8. Курсты оқытудың әдістемелік нұсқауы

Сабақты себепсіз босатуға болмайды. Сабақты босату оқуға деген ынтаны азайтады және курс бойынша қорытынды баға қоюға әсер етеді. Берілген тапсырма уақытында орындалмаса әр жолы сіздің бағаңыз жарты баллға азайтылады. Сіздің міндетіңіз аудиторияда болу және оқу.
         Кейде кейбір кездейсоқ жағдайларға байланысты (ауырып қалғанда, отбасы жағдайымен, т.б.) сабаққа қатыса алмасаңыз алдын-ала хабарлау қажет. Сабаққа қатысып отырып тапсырманы орындамасаңыз бағаыңыз төмендейді.
         Сабақ басталғанға дейін барлық тапсырманы орындауға міндеттісіз.(Сабақ кестесі бойынша). Аудиторияда өткізілетін сабақтың ықпалы бүкіл топқа әсер етеді. Сабаққа қатыспасаңыз немесе тапсырманы өзіңізге берілген уақытында орындамасаңыз бағаңыз төмендейді.
         Курсты оқу белсенді түрде болу керек. Үй тапсырмасын орындауға аптасына ең кемінде 2-3 сағат бөлу керек. Сабақ кестесі бойынша сіз үнемі оқытушымен кеңесіп отыруыңыз керек. Әрбір сабаққа дайындалу қажет. Еңбегіңіз аттестация, емтихан кезінде көмегін тигізеді.
         Емтиханның мақсаты сіздің теориялық біліміңізді практикада қалай қолдануыңызға қатыстыболады, сондықтан білім үшін оқыңыз.
         Қорытынды емтихан барлық студенттер үшін міндетті.
         Тапсырманы орындау барысында сіз:
-         сіз үшін тапсырманы басқаның орындауына;
-         тапсырманы белгіленген мерзімнен басқа уақытта тапсыруға;
-         тапсырманы орындауда көз бояушылыққа жол бермеуіңіз қажет.
 Сіз сабақты босатпауыңыз керек, аудиторияда сабақ үстінде өзіңізді ішкі тәртіп ережелеріне сай ұстауға міндеттісіз, сабаққа кешігіп келуге болмайды.
         Сабаққа үнемі дайындалып келуіңіз керек. Сонда ғана мамандыққа сай білім ала аласыз.


Ұқсас жұмыстар

Орта мектеп химия курсында инновациялық технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесі
Зерттеудің көкейтестілігі
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті