ДӘРІС 10 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

3. Азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылу барысындағы кедергілер және оның алдын алу.Азаматтық құқықтық қатынастардың күн сайын, сағат сайын пайда болып, өзгеріп тұратыныдығына жоғарыда тоқталған едік. Сондықтан  азаматтық құқықтық қатынастардың жұзеге асырылуы барысында небір кедергілердің болуы таңғажайып нәрсе емес. Әрине, ол кедергілердің өз себептері бар, оған жататындар: азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілердің құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі, сыртқы және ішкі факторлар.
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген. Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық Кодексті көптеген нормалары көрсетілген ережелерге бағынады. Мәселен, азаматтық Кодекстің 238 – ші бабы, яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.
Азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылу процесінде оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу  тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына баланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық құқықтық қатынаста қатысушылардың заңи теңдңгң, яғни азаматтық құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір – біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы. Бір мысал келтіріп көрейік: Сатып алу – сату шарты бойынша сапасыз затты сатып алған  тұтынушы  өз құқықтарын дұрыс білмеуінен, сатып алынған сапасыз затты  тұтынуға мәжбүр болады, бұл жердегі кедергі құқықтық мәдениеттің төменділігі. Екінші бір жағдайды алып қарайық, басқа азаматтың құқығына нұқсан келтірген азаматтың құқықтық қатынастағы жауапкершілігін мойындамауы, бұл жерде жауапсыздық немесе салақтық, енжарлық тағы сол сияқты әсерлер. 
Әрбір азаматтық құқықтық қатынаста тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады (автордың, өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға міндетті).
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысының бір мезгілде құқық берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеспейді. Мысалы, сатып алу – сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алуы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.
Азаматтық құқықтық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық есебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың бір тұлғадан – құқықтық ізашардан екінші тұлғаға – құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі, бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізашарының орнын басады.
Құқықтық мирасқорлық әмбебап (жалпы) не сингулярлық (жеке) болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық ққық қатынастарында құқық ізашарының орнын басатынымен сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың қөұқықтары мен міндеттері, азаматтық кодекстің 46 – бабына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады; мұраны қабылждауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүлііктік құқық қатынастарының субъектілеріне айналады. Жеке құқықтық мирасқорлық – қандай да болсын бір құқық қатынасындағы немесе бірнеше құқық қатынастарындағы құқықтық мирасқорлық. Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын басқа тұлғаға берген  жағдайда солай болады. Жеке сипатта болатын құқық қатынастарында, сондай – ақ бұлайша ауыстыруға заңмен тиым салынған барлық жағдайларда құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді. Міне, осындай жағдайлардан азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылуы қиындайды немесе құқықтық мирасқорлықтың тура іске аспау салдары да азаматтық құқықтық қатынастардың жүзеге асырылу кедергісінің бір жолы.
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері көбінесе шарттарға отырады дейміз,  азаматтық заңдылықтарға сәйкес шарттарға отырудың өзіндік тәртіптері бар, аталмыш тәртіптерді сақтамау да азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асырудың бір кедергілері болып саналады.
Азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыруда кездессетін кедергілердің  алдын алудың жолдары:
 Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, бұл салада көмекші құралдар шығару, дәрістер оқу, семинар – тренингтер өткізу;
 Азаматтық заңдардың талқылануын қамтамасыз ету, құқықтық кеңес беру жолдарын қарастыру
 


Ұқсас жұмыстар

ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
Отбасы құқығы ұғымы
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Ертефеодалдық дәуіріндегі жер қатынастарының сипаты мен жерге орналастыру