13. Тақырыбы: Адам экологиясы. Экологиялық жағдай және адам денсаулығы

1. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы.

2. Қоршаған ортаның экологиялық ауру деңгейі.

Дәрістің мазмұны:

1.     Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі

Адамның   денсаулығының   төмендеи,   ауруға   шалдығуын   ағзаның  ортаға   толық   бейімделе   алмауымен, қолайсыз   әсерлерге   берген   теріс   жауабы   ретінде   қарастыру  керек. Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау   ұйымының     (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек  аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық    және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.

Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13  есе  артық.

Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі  кездеседі.

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы — 1,4 есеге артуына әкеледі.

Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.

Аурулар   туғызатын   заттар   мен   факторлар.   Ағзаларға  қолайсыз  әсер  ететін   және  ауруларға   әкеліп соқтыратын    заттарды  төмендегідей  топтарға бөліп көрсетуге болады:            

1) концерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir рак, генезис     шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі  уақытта  шамамен  500  осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен  және  басқа  да  полициклді  ароматтық     көмірсулар,     ультракүлгін сәулелер,   радиоактивті   изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер,    нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

2) мутагендер (латын   тілінен   аударғанда  mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір  вирустар және т.б. жатады;

3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін,   кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар.   Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген   фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ   пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

Сонымен қатар, эмбриогендерді  де бөліп  көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық)  эмбрионалдық   даму   кезінде   зақымдануларға  әкелетін заттар.  Эмбриогендерге  тератогендер, мутагендер және басқа   да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.

Адам   қызметінің   нәтижесінде   жаңа,   бұрын   болмаған   аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.


Ұқсас жұмыстар

Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы
Табиғат қорғауды оқыту жүйелері
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну
Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары