14. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 «Құқық негіздері» пәні  бойынша семинар сабақтары құқықтық білімді нығайтудың  негізгі  жолы болып табылады. Семинар сабағында студент тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап тауып қана қоймай оны қорытып  дұрыс жеткізе білуі қажет. Семинар сабағында студент өзінің дәріс сабағында  алған  білім деңгейін тереңдетуге, талқыланып отырған тақырыпқа қатысты өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Семинар сабағына дайындалу барысында  жаңа термин сөздерге мән беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.

Студент  семинар сабағына  дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді  мұқият саралауы керек және ол ұсынылған әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге  өз тарапынан ізденіп  баспа материалдарын да қарастыруы қажет.
  Құқықтық білім адам өмірінің барлық кезеңдеріне қажет, сондықтан аталмыш пәнге деген қызығушылықтың болуы студенттің құқықтық мәдениетін арттыруға септігін  тигізеді. Семинар сабағының басты кеңесшісі ол пән оқытушысы. Сол себепті түсініксіз сұрақтарға оқытушыдан кеңес алып отырған жөн. Семинар сабағында тақырыпқа қатысты мәселе көтеріліп, әр түрлі әдістердің  қолдануымен  шешіледі. Әдістер: ахуалдық  есептер шешу,  баяндау, пікір таластыру, ойын және т.б. Есептер дегеніміз күнделікті өмірімізде  туындап жатқан құқықтық мән – жайлар, мәне соларға жауапты іздеу барысында студент  қажетті  нормативті  құжатты дұрыс тауып, талдауы керек. Жауапты баяндау барысында арнайы деректерге сүйене отырып, өз сөздеріне дәлелдемелер келтіріп отыруы керек. Жауап беру барысында  баяндап тұрған мәселеге тұжырым жасай алуы қажет.
Сіздерге семинар сабағының жоспары, арнайы әдебиеттер  ұсынылып отыр. Кейбір тақырыптарға қатысты ситуациялық есептер де берілген.
 
№1 СЕМИНАР.    МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ
Сабақтың мақсаты:  Студенттердің  мемлекеттің ұғымын айта отырып, оның шығу теорияларын өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Жоспар:
1. Мемлекеттің пайда болуының қысқаша тарихы.
2. Мемлекеттің кең және тар мағынасы.
3. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
4. Мемлекеттің нысаны.
5. Мемлекеттің қызметі.
 
Алғашқы қауымдық құрылыстың жалпы сипаты, басқару органдары және тәртіпті сақтау құралдары.  
     Мемлекеттің пайда болуы туралы  әр түрлі теориялар. Мемлекеттің пайда болуының әр түрлі жолдары (шығыс, азиялық, батыс, европалық) .
     Мемлекет ұғымдарының сан алуандылығы. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы заңдылықтары мен түрлері. Мемлекет және құқықтың алғы шарттары. Мемлекет және құқықтың белгілері.
Мемлекет мәні. Мемлекет және оның мәнін айқындайтын қозғаушы күштер (факторлар); әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени, ізгілік, діни т.б. Мемлекет ұғымының және мәнінің эволюциясы (өзгеруі).
Әдебиеттер:
1. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
2. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.
3. 11\-",';''
4. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
5. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
6. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б. 
7. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан  Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
8. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
9. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
 
№2  СЕМИНАР.    ҚОҒАМДА ҚҰҚЫҚТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Сабақтың мақсаты:  Студенттердің  мемлекеттің ұғымын айта отырып, оның шығу теорияларын өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Жоспар:
1. Құқықтың пайда болуының қысқаша тарихы.
2. Құқықтың  қаңдылық анықтамасы.
3. Құқықтың мәні.
4. Құқықтың әртүрлілігі.
5. Құқықтың  типтері.
6. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын рөлі.
 
Құқыққа анықтама берудің проблемалары. Құқықтың жалпы әлеуметтік және заңдық мағынасы. Құқықтың объективтік және субъективтік  сипаты.
    Құқық мәнінің сипаттамасы. Құқықтың нормативтілігі, жүйелілігі, жария түрдегі айқындылығы. Құқықтың табиғи жаратылысы мен мәнін айқындайтын әлеуметтік – экономикалық, саяси, идеологиялық, өнегелік (моральдық), ізгіліктік, рухани, діни қозғаушы кұштер.
     Құқық – қоғамдық дамудың қозғаушы күші. Құқықтың мәнін түсіндіретін сипаттар. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықты түсіндірудің қазіргі кездегі ғылыми тәсілдері. Құқық – нормалар жиынтығы ретінде; құқық – құқықтық қатынас ретінде; құқық – құқықтық сана ретінде. Құқық идеясы. Құқық аясы (шеңбері). 
  Құқық анықамасы. Құқық туралы марксистік, психологиялық, нормативтік, табиғи – құқықтық, әлеуметтік, синергетикалық негізгі көзқарастар.
   Құқық типтері: ұғымы. Құқық сипаттамасының формациялық және өркениеттік типтік белгілері.
Қоғамның нормативтік жүйесі. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалар туралы ұғым және оларды саралау. Қоғамның әлеуметтік нормалары жүесінде құқықтық нормалардың алатын орны. Құқық және ізгілік пен өнегенің (моральдың) нормативтік жаратылысының табиғаты. Құқық пен ізгілік, өнеге (мораль) нормаларының жалпы және ерекше сипаттары.Ққық пен ізгілік, өнегенің өзара әрекеттесулері. Құқық пен ізгілік, өнегедегі тиым салу, бостандық , теңдік, әділдік идеяларының көрініс табуы. Құқық нормаларын ізгіліктендірудің (гуманизациялаудың)  келелі мәселелері.
Әдебиеттер:
1. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б. 
3. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан  Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
5. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
 
№3 СЕМИНАР. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ -ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Сабақтың мақсаты:  Конституциялық құқық сабағынан алған білімді бекіту. ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы  талдау жасауға үйрену. Студенттерді  конституциялық құқықтарын білуге үйрету.
Жоспар:
1. Конституциялық құқық пәнінің жалпы сипаттамасы.
2. Конституциялық құқықтың қайнар көздері.
3. Конституциялық құқықтың жүйесі.
4. Конституциялық құқықтың құқық жүйесінде алатын орны.
 
Конституциялық  құқық – негізгі әмбебап құқық саласы ретінде. ҚР Конституциясының қабылдану негізі. Адам құқықтарын қорғайтын нормативті актілер. Конституциялық құқық институттары. Президенттік институт. ҚР Парламенті. ҚР Үкіметі. ҚР жергілікті басқару органдары. 
Адам  және азаматтың конституциялық құқықтары. Адам құқықтарының қорғалу механизмдері. 
Әдебиеттер:
1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.
2. Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: Оқу құралы. – Астана: Фолиант. 2001. – 176б.
3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
 
№4,5  СЕМИНАР.  МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
Сабақтың мақсаты:  Мемлекеттік билік жүйесіне талдау жасай отырып, студенттердің  мемлекеттік билік ұғымын, түрлерін  жете меңгеруіне жағдай жасау.
Жоспар:
1. Мемлекеттік билік анықтамасы.
2. Мемлекеттік биліктің түрлері.
3. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері.
Мемлекеттік билік - әлеуметтік  биліктің ерекше түрі, оның егемендік сипаттары. Мемлекеттік билік және саяси билік. Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың айрықша түрі. Биліктік қатынастардың мазмұны, объектілері мен субъектілері.  Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері.  «Зорлық»,  «күштеу»,  «басып - жаншу», «мәжбүрлеу», «көндіру», «сендіру», «басшылық ету», «басқару», «үстемдік ету», «бағындыру» санаттарының арақатынастары.
Мемлекеттің қызметтері:  ұғымы. Мемлекеттің қызметтерін саралау, оның негіздері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері. Қоғам өмірінің  экономикалық саяси, әлеуметтік, рухани салаларында мемлекеттің атқаратын қызметтері. Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары.
    Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттің мәні. Мемлдекеттің қызметтері және олардың салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің қызметтері және мемлекет пен қоғам дамуының тарихи өзіне ғана тән өзгешеліктері. Мемлекеттің іс - әрекеттерінің  шегі. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы. Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын орны. Мемлекеттің саяси және қоғамдық қозғалыстардың, партиялардың, діни ұйымдар басқа да саяси құрылымдардың өзара әректтесуі мен ықпалдасулары. 
Әдебиеттер:
1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.
2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
 
№6  СЕМИНАР.   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ
Сабақтың мақсаты:  Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әрекет ету  жағдайларына сипаттама бере отырып, студенттерге  құқық  қорғау органдарының түрлеріне байланысты құзіреттерін ажырата алуға үйрету.
Жоспар:
1. ҚР құқық қорғау органдары қызметтеріне жалпы сипаттама.
2. ҚР құқық қорғау органдарының  жіктелуі.
3. ҚР құқық қорғау органдарының құзіреттері.
 
Құқық  қорғау  органдарының  қоғамдық  қатынастарды  реттеудегі алатын орны.  Құқық қорғау органдарының  қызметтері. Құқық қорғау органдарының  әрекеттерін  реттейтін  нормативті  актілер. Құқық қорғау органдарының түрлері. ҚР Прокуратурасы. ҚР Сот органдары. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті. ҚР Ішкі істер органдары. ҚР Әділет министрлігі.ҚР Кеден органдары. ҚР салық органдары және т.б.
Әдебиеттер:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары» туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Президенттің Жарлығы.
2. «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы.
3. Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары. Оқу құралы: Астана. 2004. – 403 б.
4. Туманов В.А. Европейский суд по правам человека. Очерк организации и деятельности. – Москва: Издательства Норма, 2001. – 304с.
5. Тусупбеков Р.Т. Деятельность системы органов прокуратуры в Республики Казахстан: надзор за законностью и соблюдением прав человека и гражданина //Развитие механизмов защиты прав человека в Казахстане. – Астана: LEM,2004. – 51с.
 
№7  СЕМИНАР.   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Сабақтың мақсаты:  Сайлау жүйесі және сайлау құқығының ара қатынасын түсіндіру. ҚР сайлау жүйесіне талдау жасау, студенттерге жастардың саяси мәдениетін қалыптастыру туралы мағлұмат беру. Студенттердің сайлау құқықтарының іске асырылу  жолдарын  білуге үйрету.
Жоспар:
1. ҚР Сайлау жүйесіне жалпы сирпаттама.
2. ҚР сайлау құқығы ұғымы.
3. Сайлау құқықтарының жүзеге асырылу мәселелері.
4. Саяси мәдениет және жастар.
 
Сайлау жүйесі. Сайлау құқығы. Сайлаудың түрлері. Пропорционалды, можариторлы, баламалы, тең, еркін. Төте және көлбеу сайлау.  Референдум. Сайлау құқығының жүзеге асырылу жолдары. Сайлауға қатысу тәртібі. Орталық сайлау комитеті. Сайлау құқықтарының бұзылу себептері және оны болдырмаудың жолдары. Сайлауға қатысу қатынастарын реттеудегі нормативті актілер. Жастардың сайлауға қатысу белсенділігі.
Әдебиеттер:
1. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
3. Бикенов М.А. Демократизация политического процесса в Республики Казахстан. – Астана: Акад. Гос. службы, 2003. – 210 с.
4. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 106 б.
5. Даниленко Г.М. Международная защита прав человека: Вводный курс. Учебное пособие. Москва: Юрист, 2000. – с.256.
6. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2001. – 252 б. 
 
№8 СЕМИНАР.   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты:  ҚР еңбек құқығына талдау жасау, студенттердің еңбек заңдылықтары туралы мағлұматтарын бағалау.  Студенттердің  еңбек құқықтарын жүзеге асыра білуге үйрету.
Жоспар:
1. Еңбек құқығына жалпы сипаттама.
2. ҚР Еңбек заңдылықтары.
3. ҚР Еңбек құқықтық қатынастар: жалпы ұғымы.
4. Жеке еңбек шарты.
 
Еңбек қүұығының пәні. Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығының жүйесі. Еңбек құқықтық қатынастар: субъетілері, олардың құқықтары мен міндеттері. Жеке еңбек шарты: отыру тәртібі, шартқа өзгертілер енгізу, толықтыру, тоқтату. Ұжымдық шарт. Еңбек даулары. Еңбек дауларының реттелу тәртібі. Еңбек құқығының қорғалуы.
Әдебиеттер:
1. Жампеисов Д.Ә. «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздндыру құқығы». Семей, 2008 
2. Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Алматы, 2005 
3. Қағазов О. ҚР еңбек құқығы. Алматы, 2003
4. Уваров В.Н.  ҚР еңбек құқығы. Алматы, 2002 Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России. Москва, «Юрист», 2000
5. Скала В.И. Трудовые отношения в РК. Алматы, 2001
6. Смирнов О.В. Трудовое право. Москва, «Проспект», 1999
7. Сотов П.В. Сборник трудовых документов. М., 1997
 
№9,10 СЕМИНАР.   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты:  ҚР азаматтық құқығының  құқық саласындағы алатын орнын студенттерге түсіндіре отырып, азаматтық құқық аясының қаншалықты кең екендігі  туралы  студенттердің дәлелді жауаптарын алу.
Жоспар:
1. ҚР азаматтық құқығының пәні.
2. ҚР азаматтық құқығының реттеу әдістері мен жүйесі.
3. ҚР азаматтық құқығының қайнар көздері.
4. Азаматтық құқықтық қатынастар.
Азаматтық құқық пәні: оның реттеу аясы. Азаматтық құқықтың  реттеу әдістері: ерікті (диспозициялық) және  мәжбүрлеу (императивті). Азаматтық құқықтық нормалар, олардың алуан түрлілігі. ҚР Азаматтық Кодексі: ішкі сыртқы талдау. 
Азаматтық құқықтық қатынастар: пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы. Азаматтық құқықтағы заңи айғақтар. Азаматтық құқықтың субъектілері: жеке және заңды тұлғалар. Азаматтық құқықтың объектілері: мүлік, материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету үлгілері. Мемлекет - азаматтық құқықтың ерекше субъектісі ретінде. Жануарлар, өсімдіктер  әлемі – азаматтық құқықтың ерекше объектісі ретінде. Азаматтық құқықтағы құқықсубъектілік: құқық және әрекетқабілеттілік. Азаматтық құқықтың қорғалуы.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі:Жалпы бөлім. Ерекше бөлім.-3 басылымы.-Алматы: «Жеті жарығы», 2008.-558 беттер.
2. Сборник образцов гражданско – правовых документов:Коментарий /Под ред. Андреева С.Е.-М: «Кио Рус», 1997-416с.
3. Гражданское право.Учебник. В 2-х томах. Т.1 (Под ред. Е.А.Суханова.-М: Изд-во БЕК,432 с.)
4. Гражданское право ч.1: Практикум / Под ред. Н.Д. Егорова, А.П.Сергеева – 3-е изд., перераб. И доп. – М: Проспект,  2007 -  171ч. (ч.2, 158 с ).
5. Гражданское право Республики Казахстан: Учебное пособие (Часть общ.) – 2 – е изд., доп. И изм.- Алматы, 1999-468с.
6. Гражданское право / Под ред. Т.И. Иллариновой, Б.М.Гончало, В.А. Плетнева / М.- 1998г.
7. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері: Хрестоматия / Құрастырған Ғ.Сапарғалиев – Алматы: Атамұра, 1996-225бет.
8. Мемлекет және құқық негіздері / құрастырған Ғ.Сапарғалиев – Алматы: Жеті Жарғы, 2001.-623 б. – Оқулық.
9. Нәрікбаев М.С. ж.б. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Защита гражданских прав в суде /М.С.Нәрікбаев, Ю.А.Пономаренко, Б.Ж.Әбдірайымов.- Алматы:Борки, 1998.-184 б.
10. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы.1 том: Оқулық .-Жеті Жарғы,2001.-191 бет.
11. Ынтымаков С.А. Азаматтық құқық: Жалпы және Ерекше бөлім:Практикум.-Алматы:ҚазМЗА, 2000-191 б.
12. Аюпова З.К. Прававое и гражданское общество в Республике Казакстан:граж.взаймодействия и взаймовлияния //Саясат – 2001.- №10-11.-с. 81-84.
13. Девченко Г.,Тапайлова Ю.Гражданские права и способы их защиты //Фемида.-1997.- №8.-с.79-82.
14. Жұмағамбетов Т.Ежелгі Түрік Қоғамындағы азаматтық құқықтық қатынастар.//Заң.-2003, № 7, 50-53б
15. Ихсанов О., Ихсанов Е. Азаматтық құқық туралы нені білген жөн. // Қазақстан заңдары. – 1998. – И.- 27-32 б.
16. Өсеров Н. Азаматтық кодекс : Жаңа қарым – қатынастар // Қазақстан заңдары. – 1998 №1.-25-28б.
17. Рахимова Г. «Азаматтық құқықтық қатынастар» // Заң, 1999, №6, 67-70 б.
18. Сәрсенбаев Ә. Қазақстанның азаматтық заңнамаларындағы қызмет түсінігі. // Заң – 2003, №8, 68-69б,
 
 
№11  СЕМИНАР.   ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты:  ҚР  отбасы құқығының реттеу аясы  туралы студенттердің жауаптарын бағалай отырып, олардың отбасылық қатынастарға түсу тәртібін, отбасылық құқықтар мен міндеттерді меңгеру деңгейін анықтау.
Жоспар:
1. Отбасы құқығының пәні.
2. Отбасы құқықтық нормалар.
3. Отбасылық құқықтық қатынастар.
4. Отбасы құқығының жүйесі.
Отбасы құқығының  азаматтық құқық саласындағы алатын орны. Отбасы құқығының пәні: отбасылық құқықтық қатынастар. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы: ішкі және сыртқы талдау. Отбасы мүшелері: олардың құқықтары мен міндеттері. Отбасы құқығының институттары: неке, бала құқықтары, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, бала асырап алушылық, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат. Отбасылық құқықтың қорғалуы.
Әдебиеттер:
1. Неке және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 68б.
2. Бала құқықтары туралы Конвенция.
3. ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
5. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.
 
№12   СЕМИНАР.   ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты: Студенттердің әкімшілік құқық туралы білімдерін бағалау, әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы пікірлерін тыңдап, тұжырымдар жасауға үйрету. 
Жоспар:
1. Әкімшілік құқық пәні, әдістері, жүйесі.
2. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
3. Әкімшілік құқықбұзушылықтар: реттелу тәртібі.
 
Әкімшілік құқық пәні. Әкімшілік құқықтық қатынастар: субъектілері және объетісі. Әкімшілік басқару объектісі.  ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексі: ішкі және сыртқы талдау. Әкімшілік жазалар: түрлері. Әкімшілік құқықбұзушылыұтардың алдын алу шаралары.
Әдебиеттер:
1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.
2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.Қазақстан Республикасының Заңы.
3. «Әкімшілік процедулар туралы» 
4. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.
5. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.
6. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.
 
 
№13 СЕМИНАР.   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
 
Сабақтың мақсаты: Студенттердің қылмыстық құқық саласындағы білімдерін бағалау, олардың қылмыс құрамын анықтаудағы білімдерін бекіту. 
Жоспар:
1. ҚР Қылмыстық құқық пәні: жалпы ұғымы.
2. Қылмыс: ұғымы, құрамы.
3. Қылмыстық жауаптылық және жазалар.
Қылмыстық құқықтың ұғымы мен міндеттері. Қылмыстық құқық принциптері. ҚР Қылмыстық кодексі: жалпы сипаттама. Қылмыс: ұғымы, құрамы. Қылмыстың объектісі. Қылмыстың объективті жағы, оның белгілері. Қылмыстың субъектісі. Қылмыстың субъективті жағы. Кінә: қасақана, абайсыздық, қажетті қорғану. Қылмыстық жауапкершілік ұғымы. Жазалау жүйесі, жазалаудың мақсаты. 
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2006. – 141б.
2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б. 
3. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан  Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004.  – 248 б.
 
 
 
№14   СЕМИНАР.  ЭКОЛОГИЯ  ҚҰҚЫҒЫНЫҢ  НЕГІЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты: Студенттердің экологиялық құқық саласындағы білімдерін бағалау, олардың экологиялық құқықбұзушылықты анықтаудағы білімдерін бекіту. 
Жоспар:
1. Экологиялық құқық пәні: жалпы ұғымы, әдістері, принциптері.
2. Экологиялық  құқықтық қатынастар.
3. Экологиялық  мәдениет: ұғымы, қалыптасыуы, дамуы.
4. Экологиялық  жауапкершілік және жазалар.
Экологиялық құқықтың пәні, әдістері, принциптері. Экологиялық заңнамаларға жалпы сипаттама. Қоршаған  ортаны қорғау, табиғатты пайдаланудың негізгі принциптері. Экологиялық қатынастар: ұғымы, субъектілері. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншлік, табиғатты аялау, сақтау. Экологиялық құқықбұзушылықтар, қылмыстар, оларға тағайындалатын жазалар.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан  Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2007.  
2. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы.
3. ҚР Жер Кодексі.
4. ҚР Су Кодексі.
5. ҚР Орман Кодексі.
6. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. – Алматы, Интерлигал. 2004.
 
№15    СЕМИНАР.   ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты: Студенттердің халықаралық құқық саласындағы білімдерін бағалау, олардың ҚР халықаралық жүйедегі алатын орны туралы білімдерін бекіту. 
Жоспар:
1. Халықаралық құқық пәні:жалпы сипаттама.
2. Халықаралық құқық принциптері.
3. ҚР халықаралық жүйедегі алатын орны.
Халықаралық құқық пәні: ұғымы, әдістері, принциптері. Халықаралық құқық жүйесі. Халықаралық құқықтық нормалар. Халықаралық келісімдер: жасалу тәртібі, орныдалуының құқықтық жағдайлары. Халықаралық ұйымдар. БҰҰ: құқықтық жағдайы. ҚР халықаралық жүйедегі алатын орны. ҚР - БҰҰ мүшесі.  ҚР сыртқы саясаты.
 
 
Әдебиеттер:
1. Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күресі туралы конвенция: Қазақстан  Республикасының  Президентінің 2004ж. 12 қазан № 1460 жарлығымен бекітілген.// ПҮАЖ.- 2004. - № 40. - 3-13б.
2. О соблюдении прав гражданина в РК в  2003 году: Доклад Комиссиии по правам человека при президенте  Республики Казахстан  / Юридическая газета. – 2004.-16 апр. 
3. Положение о Комиссиии по правам человека при президенте  Республики Казахстан: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2003г., № 1040 // Казахстанская правда. – 2003. – 21 марта.
4. Положение об Уполномоченном по правам человека: Утвержден Указом Президента Республики Казахстан от 19 сентября 2002г. № 947 // СААП РК. – 2002. - №30№ - с.59-65.
 


Ұқсас жұмыстар

Халықаралық жария құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындауына арналған әдістемелік нұсқау
Семинар сабақтарын өткізу ерекшеліктері
Психологиялық қызметтің дамуы
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Семинар сабақтарын өткізу формалары
Семинар сабақтарының дәстүрлі ұйымдастырылуының формалары
Тіл білімі туралы жалпы түсінік