ДӘРІС 14 ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ

Мақсаты: Экологиялық құқық жүйесі құқықтың бір саласы ретінде қоршаған ортаны табиғатты қорғау жүйесіндегі заңнамада атқаратын қызметі мен маңызы.
Жоспар:
1. Экология құқығының негіздері.
2. Табиғатты және оның құрамдас бөлімдерін құқықтық қорғау.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
 
1. Экология құқығының негіздері.Қоршаған табиғи ортаны қоғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалан- қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әр бір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік , жалпыхалықтық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық-бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салалаларының бірі болып табылады.«Экология»–бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз –«Жер» туралы ғылым. Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866жылы неміс ғалымы Геккел ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылады.Ол өзінің әйгілігіне ХХ ғасырдың екінші жартысында ие болды,өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта  және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті.Экология –тірі организімдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде қолданылады.Табиғат-санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы.Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
           1.Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет;
           2.Адамдардың материалдық қажеттіліктерін  қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;
           3.Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз-құлықтылық қызмет.
          Адам –табиғаттын эвалюциялық даму нәтижесінің өнімі.Табиғатқа қатынысына байланысты ол-оның әсерін байқайтын,өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын,оны қоршаған ортаның объектісі ретінде және табиғи ресурстарды пайдаланатын ,өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін  табиғатты бейімдеуші субъект ретінде танылады. Құқықтық экология деп – қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып, экологиялық құқығы танылады. Экологияляқ құқығы бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған табиғи ортаны тиімді падалану мен қорғауба байланысты қоғаммен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. 
Экологиялық құқықтарының әдістері – қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, қоғамға да қатысты заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделеді. Экология құқығы үш негізде оқытылады: пән ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде. 
Экология құқығы сала ретінде – экологиялық құқықты сала, пән ретіндегі танудың ғылыми ілімдерінің жүйесін құрайды. Экологиялық құқықты – құқық саласы ретінде тану үшін, біз белгілі бір заңдарға жүгінеміз, оның нормаларына түсінік береміз.
Экологиялық құқықты оқу пәні ретінде біз, теориялық және тәжірибелік сұрақтарын қамтитын оқыту әдістемесіне және де құқық нормаларымен оларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз. 
2. Табиғатты және оның құрамдас бөлімдерін құқықтық қорғау. Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық, химиялық, физикалық, санитарлық-гигиеналық және де басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау – бұл мемлекеттің экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды, қаулыларды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады. Біздің мемлекетімізде «Қазақстан республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама» заңдары және көптеген нормативтік актілер қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау – бұл табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортаны қорғаудың басты қағидалары көрсетілген. Қоршаған ортаны қорғау келесі басты қағидаларды негізге ала отырып жүргізіледі:
1. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.
2. Қазақстан республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3. Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи-экологиялық  жүйелерді қалпына келтіру;
4. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға эеономиеалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5. Биологиялық алуан түрлілікті жіне экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерееше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершілікттің ымырасыздығы;
7. Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8. Халықтың ,қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін -өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;
9. Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық әдісі дегеніміз экологиялық құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында қолданылатын тәсілдердің жиынтығы. Оларға мыналар жатады :
- қорғауға жататын, табиғи объектілерді белгілеу;
- табиғат объектілерін қорғауды бекітетін ,шектейтін, рұқсат беретін міндетті ережелері мен талаптарды анықтау;
- олардың сақталуы мен орындалуын бақылау;
- қоршаған табиғи орта заңдарын бұзған үшін жауапкершілік және шығындарды өтеу шараларын жүзеге асыру. 
 
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституцияның құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады. 
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты қорғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.Қоршаған ортаны тазарту- адамның өмір сүру ортасның сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарының объектісі болып ,табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық аау ,су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар , санаториялық куроттық орындар. Азаматтардың бұл құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында әрі қарай дамуы көзделген. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына-адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындарын, мекемелердің , ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді. 
1997жылы 15 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы » заңының 5-бабына сәйкес ,азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың , сондай –ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жәй-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтеуін алуға құқығы бар. 
Азаматтардың:
- Белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатыстыруға;
- Қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митінгілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
- Қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен ұйымдарға хаттар, шағымдар,арздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
- Қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
- Кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзгеде объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай- ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтау туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жорйып талап етуге;
- Айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап арыз беруге;
- Заң актілерімен өзге де нормативтік құқықтық актілер де көзделген басқада құқықтарын белгіленген тәртіппен іске асыруға құқығы бар.
әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға  және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы және де басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқытармен міндеттер жүктейді. 
 


Ұқсас жұмыстар

«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Экологиялық кадастр - оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Осы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін жүргізудің нақты шарттарын бағалау
Экология және тұрақты даму пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