреді,экологиялық тәжіриелерді,әлеуметік- экологиялық тәжіриелерді жүргізу,комплексты эклологиялық бағдарламалар мен жобаларды ұйымдастыру, және т.б. өзіндік экологиялық ақпараттарды қосу. Ғалымдар: А.Ж.Ақбасова, С.В.Алексеева, А.Б.Бегалиева, С.Н.Глазачева, А.Н.Захлебный.

        Қазіргі кезеңдегі ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандартын оқытудың озық технологияларын экологиялық  білім негіздерін оқыту үрдісіне енгізу – білім беру жүйесін дамытудың негізі.

       Экологиялық сана мен экологиялық мәдениеттілікті мектеп жасынан қалыптастыру кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыруды қажет етеді.


Ұқсас жұмыстар

Әлеуметтік экологияның өзекті мәселелері туралы
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Экологияны бақылау, зерттеу
Экологиялық зерттеу және төлқұжат
Организмдер сапа көрсеткіштері ретінде
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Түйе еті және оның бөліктеріне стандарт дайындау
Экологияның галамдық проблемалары
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері