Дәріс№9

9-тақырып. Ұлттық экономика: маңызы және нәтижесін өлшеу.

Дәрістің мақсаты: Макроэкономиканың  микроэкономикадан айырмашылығын анықтау, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді ҰЕЖ және ХШБ арқылы есептеуді көрсету.

  1. Макроэкономика түсінігі . Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаты.
  2. Ұлттық есеп жұйесінің түсінігі.
  3. ЖІӨ және ЖҰӨ, жалпы смпаты мен айырмашылығы, ұлттық табыс, жеке табыс және қолда бар табыс.

Макроэкономика ұлттық экономиканы тұтастай қарастырады. Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды ( инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) зеттейді. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары: өндіріс, жұмыспен қамту, бағаның тұрақтылығы, халықаралық сауда Макроэкономикалық саясаттың құралдары: фисқалдық саясат, табыстар және шығыстар саясаты, монетарлық саясат, сыртқы экономикалық саясат.

Макроэкономикалық теорияның негізін қалаған Джонс Мейнард Кейнс (1883-1946ж).1929-1933 жылдар аралығында болған «ұлы депрессияға» байланысты мемлекеттің экономикалық процестерге араласуы қажеттілігін дәлелдеген.

Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамыту бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды-заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды-заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді: құрал-жабдықтар өндірісі (I-ші бөлімше) және тұтыну заттарының өндірісі (II-ші бөлімше).

            ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал-жабдығы құнына бөлінеді.

            Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚӨ) құн формуласы:

W = c + v + m

мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.

                   С - өндіріс құрал-жабдығы өндірісдегі тұтынылған құн.

                   V – қажетті өнім.

       M – қосымша өнім.

            Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш-түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп-шотын жүзеге асырмайды.

            Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп-шотын болдырмайды.

            Қоғамның экономикалық дамуының ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:

ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар

Ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.

ҰТ = ЖҚӨ - МШ

мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс,

                  ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім,

                   МШ- материалдық шығындар.

            Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт стадиядан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыныс пен қорлану).

            Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры;

б) қорлану қоры.

            Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында (әдетте бір жылда) ел ішінде өндірілген түпкілікті игіліктердің нарықтық құны. 

            Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім. Ол түпкілікті  тауар мен қызмет көрсетудің жиынтық нарықтық құнынан тұрады.

            Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады.

            Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады:

  1. шығын немесе өндіріс бойынша;
  2. табыс немесе түсім бойынша.

ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:

GNP = C + I + G + XN

мұндағы GNP – жалпы ұлттық өнім

С – тұтыну шығындары,

G – тауар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуы.

I – жалпы инвестициялар,

ХN –таза экспорт.

ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:

GNP = W + R + i + P

мұндағы: GNP – жалпы ұлттық өнім,

   W – жалдамалы жұмысшының жалақысы,

   Р – фирма мен корпорацияның пайдасы,

   R – ренталық төлемдер,

  i – қарыз капиталына пайыз (%).

            ЖҰӨ-ді номиналды және нақты деп ажыратады. Номиналды ЖҰӨ ағымдағы бағамен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ көрсеткіші базалық бағамен өлшенеді.

Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін – баға индексі дейміз.

            Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады:

ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизация

            Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі жеке табыс және  қолда бар жеке  табыс. Жеке табыс- тұтынуға, ақша жинауға, салықтарды төлеуге арналған. ЖТ= табыстар соммасы + трансферттік төлемдер. Салықты төлегенен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетін көрсеткіш – қолда бар жеке табыс.ҚБЖТ= ЖТ-  өзіндік салықтар.

            Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Ұлттық байлық құрамына мыналар кіреді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айнымалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

            Ұлттық байлық өзінің қолдануы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс құрал-жабдығына

ә) тұтыну заттарына.

            Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және ресурстар. Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген байлықтарды қамтиды. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұражай эспонанттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады. Өндірістік қорлар  құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді. Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады. Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары да енеді. Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 1/5 бөлігін құрайды.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді атаңыз?
  2. Жалпы ұлттық өнім мен  жалпы ішкі өнімнің айырмашылығы?
  3. Жалпы ұлттық өнімді есептеудің қандай  әдістері бар?

Қолданылатын әдебиеттер :

  1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат,1998
  2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1999 ж

      3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.

      4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002ж.


Ұқсас жұмыстар

МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Диплом алдындағы тәжірибе нәтижелерінің есебі
Электротехниканың теориялық негіздері
Сызықтық дифференциалдық теңдеулер
Оқыту тәжірибесінің мақсаты