ДӘРІС 4МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЖҮЙЕСІ

 Мақсаты. Жалпы қоғам жүйесіндегі ең күрделі қызметтің бірі саяси жүйе атқаратын болса екіншісін мемлекет деген үлкен аппарат атқарады осы мемлекеттің алатын орны мен ролін ашу және билік жүйесін анықтау.

Жоспар:
1.     Мемлекеттік биліктің  ұғымы және Қазақстан Республикасында
          оны ұйымдастырудың қағидаттары.
2.     Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
жүйесі.
3.     Қазақстан Республикасының Президенті.
4.     Қазақстан Республикасының Парламенті.
 
1. Мемлекеттік биліктің  ұғымы және Қазақстан Республикасында  оны ұйымдастырудың қағидаттары.Мемлекеттік билік бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субьектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Мемлекет органы дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол біріңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: бірінішден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден,  органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң швғарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негіздлген; дәрежесіне қарай – орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша – тұрақты және уақытша; құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша – алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылы; қызметінің құқылық нысаны бойынша – құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзіретінің сипатына қарай – жалпы (Үкімет) және арнаулы(министрліктер) органдар болып бөлінеді. Билікті бөлу қағидаты Конституцияның Президент (ІІІбөлім), Парламент(ІVбөлім), Үкімет(Vбөлім), және соттар (VІ бөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Жоғары аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының біріңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігін, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан – Сенттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
Сот билігін – сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді.


Ұқсас жұмыстар

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ ЖӘНЕ XX ҒАСЫРДЫҢБАСЫНДАҒЫ КАЗАҚСТАНДАҒЬІ ӘКІМШШК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезенддері
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі және оның постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Саясаттану әдістері мен әдістемелері туралы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері