6. СӨЖ және СӨОЖ тақырыптары мен мазмұны

СОЖӨЖ – студенттің дәріс, практикалық сабақтар барысында алынған білімдерін  бекітуге мүмкіндік беретін әдістердің бірі. Болашақ маман ретінде студент игерген білімді өз бетімен жүзеге асыра білуі керек. Бұл үшін студент талмай ізденіп, білім деңгейін тереңдету үшін  ұсынылған  әдебиеттерді жете саралап, сабаққа мұқият дайындалуы қажет.
         СОЖӨЖ   тапсырмаларын  орындау барысында  студент нормативті актілермен  тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Бұл салада түсініксіз сұрақтарды оқытушыдан сұраған жөн, себебі заңның тілі қиын тіл, ол талқылауды қажет етеді, ол  студенттің жоғары деңгейдегі білімін қажет етеді.
         СОЖӨЖ  тапсырмалары студенттің логикалық терең ойлауын өажет етеді. Тапсырмалар жүйесі әр түрлі: ситуациялық есептер, кестелер құрастыру, заңнамаларға талдау жасау т.с.с.
СОЖӨЖ  тапсырмаларын студент грамматикалық сауатты орындауы қажет.  СОЖӨЖ  тапсырмаларын орындағаннан кейін студент оны оқытушы алдында қорғайды. СОЖӨЖ  тапсырмалары бойынша слайдтар құрастырып, презентация ретінде  қорғауға болады.  СОЖӨЖ  тапсырмаларын қорғауда студенттің ғылыми терминдерді қолдануы қажет, яғни студент өзінің ғылыми ойлау дәрежесін арттыруы керек.
Құқықтық білім құрғақ сөзді қажет етпейді. Сол себепті студенттің білімі арнайы деректерге сүйеніп, дәлелденуі қажет.
№1 Тақырып.  Мемлекет ұғымы және мәні
Мақсат: Студенттің аналитикалық қабілетін дамыту.
Тапсырма:  «Мемлекет» ұғымына талдау жасау. Ұсынылған әдебиеттен мемлекеттің әр түрлі анықтамасын жазып, талдау жасаңыз. Ол ұғымға аса мән беріңіз, әр түрлі анықтамалардың ортақ мәнін табыңыз.
Тапсырма нысаны:  Конспект.
 

Әдебиеттер:

1.     Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
2.     Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан  Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
3.     Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
4.     Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
 
№2 Тақырып.  Қоғамда құқықтың алатын орны
Мақсат: Студенттің нормативті актілермен жұмыс жасай алу қабілетін дамыту. Студентті өз құқықтарын білуге жетелеу.
Тапсырма:  Құқықтың белгілеріне, әдісіне, қызметіне, жүйесіне талдау.
Тапсырма нысаны:  Кесте құрастыру.
 

Әдебиеттер:

1.     Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
2.     Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
3.     Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан  Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
4.     Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
5.     Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
№3 Тақырып.  Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының маңызды құқық саласы ретінде
Мақсат: Студенттің ҚР Конституциясымен жұмыс жасай алу қабілетін дамыту. Студентті конституциялық  құқықтарын білуге жетелеу.
Тапсырма:  ҚР Конституциясынан өздеріңіздің негізгі конституциялық құқықтарыңызды баптарын көрсете отырып  теріп жазыңыз.
Тапсырма нысаны:  Кесте құрастыру.
 

Әдебиеттер:

1.     ҚР Конституциясы, Алматы, Жеті Жарғы.-200ж.
2.     Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.
3.     Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: Оқу құралы. – Астана: Фолиант. 2001. – 176б.
4.     Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
 
№4 Тақырып.  Мемлекеттік биліктің жүйесі және мемлекеттік қызмет
Мақсат: Студенттің қабілеттіліктерін қамыту. Студенттің мемлекттік  қызметке орналасу барысындағы құқықтарын білуге жетелеу.
Тапсырма: Мемлекеттік биліктің тармақтарын ашып көрсетіп кесте құрастырыңыз. Мемлекеттік  қызмет түрлерін бөліп көрсетіңіз.
Тапсырма нысаны:  Кесте құрастыру. Конспект.
 

Әдебиеттер:

1.     Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
2.     Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
3.     Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
4.     Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№5 Тақырып.  Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Мақсат: Студенттің  құқық қорғау органдарының құзіреттерін білу дағдыларын   қалыптастыру.
Тапсырма: Құқық қорғау органдарының  құзіреттерін оларды реттейтін нормалардың баптарын  көрсете отырып кесте құрастырыңыз.
Тапсырма нысаны:  Кесте құрастыру.
 

Әдебиеттер:

1.     «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары» туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Президенттің Жарлығы.
2.     «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы.
3.     Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары. Оқу құралы: Астана. 2004. – 403 б.
4.     Туманов В.А. Европейский суд по правам человека. Очерк организации и деятельности. – Москва: Издательства Норма, 2001. – 304с.
5.     Тусупбеков Р.Т. Деятельность системы органов прокуратуры в Республики Казахстан: надзор за законностью и соблюдением прав человека и гражданина //Развитие механизмов защиты прав человека в Казахстане. – Астана: LEM,2004. – 51с.
№6  Тақырып.  Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
Мақсат: Студенттің  саяси мәдениетін қалыптастырып, дамыту
Тапсырма: ҚР «Сайлау туралы» Заңына ішкі және сыртқы талдау жасау.
Тапсырма нысаны:  Ерікті түре  (кесте,конспект, диаграмма т.б.).
 

Әдебиеттер:

1.     Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
2.     Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
3.     Бикенов М.А. Демократизация политического процесса в Республики Казахстан. – Астана: Акад. Гос. службы, 2003. – 210 с.
4.     Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 106 б.
5.     Даниленко Г.М. Международная защита прав человека: Вводный курс. Учебное пособие. Москва: Юрист, 2000. – с.256.
6.     Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2001. – 252 б.
 
№7  Тақырып.  Қазақстан Республикасы еңбек құқығының негіздері
Мақсат: Студенттің  еңбек қатынастарына түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту
Тапсырма:  Еңбек  заңдылығына сүйене отырып жеке еңбек шартына отыру тәртібін анықтау.
Тапсырма нысаны: Жазбаша нысанда шарт құрастыру.
 

Әдебиеттер:

1.     Жампеисов Д.Ә. «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздндыру құқығы». Семей, 2008
 

2.     Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Алматы, 2005

3.     Қағазов О. ҚР еңбек құқығы. Алматы, 2003
 

4.     Уваров В.Н.  ҚР еңбек құқығы. Алматы, 2002 Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России. Москва, «Юрист», 2000

 

5.     Скала В.И. Трудовые отношения в РК. Алматы, 2001

6.     Смирнов О.В. Трудовое право. Москва, «Проспект», 1999
7.     Сотов П.В. Сборник трудовых документов. М., 1997
№8,9  Тақырып.  Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
Мақсат: Студенттің  азаматтық құқықтық қатынастарға түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту
Тапсырма:  Азаматтық    заңнамаларға сүйене отырып  орын алған жағдаяттарға жауап беру.
Тапсырма нысаны: Жазбаша нысанда ситуациялық есептерді шығару.
 

Әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі:Жалпы бөлім. Ерекше бөлім.-3 басылымы.-Алматы: «Жеті жарығы», 2008.-558 беттер.
2.     Сборник образцов гражданско – правовых документов:Коментарий /Под ред. Андреева С.Е.-М: «Кио Рус», 1997-416с.
3.     Гражданское право.Учебник. В 2-х томах. Т.1 (Под ред. Е.А.Суханова.-М: Изд-во БЕК,432 с.)
4.     Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері: Хрестоматия / Құрастырған Ғ.Сапарғалиев – Алматы: Атамұра, 1996-225бет.
5.     Мемлекет және құқық негіздері / құрастырған Ғ.Сапарғалиев – Алматы: Жеті Жарғы, 2001.-623 б. – Оқулық.
6.     Нәрікбаев М.С. ж.б. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Защита гражданских прав в суде /М.С.Нәрікбаев, Ю.А.Пономаренко, Б.Ж.Әбдірайымов.- Алматы:Борки, 1998.-184 б.
7.     Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы.1 том: Оқулық .-Жеті Жарғы,2001.-191 бет.
8.     Ынтымаков С.А. Азаматтық құқық: Жалпы және Ерекше бөлім:Практикум.-Алматы:ҚазМЗА, 2000-191 б.
 
№10,11  Тақырып.  Отбасы құқығының негіздері
Мақсат: Студенттің  отбасылық құқықтық қатынастарға түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту
Тапсырма:  «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңына сүйене отырып  орын алған жағдаяттарға жауап беру.
Тапсырма нысаны: Жазбаша нысанда ситуациялық есептерді шығару.
Есеп: Алматы қаласының тұрғындары Валентина мен Василий Дубининдер спирт ішімдіктеріне әуес еді. Олардың 12 жастағы баласы – Саша мектепке бармайтын, себебі ата-анасы одан ақша талап ететін, сондықтан да, ол автокөлік  сататын базарда автомобиль жуумен айналысып ақша табуға мәжбүр болады. Ақсай аудандық полициясының учаскелік инспекторлары Саша Дубининді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін  бірнеше рет ұстаған болатын. Нәтижесінде ақыры Саша Дубининді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның есебіне тіркеуге алады. Дубининдер жанұясында орын алған бұл келеңсіздіктің таяу арада оңалмайтындығына көздері жеткен және бала тәрбиесіне аталған жағдайлардың кері ықпал жасайтындығын ескеріп кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия сотқа талап-арыз беріп, Дубининдерді ата-ана болу құқығынан айыру туралы іс қозғауды сұрайды. Осы іс сотта қаралған кезде мына жағдайлар, яғни ерлі-зайыпты Дубининдердің екеуінің де созылмалы алкоголизммен  ауыратындығы, сондай-ақ баласын үнемі ұрып соғатыны және Сашаның  мектепке баруына тыйым салатындығы анықталады.
 

