ДӘРІС 9 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Мақсаты:  ҚР азаматтық құқығы пәнінің зерттеу аясын айқындап, азаматтық құқықтық қатынасқа түсудің  құқықтық  тәртіптерін түсіндіру.
Жоспар:
1. Азаматтық құқықтың пәні: жалпы ұғымы.
2. Азаматтық құқықтық қатынастар.
3. Азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылу барысындағы кедергілер және оның алдын алу.
 
1.Азаматтық құқықтың пәні: жалпы ұғымы. Басқа құқық салалары сияқты азаматтық құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардан тұрады. Сондықтан “пән” ұғымы азаматтық құқық нормасымен қандай қоғамдық қатынастар реттейді деген сұрақпен байланысты. Азаматтар мен ұйымдар кәсіпкерлік іс - әрекетпен айналысуда қоғамдық қатынастарға түседі. Азаматтар күнделікті өмірлерінде әр түрлі ұйымдардың қызмет үлгілерін пайдаланады ( шаш қию, театр, киноға бару, т.с.с). Қоғамдық көлікті пайдалануда азаматтар белгілі бір ұйыммен қатынасқа түседі. Азаматтар заттарын киімдерін сақтау камераларына немесе киім ілгішке өткізеді, қажетті азық – түліктерін алады, яғни осындай қатынастарды атай беруге болады. Міне, бұл аталған қатынастардың барлығы азаматтық құқық нормасымен реттеледі. Қорыта айтсақ, азаматтық құқықтық қатынастар тұлғалардың заңмен тиым салынбаған әрекеттері нәтижесінде күнделікті өмірде жүзеге асырылып жатады. Азаматтық құқық нормалары өз әрекетін аталған қатынастарға  байланысты іске асырады. Мысалы: несие, жалға беру – жалдау, сыйға беру, сатып алу – сату, т.б. келісім – шарттар. Азаматтық құқық пен азаматтық ар – намысы, қадір – қасиеті, іскерлік репутациясы т.с.с. қатысты қатынастар да реттеледі. 
Азаматтық   құқықты   «Азаматтық құқық»  деп  аталуына   қарап  «азамат» деген ұғыммен байланыстыруға болады және оның тамыры өте ертеде жатыр,   егер  ол тек азаматтардың құқығына қатысты десек қателескен боламыз. 
  Ертедегі Римде екі құқық әрекет еткен: біреуі шет елдіктерге, екіншісі  –  тек Рим азаматтарына тарады. Соңғысына қатысты «азаматтық құқық» ұғымы пайда болды және ол қазіргі түсінік бойынша азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен бірге еңбек, жер, отбасы т.б. құқықтардың нормаларын қамтыды.Құқықтың әлеуметтік мәні, оның нормалары қоғамдық қатынастарды яғни адамдардың өмірі мен әрекетінің жан – жақты қырларынан  реттеуінде.
Азаматтық құқықтың негізгі сипаты болып оның әртүрлі материалдық игіліктерді иеленуіне, пайдалану мен билік етуіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуі табылады. Басқаша айтқанда оның мүліктік сипат алуы. Ал, «мүлік» термині азаматтық құқықта үш мағынада түсіндіріледі. Біріншіден заттардың жиынтығы, екіншіден бағалы қағаздар, үшіншіден осы екеуіне қатысты құқықтар мен міндеттер.
Азаматтық құқық тек мүліктік қатынастарды ғана емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Оған жататындар: адамның өмірі, денсаулығы, ар – намысы, қадір – қасиеті, құпиясы, іскерлік репутациясы т.с.с. Аталғандардың кейбіреулері мүліктік қатынастармен тығыз байланысты  (мысалы: авторлық құқық),   ал кейбірінің байланысы жоқ (мысалы: ар – ождан, қадір – қасиет). Азаматтық құқықтың реттеу аясының көп бөлігін мүлік құрайды, сондықтан ол  «мүліктік құқық» деп те аталған.
2. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың шеңбері өте кең. Оны басқа құқықтық қатынастармен салыстырудан көруге болады. Атап айтсақ, субъектілерінің әр түрлілігі, реттелу заңдылығының сан алуандығы. Жалпы, субъектісі дейтін болсақ ол жеке және заңды тұлға, бірақ аталған тұлғалар әр қатынасқа түсуіне байланысты әр түрлі құқықтар мен міндеттерге ие болады. Тағы бір ерекшелігі азаматтық құқықтық қатынастардың басқа құқықтық қатынастарға қарағанда күн сайын туындап жататындығы. Мысалы: еңбек құқықтық қатынаста тұлғаның және еңбек шартына отырған кезінен, отбасылық құқықтық қатынастар некеге тіркелген кезде ғана басталса, азаматтық құқықтық қатынастар  ешқандай тіркелуді қажет етпей – ақ пайда болуы мүмкін (тасымалдау шарты, сатып алу – сату шарты, сақтау шарты, қызмет көрсету т.с.с.) Азаматтық құқықтық қатынастардағы тағы бір ерекшелік оның аяғына басқа құқықтық қатынастардың да енуі. (тұрмыстық, отбасылық, еңбек, кәсіпкерлік т.с.с)
Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормасымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Қоғамдық қатынастарды экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени деп бөлетін болсақ, осы салалардың барлығынан азаматтық құқықтық қатынастардың элементін табуға болады. Дәлелдеп айтсақ, кәсіпкершілік іс - әрекетті бастау үшін тіркеу әр түрлі шарттарға отыру қажет, бұл экономикалық қатынастарға жатады, саяси қатынастар – қоғамдық бірлестіктер немесе партия құру, тағы да заңдылықтарды талап етеді. Әлеуметтік салада - әр түрлі төлем ақылар төлеу, т.б. Аталған мәселелердің барлығы азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Егер О.С. Иоффенің ойымен айтатын болсақ, азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың тек бір түрі ғана. Қоғамдық қатынастарды азаматтық құқық нормасымен реттеу нәтижесінде, олар құқықтық нысанға ие болып азаматтық құқықтық қатынастарды құрайды. 
«Азаматтық құқық» нормасымен реттелетін қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық қатынастар деп атаймыз. Азаматтық құқықтық қатынастар мүліктік және мүліктік емес қатынастарға қатысты туындайды. Оның қатысушылары заңдылықпен  тұрғыда азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Азаматтық құқықтық қатынастардың құрылысы оның субъектісінен, объектісінен, мазмұнынан тұрады. 
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъекттілері – оған қатысушы тұлғалар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі болып құқықтық реттеудің бағыты, құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері табылады, яғни дәлірек айтсақ азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі болып материалдық (мүліктік) және материалдық емес (мүліктік емес) игіліктер табылады. Кейбір жағдайларда болашақта туындайтын әрекет нәтижесі де табылады (жолаушыларды, жүкті тасымалдау). Бір объектіге қатысты әртүрлі қатынастар туындауы мүмкін.
Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны құқықтық қатынастардың өзінен тікелей туындайтын  субъективті құқықтар мен міндеттер жиынтығынан құралады.  Мысалы, сатып алу – сату барысында сатушы затты тұтынушының меншігіне беруге міндетті, ал тұтынушы ол затқа анықталған ақша сомасын төлеуге міндетті. Өз кезегінде сатушы төлем ақыны алуға құқылы болса, тұтынушы заттың өзіне берілуін талап ете алады.Құқықтар мен міндеттердің қатар жүретіндігі азаматтық заңдылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Азаматтық құқықтық қатынастарының ерекшеліктері көп жағдайда азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың еркі арқылы құрылады. Оның негізгі бастамасы болып келісім-шарт табылады. Сондықтан азаматтық құқық пәніне енетін қоғамдық қатынастар тараптардың заңдылық теңдік әдісімен реттеледі. Тараптар азаматтық құқықтық қатынастарға енуде бір-біріне тәуелді емес немесе келісім-шартта көрсетілген жағдайларда ғана міндеттей алады. Мысалы: тапсырушы мердігерден келісім-шартта көрсетілген жұмыстың орындауын ғана талап ете алады. Тараптардың заңдылық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастардың ажырамас құамы болып табылады. Егер ол болмаса құқықтық қатынас өз мәнін жояды, азаматтық құқықтық қатынастардан басқа құқықтық қатынасқа айналып кетеді. Мысалы: азамат жергілікті әкімшіліктен пәтер алатын болса, онда ол екі тараптың құқықтық жағдайлары тең, ал жергілікті әкімшілік жер сілкінісіне ұшыраған азаматтардың арасында тұрғылықты үй бөліп берген болса, бұл жағдайда жергілікті әкімшілік азамат алдында өзінің артықшылық өкілі бар бір орган ретінде енеді. Сондықтан, бұл құқық азаматтық емес, әкімшілік сипат алады. Сонымен, азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:
- Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір – біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ерекшеленеді;
- Азаматтық құқық қатынастарының заңда көзделген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін;
- Азаматтық құқықтық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;
- Бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың мәртәбә мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады.
Азаматтық құқықтардың негізгі ерекшеліктерінің бірі  оның күн сайын емес сағат сайын туындап жататындығында.
 


Ұқсас жұмыстар

ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Отбасы құқығы ұғымы
Ертефеодалдық дәуіріндегі жер қатынастарының сипаты мен жерге орналастыру