Дәріс№7

7-тақырып.   Фирманың шығындары мен табыстары.

Дәрістің мақсаты: Экономиканың «алтын» ережесі минимум шығын шығарып, максимум табыс табу болса, фирманың экономикалық тиімділігін анықтау, оның шығындары мен табыстарын дұрыс есептеуді үйрету.

1. Балама шығындар. Айқын және айқын емес шығындар.

2. Тұрақты және өзгермелі шығындар.

3. Жалпы, орташа және шекті шығындар.

4. Фирма табысы. Пайданың түсінігі мен түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.

Фирманың шаруашылық кызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.

Қалдық шығындар — өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен  болатын тұрақты шығындардың бөлігі.

Стартгық шығыңдар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.

Фирманың өндіріс пен өнім өткізуінің өзгеруіне байланысты өзгермелі шығындар құрылымында пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті шығындар пайда болады.

Пропорционалды өзгермелі шығындар — өндіріс пен өнім өткізу пропорциясына қатысты өзгеретін шығындар.

Прогрессивті шығындар — ондіріс пен өнім өткізуге қарағанда көп деңгейде өзгеретін өзгермелі шығындар.

Дегрессивгі шығындар - өндіріс пен өнім өткізілуіне қарағанда салыстырмалы түрде аз пропорцияда өзгеретін өзгермелі шығындар.

Дәстүрлі үлгі мына әдістерге сүйенеді:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          - статистикалық әдіс, өндіріс пен өткізудің бұрынғы көлемдері кезінде алынған максималды пайданың статистикалық ақпараттарына негізделеді;

- экспериментті әдіс, өнім көлемінің өндірісі мен өткізілуіне және де осыдан түскен максималды пайдаға негізделеді;

- эксперттік баға әдісі, өндіріс пен өткізу  көлемдерінің және шығындар көлемінің экспорттық баға негізінде максималдіы пайда алу мүмкіндіктерін талдауға сүйенеді.

Шекті табыс –фирманың қосымша  өндірілген өнімнің әр бірлігінен алынған қосымша табыс. 

Шекті шығындар -әрбір қосымша өнімнің бірлігін өндірумен байланысты қосымша шығындар. Тауарды өндіргенде өндіріс факторларын сатып алуға жұмсалған шығындарды есептеу үшін бухгалтерлік және экономикалық шығындарды есептейді.

Шығын шамасының өнім көлемінің тәуелділігіне байланысты тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

Өнімнің бір-бірлігін өндіруге кеткен шығындарды есептеу үшін орташа шығындарды қолданамыз.

Табыстың бухгалтерлік және экономикалық түрлері бар. Өнімді сатумен байланысты түсетін табыстарды: жалпы, орташа, шекті деп бөлеміз.

Пайда дегеніміз- шекті табыс пен шекті шығындар арасындағы айырманы айтамыз.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Фирманың шығын шамасының өнім көлемінің тәуелділігіне байланысты қандай шығындарды білесіз, формуласын жазыңыз.

2. Айқын және айқын емес шығындарға не жатады?

3. Жалпы, орташа, шекті шығындарды қандай жағдайда қолданады?

4. Пайда дегеніміз не?

5. Шекті табысты қалай есептейміз?

Қолданылатын әдебиеттер :

1.                  Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат,1998

2.                  Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998

3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С. Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:. Ғылым,1999ж.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе, 2002ж.


Ұқсас жұмыстар

МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Ньютон формуласы
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Стерилденген сүттің технологиясы