Сұрақ:

1.     Сот қандай шешім шығаруы керек?
2.     Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиядан басқа тағы кімдер ерлі-зайыпты Дубининдерді ата-ана болу құқығынан айыру туралы сотқа талап-арыз бере алады?
3.     Осы жағдайда Сашаның ата-анасынан алимент өндіріп алу туралы істі қарауға сот  құқылы ма?
4.     Егер ерлі-зайыпты Дубининдер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаған жағдайда істің мәні мен сот шешімі өзгере ме?
Есеп: Некені бұзғаннан кейін 5 жыл бойы Нұргүл Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен кәмелетке толмаған қызына алимент төлеуді талап етпейді, себебі ол мұнай компаниясында есепші болып істегендіктен ақшаға аса мұқтаждық көрмейтін. Алайда, 2000 жылы аталған мұнай компаниясы жабылып, Мукашева Н.  жұмыссыз қалады. Осы себептерге байланысты Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен қызды асырауға қажетті ақша сомасын ай сайын жіберіп тұруын өтінеді. Мукашев болса, ерікті түрде ақша төлеп тұрудан бас тартады.
Сотқа талап-арыз беретіндігі жайлы зайыбының ескертуіне Мукашев бұрынғы әйелі Нұргүл Мукашеваның талап қою мерзімін өткізіп алғандығына сілтеп, оның ескіруін елеусіз қалдырып, әйелінің талабын орындаудан бас тартады.
 

Сұрақтар:

1.     Осы қалыптасқан жағдайда қандай әрекеттер жасауы тиіс?
2.     Неке және отбасы туралы Заң бойынша алимент өндіріп алуға талап қою мерзімі қолданыла ма?
 

Әдебиеттер:

1.     Неке және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 68б.
2.     Бала құқықтары туралы Конвенция.
3.     ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы.
4.     Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
5.     Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
 
№12  Тақырып.  Әкімшілік құқық негіздері
Мақсат: Студенттің  әкімшілік құқықтық қатынастарға түсу қабілеттерін қалыптастырып, дамыту
Тапсырма:  ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Заңына талдау жасау.
Тапсырма нысаны: Кесте түрінде.
 

Әдебиеттер:

1.     Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
2.     Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.
3.     «Әкімшілік процедулар туралы»
4.     Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5.     Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
6.     Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
№13  Тақырып.  Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының негіздері
Мақсат: Студенттің  қылмысты болдырмаудың жолдарын табуға жетелеу.
Тапсырма:  ҚР Қылмыстық  Кодекске сүйене отырып орын алған жағдаяттардың шешімін табу.
Тапсырма нысаны: Казустық есептерді шығару.
 

Әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2006. – 141б.
2.     Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.
3.     Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан  Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
4.     Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
№14  Тақырып.  Экология құқығының негіздері
Мақсат: Студенттің  қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тапсырма: Қоршаған ортаның  ластануынан туындайтын құқықтық салдарға жауап беру.
Тапсырма нысаны:  Конспект.
 

Әдебиеттер:

1.     Қазақстан  Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2007. 
2.     ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы.
3.     ҚР Жер Кодексі.
4.     ҚР Су Кодексі.
5.     ҚР Орман Кодексі.
6.     Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. – Алматы, Интерлигал. 2004.
 
№15  Тақырып.   Халықаралық құқық негіздері
Мақсат: Студенттің  халықаралық  нормативті актілерді білу дағдыларын қалыптастыру. 
Тапсырма:  ҚР халықаралық жүйеде алатын орны.
Тапсырма нысаны:  Шығарма - эссе.
 

Әдебиеттер:

1.     Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күресі туралы конвенция: Қазақстан  Республикасының  Президентінің 2004ж. 12 қазан № 1460 жарлығымен бекітілген.// ПҮАЖ.- 2004. - № 40. - 3-13б.
2.     О соблюдении прав гражданина в РК в  2003 году: Доклад Комиссиии по правам человека при президенте  Республики Казахстан  / Юридическая газета. – 2004.-16 апр.
3.     Положение о Комиссиии по правам человека при президенте  Республики Казахстан: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2003г., № 1040 // Казахстанская правда. – 2003. – 21 марта.
4.     Положение об Уполномоченном по правам человека: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 сентября 2002г. № 947 // СААП РК. – 2002. - №30№ - с.59-65


1.      


Ұқсас жұмыстар

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Пәннің оқу - әдістемелік кешені негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Етістіктің жақ категориясы
Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН. Бизнесті бағалау
Дифференциалдық геометрия және топология