ДӘРІС 8 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Мақсаты: Қоғамда еңбектік құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, еңбек құқығы теориясын, еңбек заңдары мен еңбек құқығы нормаларын қолдану тәжірибесін студенттердің игеруі үрдісі болып табылады.
Жоспар:
1. Еңбек құқығының түсінігі
2. Еңбектік құқықтық қатынастар
3. Жеке еңбек шартының ұғымы, мазмұны, тоқтату негіздері
 
1. Еңбек құқығының түсінігі. Еңбек құқығы – бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыруы бойынша жеке және ұжымдық шарттардың негізінде, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатнастарын реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығының нормалары еңбек құқықтық қатнастарының туындауы мен тоқтату тіртібін, қызметкерлердің ортақ еңбек тіртібін анықтайды, еңбекақының ең төменгі көлемін және қауіпсіздік гигиена талаптарына жауап беретін еңбектің үйлесімді жағдайларын белгілейді. Осылайша, еңбек құқығының еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қатнастардың ең маңызды реттеушісі болып табылады.
2.Еңбек құқықтық қатынастар. Еңбек құқығы саласындағы құқық қатынастары жүйесі өзіне мыналарды қамтиды: еңбек құқықтық қатнастары; ұйыдастыру - басқару құқықтық қатнастары; ұжымдық – шарттық құқықтық қатнастар; еңбекке орналастыру жөніндегі құқықтық қатнастар; тікелей өндірісте қызметкерлерді кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттару жөніндегі құқықтық қатнастар; еңбектің қорғалуын және еңбек заңдарына сақталуын қадағалау жөніндегі құқықтық қатнастар; еңбек дауларын қарау жөніндегі құқықтық қатнастар.Аталған барлық құқықтық қатнастар қызметкердің еңбегіне байланысты туындайды, бірақ пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері мен мазмұны жағынан ерекшеленеді.
Еңбек құқықтық қатынастарының мынындай үш елеулі белгілері бар:
1.олар жеке еңбек шартының негізінде нақты кәсіпорынның еңбек ұжымына қызметкердің кіруімен туындайды;
2.еңбек құқықтық қатнасы бойынша қызметкерді белгілі бір мамандық(кәсіп), біліктілік немесе қызмет бойынша жқмыс атқару міндетін өзіне алады, ал кәсіпорын аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті жағдай жасау міндетін алады;
3.еңбек құқықтық қатнасының екі тарабы- қызметкерлер де, жұмыс беруші де ішкі еңбек тәртібіне бағынады.
3. Жеке еңбек шартының ұғымы, мазмұны, тоқтату негіздері. Еңбек шарты –қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім,ол бойынша қызменкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық,біліктілік немесе лаузым бойынша жқмыстары орындауға міндеттеледі,ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де  ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге,еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мінтеттенеді.
Тек қана еңбек шартын жасасқаннан кейін қызметкер тап осы кәсіпорын,мекеме,ұйымның өндіріс ұйымына қосылады және оның ішкі тәртәбәне бағынады.
 Еңбек шартының мазмұны тараптардың яғни жұмыс беруші мен қызметкерлердің толық деректемелері:
Белгілі бір мамандық,біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы(еңбек функциясы); Жұмыстың атқарылатын орны; еңбек шартының мерзімі; жұмыстың босатылу күні; жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі; еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары.
Егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;қызметкерлердің құқықтары мен міндетттері; жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;еңбек шартын өзгерту мен тоұтату тәртібі;кепілдіктер мен өтемақы төлемдері,олпрды төлеу тәртібі;сақтандыру жөніндегі талаптар; тарптардың жауапкершілігі; жасалу күні мен реттік номері болуға тиіс.
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қ.Р-заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады.
29-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері
Мыналар:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
8) еңбек шартын жасау талаптарының бұзылуы;
9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
 


Ұқсас жұмыстар

«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Ертефеодалдық дәуіріндегі жер қатынастарының сипаты мен жерге орналастыру
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы