ДӘРІС 2 ҚОҒАМДА ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Мақсаты:  Студенттерге  қоғамдық қатынастарды реттеуде құқықтың алатын ролін ашып түсіндіру. Құқықтың тар және кең мағынасымен таныстыру. Өз құқықтарын  жүзеге асыра білуге үйрету.
Жоспар: 
1.Құқықтың түсінігі және белгілері.
2.Құқықтың мақсаmы.
3.Құқықтың құндылығы.
4. Құқықтың мәні.
5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Бұқаралық және жеке құқық.
6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде.
1. Құқықтың түсінігі және белгілері. Құқық -  бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын­ және қамтамасыз етiлетiн,  жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
    Құқықтың белгілері:            
    1) еріктiлiк сипаты;               
    2) жалпыға міндеттілiгi;       
3) нормативтілiгi;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формальды анықталғандығы;
6) жүйелілiгi.
2. Құқықтың мақсаты.  Құқықтың  қоғамдық жоғары мақсаты  қоғамдагы бостандықты нормативтік  тәртіпте  қамтамасыз етуінен және кепілдеуiнен, әдiлеттiлiктi қалыптастыруынан қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетiмен  кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық  және рухани факторлардың  әрекет етуіне  мейлiнше жағдай жасауынан көрініс табады.
3. Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның  әлеуметтiк  әдiлеттi қажеттіктeрi мен мүдделерiн қамтамасыз ету құралы мен  мақсаты peтlндe  қызмет ете алу қабiлетi. Құқықтьң  әлеуметтiк құндылығының  төмендегiдей негiзгi  көріністерін  атап етуге болады:
1) Құқық  адамдардың  әрекеттерiне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты үйлесiмдiлiктi дарыта отырып, олардың­ бақылалануын қамтамасыз етедi, Осы  арқылы  ол  қоғамдық қатынастapғa реттеушiлiк элементiн енгiзе  отырып, оларды өркениетгi  құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерiн yйлестіpy арқылы олардың жүрiс-тұрысы мен қызметiне әcepiн тигiзедi, яғни, құқық  жеке мүдделердi басып-жаншымайды, керiсiнше, оны қоғaмдық мүддемен үйлестiредi;
3) құқық тұлғаның қоғамдаrы бостандығын  көpceтуші және анықтаушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық әдiлеттiлiк идеясын көрсету қабiлетiне ие, яғни, құқық материалдық  игiлiктердiң дұpыc  және әдiлеттi бөлiнуiнiң талап­тарын орнықтырады, барлық  азаматтардың заң алдындағы тендi­гiн бекiтедi;
5) құқық  қоғамдық  дамудың тарихи кезектiлiгiне сәйкес коғам­ның жаңаруының қайнар көзi  болып  табылады, әcipece, оның құндылығы тоталитарлық режимдердiң құлауы мен жаңа нарық­тық  механизмдердiң бекiтiлуi жағдайларында өсе түседi;
      6) құқықтық тәсiлдер халықаралық және  ұлтаралык сипаттағы мәселелердi шешудiң  негiзi және  жалғыз  құралы болып табылады.
 
4.Құқықтың мәні  өркениеттілік  жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден,      нормативтік        негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына  жете отырып, демократияның  экономикалық  бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.
         Құқықтың    мәнін  қарастыруда екі аспектіні ескерудің   маңызы   зор: 1) формальдық -  кез – келген  құқықтың ең  алдымен      реттеуші  екендігі; 2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
         Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
-         Таптық, мұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттің еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
-         Жалпыәлеуметтік, мұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, леуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
5.Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Бұқаралық және жеке құқық.  Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. .  Объективтік құқықбұл нақты бір мемлекеттегі  белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативті шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оның тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс  тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға т.б.) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның сапасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.
         Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъектитік құқықтар) өатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бекітілген  бекітілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.
         Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
         Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар, заң шығарушылар, соттар, құқық субъектілері қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығын, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;
б) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жәй ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
         Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір мезетте әрі қарама қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы  бұқаралық құқықтық жағы, екінші жағы жеке  құқықтық жағы.
         Бұқаралық құқық бұл мемлекеттік істер саласы, яғни билік пен бағыныстылық қатынастарына  негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы мен қызметі.
         Жеке құқық бұл жеке істер саласы, яғни дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.
6.Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде.  Құқықтың  түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
-         мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
-         құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес реттейді.
-         құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік реттеуші, заңды және заңсыз ірекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді;

-         басқа әлеметтік нормаларға қарағанда құқықтың  реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік – міндеттеуші мазмұнымен байланысты. 


Ұқсас жұмыстар

Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Құнды қағаздар нарығының құқықтық ретеуі жалпы бөлімі
Мектептің оқу процесінде оқушыларға құқықтық білімді қалыптастыру
Мектептегі құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру
Құқық мәдениеті ұғымы және құрылымы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы
Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Меншік және меншік құқығы